Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан алуан құстар

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сан алуан құстар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – оқушыларды құстардың сан алуан түрлерімен таныстыра отырып, олардың тіршілік әрекеттеріне қызығушылықтарын ояту.
2. Дамытушылық – оқушылардың шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
3. Тәрбиелілік – құстарды сүюге, қастерлеуге, еңбекқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, шиырмалар, проектор
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: суретпен жұмыс, кесте толтыру, сұрақ - жауап
1, 2, 3 - слайдтар
І. Ұйымдастыру
4, 5 - слайдтар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - тапсырма.
1. Құс қаңқасында өзіне тән қандай ерекшелік бар?
2. Құстың безді қарыны қандай қызмет атқарады?
3. Құстардың қосарлы тыныс алуы деген не?
4. Құс жұмыртқасының құрылысы?
5. Құс жұмыртқасындағы нәруыз қабатының ерекшелігі?
6. Құстың қауырсыны туралы әңгімеле
7. Құстардың терісінде қандай бездер бар?
8. Құстың дене бөліктері?

2 - тапсырма.
(суретті пайдалана отырып жұмыс жасау)
1. Құстардың ұя салудағы ерекшеліктері?
2. Құс балапандарының ерекшелігі?

ІІІ. Жаңа сабақ
6 - слайд
Жүгіретін құстар Ұшатын құстар
Жүзетін құстар
7 - слайд
Жүгіретін құстар.
1. Страус – Африкалық түйе құс. Түйеқұстардың ішіндегі ең ірісі. Басқа құстардан айырмашылығы аяғында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90кг жетеді.
2. Нанду – Америкалық түйеқұс. Үш саусақты, жылдам жүгіретін түйеқұс. Салмағы 25кг жетеді. Өсімдік жапырақтары мен ұсақ бунақденелілермен қоректенеді.
3. Казуар – Австралиялық түйеқұс. Бұл түйеқұс қауырсындары ірі талшықты. Басында мүйізтекті айдары бар.
4. Киви – Жаңа Зеландиялық түйеқұс. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі. Салмағы 2 - 3 кг ғана, ал жұмыртқасының салмағы 0, 5 гр жетеді.

8 - слайд
Жүзетін құстар.
Пингвиндер – ұша алмайтын, мұхит суында тіршілік ететін құстардың ерекше тобы. Алдыңғы аяқтары суда жүзгенде жәрдемдесетін ескекке айналған. Аяғы тұлғаның артқы бөлігінде орналасқандықтан денесін тік ұстайды.
9 - 15 слайдтар
(әр құсқа жеке түсінік беру)
Сулы – батпақты Орман құстары Ашық далалы жердегі құстар алқаптардағы құстар
1. Сұқсыр 1. Құр 1. Бозторғай
2. Аққұтан 2. Ителгі 2. Шалшықшы
3. Ақ ләйлек 3. Қырғи 3. Безгелдек
4. Шағала 4. Жылқышы 4. Тырна
5. Суқұзғыны 5. Бөктергі 5. Қыран

16 - слайд.
Құстар: 1. Жыл құстары
2. Көшпелі құстар
3. Қыстап шығатын құстар

17 - слайд.
Бекіту тапсырмалары.
1 - тапсырма.
18 - слайд. 2 - тапсырма.
Ағашта тіршілік етуге бейімделген тоқылдақ пен су жағалауында тіршілік етуге бейімделген үйректің құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
19 - слайд. 3 - тапсырма.
Жыртқыш құстарға қандай құрылыс ерекшелігі тән?
Қазақстанда кездесетін қандай жыртқыш құстарды білесіңдер?
20 - слайд. 4 - тапсырма
1. Құстарды қандай экологиялық топтарға бөлуге болады?
2. Мына құстар қалай аталады, қайда тіршілік етеді?

21 - слайд. 5 – тапсырма
Сөзтізбе құрастыру
Берілген құс атауының соңғы әріптеріне келесі құстың атын ілестіру.
Мысалы: Бүркіт – Тарғақ – Қарлығыш – Шағала – Ақ ләйлек
1. Сауысқан -..............
1. Қарға –................
1. Құзғын –..............
1. Ұзақ –................
1. Қоқиқаз -..............
22 - слайд.
Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма беру
8 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар – омыртқалы жануарлар. Жер бетінде 8600 түрі бар. Қазақстанда 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы – тұрақты, жоғары. Құстардың денесі бас, мойын, тұлға бөлімдеріне бөлінген. Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Құстардың алуан түрлілігі
Құстардың алуан түрлілігі
Құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Құстарды топқа бөлу
Құстарды топқа бөлу
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп Абдуллаева Маржан Алдонгарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×