Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Статистикалық сипаттамалар (ертегі сабақ)

18 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
6 класс. Математика
Тақырыбы: Статистикалық сипаттамалар тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Статистикалық сипаттамалардың төрт түріне байланысты есептер шығарту, яғни сабақты бекіту. (Әр түрлі тапсырмалар арқылы)
Сабақ көрнекілігі: Карточкілер, тест тапсырмалары жазылған. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерінің артына әр түрлі тапсырмалар жазылған. Интерактивті тақта.
Сабақ түрі: ертегі сабақ.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру: №358 (3; 4)

Ертегі сабақ: «Ең бақытты адам»
Ауызша сұрақтар сұрау:
1. Статистикалық сипаттама не үшін қажет?
2. Статистикалық сипаттаманың неше түрін білесің?
3. Абсалют жиілік не үшін қажет?
4. Абсалют жиілік дегеніміз не, ережесін айт?
5. Өзгеріс ауқымы деген не?
6. Медиана дегеніміз не?

Бір жігіт арып-ашып келе жатып, жолдан бір қараша үйді көреді. Ол үйге сәлем беріп кіріп келсе, төрде бір қария кісі отырады, одан су сұрап ішкісі келсе, қария су ішу үшін мына тапсырмаларды береді: № 344 есеп (А тобынан)
«5»- 8, «4»- 14, «3»- 10
Модасы «4», өзгеріс ауқымы 14 - 8 = 6
Жігіт бір жұтым су ішіп болған соң, «неге ауылда ешкім жоқ»- дейді?
- Барлық жұрт көшіп кетті, менің денсаулығым жоқ, оның үстіне байлығыма байланысты көше алмай отырмын. Байлығымның жартысына денсаулығыңның бір бөлігін алмастыршы - дейді. Жігіт ойланып жауап бергенше, сіздер мына есепті дұрыс шешсеңдер, жігіттің жауабы да дайын.

№ 346 (1) (бір оқушы тақтаға шығарады)
Балықтың массалары: 1, 2 кг; 3, 24 кг; 1, 9 кг; 2, 16; 2 кг.
т/к: бір балықтың орташа массасы -?
Шешуі: = 26 (кг)
Өзгеріс ауқымы: 3, 24 – 1, 2 = 2, 04 (кг)

- Ақсақал, денсаулығымды сата алмаймын.
Соншама байлықтың керегі де жоқ, - дейді.
Жүріп-жүріп келе жатса, құдық кездеседі, қасында қария тұрады, «қауғаны тарт та іше бер, қанша ішкің келсе де»,- дейді. Ішейін деп қараса, құдық түбінде жұдырықтай алтын жатыр. Сол алтынды жігіт алу үшін мына есепті тез шығара қойыңдаршы, қанеки:
№345 (ауызша) 37 - ертегі кітап, 120- оқулық, 16- техникалық кітап, 24- сурет дәптер, 9- географиялық атлас сатты. Тұтынушылар үшін қандай зат мода болды?
Шешуі: «оқулық».
Жігіт алтынды алып, шөлін қандырып, қарияны қуып жетіп, қарияға берсе, қария алмай қайтарып береді. Өзі алуға ұялып, біреу жоғалтқан шығар деп, орнына қояды. Жүріп келе жатса, алдынан ақ отау шығады. Толған тамақ. Ішінде бір кісі отырады: «Тойғаныңша іш, керегінше алып кет»- дейді.
- Қарным ашқаны рас, бірақ босқа ішпейін, маған тапсырма беріңіз, - дейді.

№353 есеп
І га – 34, 15 ц
ІІ га – 36 ц
ІІІ га – 35, 3 ц
ІҮ га – 37, 1 ц
Ү га – 34, 55 ц
ҮІ га – 37, 1 ц өнім алды.
Орташа өнім -? ц
Модасы -? ц
Медианасы -? ц
Шешуі:
1) - арифметикалық орта
2) модасы: 37, 1
3) Медианасы: (35, 3 + 36) = 35, 65

Жігіт қанағат қылып, тамақтан ауыз тиіп, бір құты су ала кетеді. Жүре-жүре шаршап шалдығып, ұйықтап кетеді. Түсінде «Ару» қызды көреді. Ол айтады: «- Енді менің саған керегім жоқ» - деп жоқ болып кетеді. Оның не айтқысы келгенін білу үшін (шошып оянады), кітаптан № 356 есепті шығарайық.
Айдар – 14 ұпай; Серік – 17 ұпай; Жандос – 21 ұпай; Маден – 8 ұпай; Асхат – 0 ұпай.
Орташа ұпай -?
Өзгеріс ауқымы -?
Медианасы -?
Модасы -?
Шешуі:
1) (14 + 17 + 21 + 8 + 0): 5 = 12 (ұпай)
2) Ұпайлардың өзгеріс ауқымы: 21 – 0 = 21
3) Медиана: 14 0; 8; 14; 17; 21.
4) Модасы: жоқ.

– Балалар, біздер білімдерімізді тексеру арқылы жігітке көмектестік:
І. Бала ең алғаш денсаулықпен кездеседі;
ІІ. Адалдықпен кездеседі;
ІІІ. Қанағат етті.
Ендеше балалар, егер адам бойында денсаулық, адалдық, қанағат бар болса, онда ол онсыз да осы үшеуімен бақытты. Сондықтан бақыт деген қыздың менің саған керегім жоқ деген себебі сол екен.
Сабақты мына деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.
Деңгейлік тапсырма:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
8 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Статистикалық топтастыру
Статистикалық топтастыру
Студенттердің статистикалық пәніне деген қызығушылығын арттыру және толықтай мағлұмат беру.
Қайталау есептері
Қайталау есептері
Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды, берілген қатардың өзгеріс ауқымын, модасын табуды үйрете отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету.
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шамалар түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы туралы түсінік қалыптастыру, сандардың арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын табуды, есептер шығаруда қолдануды үйрету.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×