Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім күні – мереке

12 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)
Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!
Хор: «Жас дәуірдің түлегі». (Сөзі: Е. Өтетілеуов, әні: И. Нүсіпбаев).
Тәрбиеші:
Жаңа киім үстінде,
Мақтанғаным да келеді.
Білім тойы үстінде
Шаттанғым да келеді, - деп біздің «Қонжық» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.
Олжас:
Ән салайық, келіңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Білім күнін тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Би: «Аққу»
Анель:
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - білім жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Нұралы:
Кітап - білім кеніші,
Білім - елдің өрісі.
Татар дәмді тәтті етер
Ащы еңбектің жемісі.
Аружан:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Ән: «Достық»

Тәрбиші:
Шалдықпадым, талмадым,
Арманды алға жалғадым.
Конститутция - Қорғаным.
Атасы ол бар Заңның,- деп сіздерді 30 - тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, Балалардың өнерін тамашалауға шақырамыз.
Карина:
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Ту қылып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Дильназ:
Сүйемін туған тілді ана тілім,
Бесікте жатқанында - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутым сол,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Тәрбиеші:
Мереке ел мерейлі,
Мерейлі күн көбейді.
Шаңыраққа құт болып,
Керегеміз кеңейді.
Ән: Күз мерекесі»
Сабина:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Келіңдер күз тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Асем:
Алтын, сары, қызыл, көк.
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады атырап.
Ойын: «Жапырақтарды кім тез жинайды.»
Жүргізуші:
Ал бірінші қыркүйек,
Күнсің ғой сен ең тәуір.
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.
Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп, мерекелік шағын ойын - сауығымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.

Тәрбиеші: Даулекенова Г. У.
Білім күні – мереке. жүктеу
1 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
1 қыркүйек күнімен! Алғашқы қоңырау
1 қыркүйек күнімен! Алғашқы қоңырау
1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Мерекеге арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Ата Заң күні мерекесін атап өту. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)
Ата Заңым ардағым
Ата Заңым ардағым
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×