Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр құсқа өз тұмсығы қажет

02 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан – жақты ойлауға, өзіндік жұмыс жүргізуге, ізденуге үйрету және сөздік қорларын, тілін дамыту.
Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілеттерін, қиялын дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Құстарға деген жылы сезімін ояту, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға, құстарды аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреттері, интерактивті тақта

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Слайд 1 Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

2. Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау. Слайд 2
4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар аңдар суреттерін көрсете әңгімелейді.

3. Үй тапсырмасын қорытындылау. Слайд 3
● Бунақденелілермен қоректенетін қандай жануарларды білесіңдер?
● Олардың жауынан қорғану түрлерін білесіңдер ме?
● Бунақденелілер иісті қалай сезеді? Қай мүше арқылы?
● Көбелек тамағының дәмін қалай сезеді?
● Жапалақ қандай құс? Ол жемтігін немен аулайды?

4. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Слайд 4

Құстар тобымен таныстыру.
Мағынаны тану
Дән жейтіндер мен жәндік жейтіндер
Құстар ұшуға бейімделген. Бұл құстардың тұмсығының пішіні қандай дәнді жейтіндігіне байланысты болады. Мысалы, жаурауық деген құс пен сұлыкештің тұмсығы қатты дән жеуге арналған үшбұрышты, қатты тұмсық. Ірі жем жейтіндер имектұмсық болады. Мұндай құстар өздеріне де, балапандарына да бірдей жем табады.
Сайрауық құстардың көбісі жәндік аулауға жақсы машықтанған. Олардың тұмсығы әуеден жәндік іліп алуға ыңғайлы тік немесе имек болып келеді.
Құс тұмсығының басты қызметі - қоректену. Сондықтан оның пішіні құстың жейтін жеміне байланысты қалыптасады. Құстың түрін анықтағанда, оның тұмсығына баса назар аударады. тәрізділердің тұмсығы конус сияқты болады. Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы.

Жыртқыш құстардың имиген тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады. Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке және үшкір. Ағаштың діңін тесіп, жәндікті шұқып
теретін тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты. Жануарлар
тіршілігі айналадағы дүниемен тығыз байланысты. Айналадағы дүниеден әрбір
жануар өз тіршілігіне қажетті жағдайларды тауып, оны пайдаланады. Айналадағы дүниеде әр жануардың тіршілігіне қатер төндіретін қауіпті жағдайлар кездеседі. Әрбір жануардың, өз тіршілігіне қажетті жағдайларды дұрыс пайдаланатындай, қауіп қатерден сақтанып, қорғанатындай бейімділіктері болады.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беру.
Оқушыларды қатыстыра түсіндіру Слайд 5
Шұбар тоқылдақ – кәрі ағаштары көп, ұңғылауға ыңғайлы жуан діңдері бар тораңғы ормандарында кездеседі. Сырдария өзені бойындағы тораңғы тоғайында бар. Ұясы ағаш қуысында болады.
Бүркіт – нағыз аңшы құс. Ол суыр, қоян, саршұнақ және басқа ірі кеміргіштерді, кекілік, ұлармен қоректенеді. Тұмсығы имек. Ұстаған аңның етін жұлып жеуге имек тұмсығы өте ыңғайлы.
Бірқазандар (Pelecanidae) – ескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды.

Сөздік жұмысын жүргізу.
Қашау – құрал
Ұңғып – тесіп

Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті
Құрттың іздеп түр - түрін
Таппайды ол бір тыным
Күн ұзаққа шіркінің
Аямайды тұмсығын
Тоқ, тоқ, тоқ тоқ
Тоқ - тоқ - тоқ
Құстар жайында қысқа фильм көрсету Слайд 6

Шығармашылық тапсырма
Топтық жұмыс
І топ
Тоқылдақ
Шағын әңгіме жазу

ІІ топ
Бүркіт
Бес жолды өлең құрастыру
ІІІ топ
Бірқазан қандай құс?

Ой толғаныс.
Оқушыларға құс суреттері таратылып беріледі. Слайд 7
Дәнмен қоректенетін құстар

Жыртқыш құстар
жәндікпен қоректенетін құстар
Сабақты қорыту:
♦ Қандай құстармен таныстық?
♦ Тұмсық түрлерін ата
♦ Сендерге сабақ ұнады ма?
♦ Бүгінгі сабақтан алған жаңалығың бар ма?
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына
шағын әңгіме жазу.
Бағалау.
4 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Үй құстары
Үй құстары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Абдырахманова Дана Қасымхановна
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Шона Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты: а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Құстардың қысқа дайындығы
Құстардың қысқа дайындығы
ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебі Закариянова Зайнигуль Кизатовна
Сан алуан құстар
Сан алуан құстар
Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп – бала бақшасы биология пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×