Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс

25 наурыз 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекетРесурстар
Сабақтың басы1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал. Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер,
Шаттық атты шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір - біріне жылы лебіз, тілектерін білдіру.
3. Топқа бөлу. Берілген сұрақтар бойынша топқа бөлу.
– Қай мектептенсің?
– Мектебіңнің көшесі қалай аталады?
– Нешінші класта оқисың?
Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауабын тыңдау.
4. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және оқу мақсатын анықтау.
5. Күтілетін нәтиже.

Сабақтың ортасы10 - жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқу.
Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып,
- өлеңдегі кейіпкерлер кімдер?
- оның санын нешеу?
- балақай неге кейіді?
деген сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын.
*Бүлдірген сөзіне анықтама айтып, түсіндіріп кетемін.
ҚБ жұлдызша арқылы бағалау.
***Диалог - екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі.
Кері байланыс: мұғаліммен оқушы
11 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.
Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып,
- өлең не туралы?
- ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр?
деп сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын.
ҚБ смайлик арқылы бағалау.
***Монолог - өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі.
Кері байланыс: мұғаліммен оқушы
Ширату жаттығуы. «Дүкен» ойынын ойнату арқылы сұхбаттастыру. (оқушыларға бұл диалог немесе монолог екенін анықтату)
12 - жаттығу.
Жазылым. Жеке жұмыс. Мақалды көшіріп жаз.
Аз сөйле, Көп тыңда.
*Мағынасы қарама - қарсы сөздерді тауып астын сыз.
Айтылым. Тыңдалым. Жұптық жұмыс. *Бір - біріңе мақалдың мәнін түсіндіріп көр.
Топтық жұмыс. *Жазған мақал монолог па? Әлде диалог па? Дәлелдеп айтыңдар.
Белсенді оқытудың түсіндіру және сипаттау, ал саралаудың қарқын тәсілін қолдану.
ҚБ бас бармақ арқылы бағалау.
Кері байланыс: оқушымен мұғалім
13 - жаттығу. Түлкі мен қырғауыл ертегісінен үзінді оқы.
Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Топтық жұмыс.
І - топ: бұл үзінді монолог па, әлде диалог па?
ІІ - топ: «сәлеметсізбе» сөзін қай кездерде қолданады?
ІІІ - топ: тағы қандай амандасу сөздерін білесіңдер?
Белсенді оқытудың бекіту және қолданысқа енгізу, ал саралаудың қорытынды тәсілін қолдану.
ҚБ шапалақтау арқылы бағалау.
Кері байланыс: топпен топ арасында
Ширату жаттығуы:
«Қарлы кесек» ойынын ойнату.
Қарлы кесекті лақтыра отырып, бірінші бала сұрақ қояды, ал екінші бала сол сұраққа жауап береді.
14 - жаттығу. Диалогты көшіріп жаз. Жазылым. Жеке жұмыс.
Жұптық жұмыс. Ата мен бала рөлінде амандасу жағдаятын құрастырыңдар.
Кері байланыс: оқушымен оқушы
Саралаудың қорытынды тәсілін қолдану.
ҚБ бас бағдаршам арқылы бірін бірі бағалау.
Оқулық.
Бүлдірген суреті.
Жұлдызшалар.
Оқулық.
Смайликтер.
Ойыншықтар.
Оқулық.
Басбармақтың суреттері.
Оқулық.
Тапсырма жазылған
А4 беті
Қарлы кесек.
Оқулық.
Бағдаршам суреттері.










Сабақтың соңыРефлекция. Баспалдақ.– Білдім. – Білгім келеді. – Білмедім.
Білдім
Білгім келеді
Білмедім



Баспалдақ суреті, смайликтер
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
1, 2 тапсырмада диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы кейбір оқушыларға тапсырманы орындату барысында жан - жақты және нақты көмек беремін, ойланту үшін, жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын
- өлеңдегі кейіпкерлер кімдер?
- оның санын нешеу?
- балақай неге кейіді?
- өлең не туралы?
- ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр?
3 - тапсырмада қарқын тәсілін қолдану арқылы кейбір оқушыларға: досыңнан қаламсабын, өшіргішін немесе кітабын вербалді емес әдіспен сұрап көр; кез келген тақырыпта диалог құрастырып жаз; монологқа мысал келтір.
4 - тапсырмада қорытынды тәсілін қолдану арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін жеке жұмыста жұлдызша, смайлик, бас бармақ, бағдаршам және топтық жұмыста шапалақтау арқылы, жалпы баспалдақ арқылы тексеруді жоспарладым.Сергіту жаттығуы және көзге, қолға арналған жаттығу - лар. Қауіпсіздік ер



ежелері.


4 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұлдыздар мен аңыздар
Жұлдыздар мен аңыздар
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау 5Ж. 5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Астана күні
Астана күні
- жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану. - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
Элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Бассейнде
Бассейнде
Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×