Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуаныш-жан шуағы

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы: 4 Пәні: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Қуаныш-жан шуағы
Мақсаты: Оқушылардың «бақыт»,«сыйластық», махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- мейірімділікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, «Бес жолды өлең» әдісі, Топтастыру;
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты слайд, көбелектің, гүлдің,
жүрекшелердің суреттері

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру
І Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрғызылады.
- Оқушылар бүгінгі сабақта сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабақ арқылы бір-бірімізге қуаныш сыйлайық. Бәріміз бірге көңілді ән шырқайықшы.
Ән: «Айгөлек» Сөзі: Н. Баймұхамедов
Әні: Б. Байқадамов
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында.
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Қайырмасы:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
- Өте тамаша! Қуанышты сезіммен айтқан ән адамның көңіл-күйін көтереді. Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі, оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесетін боламыз.

ІІ Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс. Мәтін үнтаспадан тыңдатылады.(Мәтінге байланысты құстардың, судың дыбыстары үнтаспаға қоса жазылып бірге шығып жатуы тиіс)
Тақырыбы: Балалардың көз қуанышы. Авторы: В. А. Сухомлинский
Әңгімелесу
- Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
- Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?
- Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Балалар дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ. Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы, айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінді. Барлық адамдар, табиғат, айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді. Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты!
Бізде көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Ойын-жаттығу «Көршіңе қуаныш сыйла»
Оқушыларға әдемі етіп жасалған түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің кескіндері
таратылып беріледі.
Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Ойын-жаттығу соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі.
Бір-бірін бес рет шапалақ соғумен мадақтайды.
Мәтінмен жұмыс. «Қуаныш»өлеңі. Е. Ашықбаев
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма? Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?
Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Шығармашылық жұмыс.
Суретпен жұмыс. Оқушыларға кітаптағы сурет арқылы сөйлем
құрастыру тапсырылады.
Сергіту сәті.(Өлең жолдарында берілген сөздерге байланысты
қимыл-қозғалыспен айтылады.)
Шаршадым «Уһ!»дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!»дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

Дәйексөз
«Қуаныш-өмір шаттығы»
- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-өмір шаттығы» деп айтқан болатын.

ІІІ Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты
күндерің туралы жазыңдар.
«Бес жолды өлең» әдісі
Оқушыларға «Қуаныш» сөзіне бес жолды ¬өлең құрастыру тапсырылады.
Мысалы: 1. Қуаныш
2. шаттық, думан
3. күлдіртеді, қуантады, шаттандырады.
4. Қуаныш жүрекке нұр сыйлайды.
5. Бақыт
Оқушылар осылайша өз ойларын білдіріп жазады.(Өз ойларын әртүрлі қылып жазуы да мүмкін)

Қорытындылау
- Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп
амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет.

«Топтастыру» әдісі
Күн шапағына жақсы тілек жазып тақтадағы күннің айналасына орналастырайық.
Жүректен-жүрекке
Оқушылар ортаға шығып екі-екіден дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады.
«Көңілді балалар» өлеңі авторы: Е. Өтетілеуов
Әрқашанда біргеміз,
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз-талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман, көлге шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз,
Бөлінбейді іргеміз.
Мадақтау
24 180
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қуаныш – жан жылуы
Қуаныш – жан жылуы
Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой - өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Хор
Хор
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «№1 мектеп – гимназиясы» КММ Музыка пәнінің мұғалімі Мұстафина Шаттыгүл Ысқаққызы
Қуаныш - жан шуағы
Қуаныш - жан шуағы
Астана қаласы, № 55 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Данар
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Жақсы сөз жанға қуат береді
Жақсы сөз жанға қуат береді
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Сайфеденова Қалжан Сайфеденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×