Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

10 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақ тақырыбы: С. Сарғасқаев. «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Жалпы мақсат: С. Сарғасқаевтың кім екенін, «Тәмпіш қара» әңгімесінің желісін білу.
Шығарманың мазмұнын түсіну.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
3. 6 - сыныпқа арналған оқулығы
4. Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті өз бойында қолдану.
Шығарманы негізгі бөліктерге жіктей білу, басқа шығармамен салыстыра білу. Оқушылардың бойындағы бүкіл қасиеттерін жинақтауды үйрену.
Шығарма желісінің маңыздылығын бағалау.
Сабақта қолданылатын материалдар: Жұмыс дәптері, С. Сарғасқаев шығармашылығы, интернет материалдары, ақын портреті, 6 - сыныпқа арналған әдебиеттен дидактикалық материалдары
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пай - далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар назарына «Әсем гүлдер» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

ІІІ. Жаңа тақырып С. Сарғасқаев туралы не білеміз?
Түрткі сұрақтар:
Ол қандай адам болған?
Шығарма кімдер жайында?
Шығармада қай кезең суреттеледі?
Топтық жұмыс
І топ - Бөлімдері:
• «Танысу»
• «Тілеп алған азап»
• «Әзілі ме шыны ма?»
• «Өкініш»
• «Теке қарт»
• «Не болды бізге?»
• «Бұдан кейінгі күндерде …»
• «Ойламаған жерден»
• «Үш күн қалғанда»

ІІ топ - Повестегі басты - басты оқиғалар:
• Шаншатайдың ауылға келуі.
• Балаларды егін басына ертіп баруы.
• Егін басындағы балалардың өнері.
• Балалардың «Октябрь балалары» газетімен танысуы.
• Баллардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.
• Шаншатайдың «доп қуу» ойынын ұйымдастыруы.
• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.
• Балалардың Теке қартпен кездесуі.
• Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.
• Ауылға радио келуі.
• Иманбектің кешірім сұрауы.
• Ауыл баларының мәдениеттілігі.
• Ауылға газет келуі.

ІІІ топ - Эпикалық жанр түрі - повесть.
Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:
Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..
Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі, екеуінің айырылмастай дос болуы.
Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын - сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.
Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.
Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.

Мұғалім: А. Сагидуллина
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді жүктеу
6 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің үзіндісін оқыту арқылы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі, пионерлерге тән асыл қасиеттер туралы таным – түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру; шығарманың тақырыбы мен
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз әңгімелері
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан - жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы турасында қысқаша түсінік беру, повестен үзіндіні оқып, жоспар құруға дағдыландыру, жоспар бойынша түсінік айту, өз сөздерімен жеткізе білу мүмкіндіктерін арттыру;
C. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
C. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №165 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×