Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет?

17 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: сауат ашу
1 - сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Мәтінді мазмұндай білуге үйрету.
2. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдісі: түсініп оқу, сұрақ - жауап, сөздік жұмыс, талдау
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек сызба, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
1. Бағдарлау - мотивациялық кезең
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға сөзжұмбақ шешуді ұсынамын. Сөзжұмбақ шешу арқылы «Сөйлеу» әлеміне саяхатқа шығатынымды хабарлаймын.
1) Жылт - жылт еткен, жылғалардан өткен. (Су)
2) Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой)
4) «П»- дан егер бастасаң, Зоопаркте тұра алам.
«Т»- дан егер бастасаң, Ойыңды сыртқа шығарам. (Піл - тіл)
5) Шыр - шыр етеді, Ұстасаң, сөйлеп кетеді. (Телефон)
6) Аулада бар, елде жоқ.
Дауылда бар, желде жоқ. (У әрпі)
Сөйлеу әлеміне жету үшін оқушылар берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларға сөзжұмбақтан адамдар бір - бірімен қарым - қатынас жасауда қолданатын нәрсенің атауын тауып, сол сөзге сөйлем құрауды тапсырыламын.
Сөйлеу не үшін қажет? Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу туралы оқушылардың ойын жинақтап, сызбаға түсіреді.(Оқушылар «Сөйлеу» әлеміне жетті.)
II. Операционалдық - орындаушылық кезең
1 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің оқуы.
ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.
б) Мәтіннің мазмұны талданады.
1. Мәтінде кім жайлы айтылған?
2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
3. Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
4. Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?
Сөздік жұмысы:
Лезде - тез арада, жылдам.
2 - жаттығу орындалады.
Оқушылар сюжетті суретке қарап, әңгіме құрастырады.
Өздік диктанты.
Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу тапсырылады.
Арман мен Досжан (телефон) сөйлесті.
Әжесі немересіне (арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.

III Рефлексиялық - бағалау кезеңі
- Ертеде бір Каңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін қызықтап жүріп, бір кішкене планетаға кезігеді. Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды) қалай біледі?
Балалар планетаның атын онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.
- Ол Меркурий планетасы екен. Меркурий планетасы Қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.
Қорытынды. Мұғалім оқушыларға бекіту сұрақтарын қояды. Бағалау.

Пәні: сауат ашу
2 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу не үшін қажет?

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы алған түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Түсініп оқи білуге үйрету.
Оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, сөздік қорын дамыту.
Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: талдау, түсініп оқу, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: туған жердің суреті салынған плакат, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезеңі:
Қызығушылықты ояту.
I. Бағдарлау - мотивациялық кезеңі:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға ертегі кейіпкерлері Мақта қыз бен мысық келіпті. Бірақ екеуі әлі күнге дейін өзара дауларын шеше алар емес, қане, біз көмектесейікші. Ол үшін үш төртбұрышта жасырын жазылған жұмбақты шешейік:
Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
Үзсем, үзілмейді, Терсем, тізілмейді. (Із)
Тастан - тасқа секіреді, Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі, Аула оның тұрағы. (Лақ.)
- Қане, балалар, жұмбақтың шешуінің бастапқы әріптерінен қандай сөз шықты, хормен дауыстап айтып керейікші. Тіл деген сөз шықты.
- Олай болса, балалар, жұмбақты шешіп, Мақта қыз бен мысыққа үлкен көмегіміз тиді.
II. Операционалдық - орындаушылық кезеңі:
Оқулықпен жұмыс.
5 - жаттығу: Кіріспе әңгіме
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Оқушылардың оқуы.
Өлең мазмұнына қатысты сұрақтар:
- Өлең не туралы?
- Мемлекетіміздің ұлттық тілі қай тіл?
- Өз ана тілің туралы не білесің?
- «Туған тілде сыры терең жаным бар», - деп неліктен айтады?
6 - жаттығу:
Оқушыларды 4 топқа бөледі. Әр топтың оқушылары өзіне бөлінген суреттегі адамның көңіл күйін анықтайды және адамға сөйлеудің тигізетін әсері туралы әңгімелеп береді.
Сергіту сәті: Тоқ, тоқ, тоқылдақ,
Шаршамайсың тоқылдап.
Емшісі боп орманның,
Еңбектендің тоқылдап.
7 - жаттығуды ойын түрінде өткізуге болады (мысалы, «Кітапханада»).
8 - жаттығу (жазбаша).
III. Рефлексиялық - бағалау кезеңі:
Тест - жазба нұсқа.(Өзін - өзі бағалау)
1. Тілге байланысты мақалдың астын сыз. 2. «Туған тілім» қандай мағынаны беріп түр?
а) Мектеп – кеме Білім - теңіз. а) Елім, жерім
ә) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. ә) Сөйлеу мүшесі
б) Кітап - алтын қазына б) Ана тілі
3. Сөйлеу үшін қажетті мүше.
а) Тіл; ә) Қол; б) Кітап
Қорытынды. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Үйге тапсырма: 6 бет, өлеңді мәнерлеп түсініп оқу
Бағалау

