Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл көктемнің жаршысы

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Гүл көктемнің жаршысы»

Мақсаты: Оқушылырға көктем жаршысы құстар туралы мағлұмат беру. Оның адам үшін пайдасы, олар табиғаттың бір бөлігі екендігі жайлы жан - жақты түсіндіру.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, шарлар, қараторғай ұясы, гүлдер, музыкалық аспаптар, диск, магнитофон. (Залдың іші безендіріледі)
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру. 2. Кіріспе әңгіме.

Құрметті Ата - аналар, ұстаздар!
Жүргізуші: Адам табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Табиғатқа адамның жанашырлықпен, аялай, есіркей қарауы оның перзенттік міндеті. Дария теңіз көлдер мен орман, тоғайлар, асқар таулар мен жан - жануарлар табиғаттың ажар көркі ғана емес, оны бүлінуден, азудан сақтайтын құдіретті күш те!
Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Не бір құс, не бір хайуанат, небір өсімдік немесе жәндік артық емес. