Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шегіртке мен құмырсқа

29 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқи отырып, негізгі идеясын түсіну. Сын тұрғысынан ойлана кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға беру. тірек сөздердің мағынасын ашу. Жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға беру; Топтық жұмысқа қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер: «Шаттық шеңбер», «Серпілген сұрақтар» (доппен), «Түртіп ал», Венн диаграммасы
Модульдерді кіріктіру: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Оқыту мен оқудағы көшбасшылық.
Оқыту нәтижесі: – Мысалды оқи отырып, негізгі идеясын ашады; кейіпкерлердің іс - әрекетіне мінездеме береді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. Жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға береді, адам өміріндегі іс - әрекетпен байланыстырып тұжырымдайды.
Түйінді идея: Мысал кейіпкерлеріне қарап қорытынды жасау

Оқушыларды топқа бөліп, топбасшы сайлатамын.
Оқушыларды ынтымақтастық қарым - қатынасқа түсіру.
Бағалау туралы түсіндіріп жіберу. 5 күлтешесі бар гүл салғызу және әр кезеңінде бағалатып отыру

Білу.
Өткен тақырыпты тексеру.
«Серпілген сұрақтар» (доппен)
Допты әр оқушыға кезек лақтырады. Өткен тақырып қандай және оның авторы. Не туралы айтылады? Қай жер суреттеледі? Күзгі ауа - райы қандай екен? Табиғат қандай өзгеріске енеді? Борсықтың тіршілігі. Тиінді сипатта. Қоян туралы айт.

Түсіну. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
1. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (құмырсқа)
2. Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті. (шегіртке)…
- Кейіпкерлері жан - жануарлар болатын шығарманың түрін қалай атаймыз?
Мысал.
Мысал дегеніміз - адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
- Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.
Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білеміз бе?
Қане кім айтады Абай кім болған? Ақын, кемеңгер, данышпан, сазгер

Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда. мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген – мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші шілдеде 59 жасында қайтыс болған.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.
Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.
Иван Андреевич Крылов – белгілі орыс жазушысы, мысалшы, журналист, академик. И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде офицердің отбасында дүниеге келген.
Шегіртке мен құмырсқа жүктеу
1 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×