Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев "Қамқорлық"

12 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
А. Ж. Сарымсақова,
№24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Қамқорлық
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп, саналы - түсініп оқу, мағынасын ашу
а) Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын түсінуге, айта білуге, дағдыландыру;
ә) Ой - өрістерін кеңейту, сөздік қорын молайту, мәтінді талдауға, қорытынды шығара білуге қалыптастыру;
б) Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу, әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: автор портреті, тірек сызбалар, магнитофон
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық (магнитофоннан әуен жіберіледі).
- Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат ортасында жүрміз деп сезінейік. Айнала қандай әсем, әдемі, жап - жасыл. Жан - жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік. Қандай сұлу табиғат! (әуен тоқтатылады). Көзімізді ашайық. Осы табиғаттан қандай әсер алсаңыздар, сондай әсермен сабаққа кірісейік.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Кіріспе. Ой қозғау.
- Балалар, біз қандай тараумен танысып жатырмыз?
- «Табиғат – менің өз үйім!»
- Табиғатқа не жатады?
ТАБИҒАТ - ағаш, тау, құс, өзен, шөп, аң
- Осы сөздердің қайсысына байланысты мәтіндер оқыдық?
- Өзен, жануар, тау, құс т. б.
- Онда, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы табиғатпен байланысты болмақ. Табиғатқа біздер не жасауымыз керек?
- Қамқор болуымыз керек.
- Қалай қамқор боласың?
- Суарамын, ақтаймын, қопсыту, тазалау т. б.
- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қамқорлық» деп аталады. Бұл мәтіннің мазмұны сіздердің айтқан ойларыңызға сәйкес келе ме екен, танысып көрелік.
2. Жаңа сабақты меңгерту. Мағынаны ашу.
Бағыттап оқу стратегиясын пайдалану.
а) мәтінді түсіндіре отырып оқу (оқушылардың ойын тыңдай отырып, мәтінмен салыстыру).
ә) сөздік жұмысын жүргізу.
Аша ағаш – рогатка,
шарбақ – ағаштан жасалған қоршау,
жан далбаса – жан ұшыра немесе есі кетіп,
әккі – дәніккен,
бейқам – алаңсыз,
дуал – қоршау,
безбүйрек – тасжүрек,
топшысынан – аяғынан,
пәтер – ұя.
б) оқушылар бөлімге бөле отырып, іштей оқиды. Әр бөлімге ат қояды.
І бөлім – «Сотқар Жантас»
ІІ бөлім – «Қожаның қамқоры»
ІІІ бөлім – «Торғайдың жаңа пәтері».

Қызығушылығын ояту.
Мәтінмен жұмыс.
а) Жантас пен Қожаға мінездеме беру;
ә) мәтінді әрі қарай жалғастыр...
б) Жантас пен Қожаға хат жазу.

Автор туралы түсінік.
- Балалар, мәтінді оқыдық, талдадық. Ал, «Қамқорлық» әңгімесінің авторы - Бердібек Соқпақбаев.
Автор туралы толық мағлұмат беру.
Рефлекция.
- Б. Соқпақбаевтың осы мәтіні ұнады ма? (жіңішке сұрақ)
- Егер сендер осындай Жантас сияқты сотқар балаға кезіккен жағдайда не істер едіңдер? (жуан сұрақ)
- Балалар, осы мәтін бойынша торғай, Қожа, Жантас сөздеріне бес жол өлең құраңдар.
Сабақтың түйіні.
Күшті болсаң, әлсіздерге қамқор бол,
Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.
Азамат боп атқа мінер шағыңда
Ата - анаңдай кісілерге қамқор бол!
ІІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мәтінге байланысты мақалдар жинау.
IV. Бағалау
21 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Бүршік
Бүршік
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып көктемгі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Айгүл Жәнібекқызы Сарымсақова
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×