Пәні: сауат ашу
3 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Туған тілім. Сөйлеу не үшін қажет?

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы алған түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Өлеңді мәнерлеп оқи білуге үйрету.
Оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, сөздік қорын дамыту.
Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жұмбақ шешу, талдау, түсініп оқу, әңгімелеу, өзіндік бағалау, тест
Сабақтың көрнекілігі: туған жердің суреті салынған плакат, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезеңі:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға ертегі кейіпкерлері Мақта қыз бен мысық келіпті. Бірақ екеуі әлі күнге дейін өзара дауларын шеше алар емес, қане, біз көмектесейікші. Ол үшін үш төртбұрышта жасырын жазылған жұмбақты шешейік:
Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
Үзсем, үзілмейді, Терсем, тізілмейді. (Із)
Тастан - тасқа секіреді, Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі, Аула оның тұрағы. (Лақ.)
- Қане, балалар, жұмбақтың шешуінің бастапқы әріптерінен қандай сөз шықты, хормен дауыстап айтып керейікші. Тіл деген сөз шықты.
- Олай болса, балалар, жұмбақты шешіп, Мақта қыз бен мысыққа үлкен көмегіміз тиді.
II. Операционалдық - орындаушылық кезеңі:
Оқулықпен жұмыс.
5 - жаттығу: Кіріспе әңгіме
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Оқушылардың оқуы.
Өлең мазмұнына қатысты сұрақтар:
- Өлең не туралы?
- Мемлекетіміздің ұлттық тілі қай тіл?
- Өз ана тілің туралы не білесің?
- «Туған тілде сыры терең жаным бар», - деп неліктен айтады?
6 - жаттығу:
Оқушыларды 4 топқа бөледі. Әр топтың оқушылары өзіне бөлінген суреттегі адамның көңіл күйін анықтайды және адамға сөйлеудің тигізетін әсері туралы әңгімелеп береді.
Сергіту сәті: Тоқ, тоқ, тоқылдақ,
Шаршамайсың тоқылдап.
Емшісі боп орманның,
Еңбектендің тоқылдап.
7 - жаттығуды ойын түрінде өткізуге болады (мысалы, «Кітапханада»).
8 - жаттығу (жазбаша).
III. Рефлексиялық - бағалау кезеңі:
Тест - жазба нұсқа.(Өзін - өзі бағалау)
1. Тілге байланысты мақалдың астын сыз. 2. «Туған тілім» қандай мағынаны беріп түр?
а) Мектеп – кеме Білім - теңіз. а) Елім, жерім
ә) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. ә) Сөйлеу мүшесі
б) Кітап - алтын қазына б) Ана тілі

3. Сөйлеу үшін қажетті мүше.
а) Тіл; ә) Қол; б) Кітап
Қорытынды. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Үйге тапсырма: 6 бет, өлеңді мәнерлеп түсініп оқу
Бағалау
Сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет? жүктеу
Дыбыстар мен әріптер
Дауысты және дауыссыз дыбыс. Сөздік диктант жүктеу
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. жүктеу
Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары. жүктеу
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер жүктеу
1 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анаграммалар
Анаграммалар
Анаграммалар жинағы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Әдептілікке үйренейік! Сөз.
Әдептілікке үйренейік! Сөз.
Сабақ мақсаттары: 1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту. 2. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не үшін қажет?
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу не үшін қажет?
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Наубетов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×