Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбейтудің ауыстырымдылық заңы

09 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық заңы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
- көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Бағалау критерийі:  Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін білетін болады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, және әртүрлі заттар, кері байланыс.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы білім:  Заттарды топтап санауды біледі;
 Заттар тобын бірнеше тең бөліктерге бөле алады;
 Ауыстырымдылық заңын біледі.

Басталуы
Сәлемдесу.
Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын байқау.
Сұрақ - жауап:
- Сандардың неше түрі бар?
- Тақ сандарды ата.
- Жұп сандарды ата.
- Көбейтудің компоненттерін ата.
- Бөлудің компоненттерін ата.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Бір - бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Жаңа білім
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
№1. Суреттерге қара. Балалар алаңында неше текше бар? Өрмелеу қабырғасына неше шаршы сызылған?
№2. Ойлан!
А) Кестеде неше баған және неше жол бар? Барлығы неше ұяшық бар?
3*5=15 ұяшық
5*3=15 ұяшық

Ә) Қорапқа текшелер салынды. Неше қатар болды? Неше баған? Барлығы неше текше болды?
5*4=4*5

Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
№3. Үлгі бойынша орында.
20*2=20+20=40
6*3=6+6+6=18
2*20=40
3*6=18

Ортасы
Қолдану
Дәптермен, тақтамен жұмыс.
№4. Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр.
І - ші шаңғышы - 27 м
ІІ - ші шаңғышы - 19 м?
ІІІ - ші шаңғышы -? м, 3 м артық
Шешуі: (27+3)+(19+27)=76
Жауабы: барлығы 76 метр
Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
Көбейтудің ауыстырымдылық заңы жүктеу
5 235
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Көбейтудің қасиеттерін есепті шығару барысында қолдану жолдарын пысықтау.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау. Қосу мен көбейтудің қасиеттерін əріпті теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c); ab=ba көрсету жəне қолдану.
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды сұрап жауаптарын толықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×