Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндамалар жинағы

11 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мазмұндамалар жинағы

Алғысөз
Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі - Отанын сүйетін, еңбексүйгіш, кез - келген жағдайда шешім тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой - өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор.
Оқу мен жазуды жаңа меңгерген 1 - сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтінін кез - келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Бұл жинаққа 1 - сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі – түсті суреттермен толықтырылған.
Жинаққа қосымша жасалған диск мазмұндама материалдарын экраннан көрсетуге мүмкіндік береді.

Мазмұндама.
Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алғын білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді.
Мазмұндама 1 - сыныпта оқу жылының екінші жартысында басталып,
2 - 4 сыныптарда бірте - бірте күрделендіре жүргізіледі.
Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіліп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады.
Мәтіннің көлемі 1 - сынып үшін - 40 - 50 сөз, 2 - сынып үшін - 50 - 60 сөз, 3 - сынып үшін - 60 - 80 сөз, 4 - сынып үшін 80 - 90 сөз болғаны дұрыс.
Мазмұндамаға екі баға қойылады: 1) сауаттылығына, 2) мазмұн - дылығына.
Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады:
дайын мәтін бойынша
сурет бойынша
шығармашылық жолмен
кино, бейнефильм бойынша

Сұрақтар:
Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз.
Саған қыс мезгілі ұнай ма?
Өлең неге «Көңілді қыс» деп аталған деп ойлайсың?
Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдың?

«Менің мысығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз:
Жоспар:
Менің мысығымның аты.
Мысығымның ұнататын тағамы.
Мысығыммен ойнайтын ойындарым.
Мысықтың тазалығын қадағалау.
Мысықтың адамға пайдасы.

Балапан
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау - бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп - кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.
Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
2. Олар ата - әжесіне қалай көмектесті?
3. Олар нені көрді?
4. Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
5. Балалар қандай жақсы іс - әрекет жасады?
6. Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Тірек сөздер:
біліммен сусындатады;
тәлім - тәрбие береді;
өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
табиғатты танып - білуді меңгертеді;
адамдарды түсінуге үйретеді.

Құрастырған
Кеңбидайық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кизатова Бағдат Даниярқызы
Мазмұндамалар жинағы. жүктеу
22 351
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту мәселелері
Қай тілде болса да жатық сөйлеп, сауатты жазу үшін, сөздерді бір - бірімен байланыстырып сөйлеу білу қажет. Ол тіл дамыту жұмыстарының алуан түрлерімен ұштасады.
Мазмұндама жинағы
Мазмұндама жинағы
Мазмұндамалар 1 - 4 сыныптардың әрқайсысына 10 - 18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой - өрісін, зейін - қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
Бұл жинаққа 1 - 4 сыныпқа арналған математикадан мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазбаша бақылау жұмыстары енгізілген.
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. 1. Ауызекі тіл дегеніміз не? 2. Мазмұндама дегеніміз не? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Мәтін қалай құралады?
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Біріншіден, критериалды бағалау дегеніміз не?- деген сұраққа жауап берейік. Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын - ала белгіленген жетістіктермен салыстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×