Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

09 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қатысқандар: 5 «а», 6 «а» сынып оқушылары

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
«Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтанда оны оқу керек»
Ломоносов М.

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білу.

Жоспар
1. Ұйымдастыру
2. Психологиялық дайындық
3. Әділқазылар алқасымен таныстыру
3. Сайыстың жүру барысы
4. Қорытынды
Көрнекіліктер: плакаттар, есептер, слайдтар, карточкалар т. б
Түрі: сайыс сабақ

Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
5 - 6 - сыныптар арасындағы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Сайыс 9 кезеңнен тұрады.
1. Кім жылдам
2. Криптограмма
3. Логика әлемі
4. Арифметикалық жұмбақтар
5. Анаграммалар
6. Математикалық викторина
7. Әзіл жұмбақтар
8. Ойымды жалғастыр
9. Фигуралардың сырлары

“Кім жылдам?”
1. 1 - ге көбейтілген сан...
2. Төрт қабырғасы және төрт бұрышы тең фигура.
3. Квадраттың периметрінің формуласы.
4. Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі.
5. Ең кіші жай сан.
6. Киелі сан.
7. ЕҮОБ сөзін толық айт.
8. 7 - ні 6 - ға көбейт.
9. Кесіндіні өлшейтін құрал.
10. 6 нөлі бар ондық сан.

1. Қосудың нәтижесі.
2. Нөлге көбейтілген сан...
3. Квадраттың ауданының формуласы.
4. 9 нөлі бар ондық сан.
5. Ең кіші натурал сан.
6. ЕКОЕ сөзін толық айт.
7. 7 - ні 8 - ге көбейт.
8. Екі бөлгіші бар сан қалай аталады?
9. Жай да, құрама да сан емес.
10. Түзулер екі нүктемен шектелген бөлігін не деп атайды?

II “Криптограмма”
Н Ш Е Е Ң Д
Ү К Ң Т Ө Е
Р Т Б Е Р У
А Е Ұ Ш Т Б
Д И Р Ы М Е
С У А Л О С
А Н Т У Д А

Нүкте
Шеңбер
Радиус
Төрт
Тең
Бұрыш
Алу
Алым
Сан
Теңдеу
Бес

III. “Логика әлемі”
I топ
Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір – бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?
2. Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?
3. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
5. 30 санын үш 6 - ны пайдаланып шығар? Таңбасын қой.

II топ
1. Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
2. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ?
3. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
4. Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?
5. Су астында қандай тас жоқ?

IV. “Арифметикалық жұмбақтар”
Бір - бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (6)

Түйе, бота маң басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)

V. Анаграммалар
Ш Ұ Б Р Ш Ү Ы
Е Ң Ш Б Р Е
Т Р Ұ Б Ы Ш Р Ө Т
Р В А Д К А Т

VI. Математикалық викторина
Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?
Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 - ға тең? Сол сандарды ата

VII. Әзіл сұрақтар

VIII. Ойымды жалғастыр
1. ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ -
2. ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ -
3. ЕКІ ЖАҚСЫ ҚАС БОЛМАС -
4. ЖҮЗ СОМЫҢ БОЛҒАНША -
5. ДОСЫҢДЫ ҮШ КҮН СЫНАМА -
6. БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН -
7. БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР -
8. БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ -

IХ. «Фигуралар сыры»
Мына үшбұрышта қанша үшбұрыш бар?
Мына шаршының ішінде неше шаршы бар?

Петровка орта мектебі
Өткізген: Толағайқызы Айнұр
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда жүктеу
2 752
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×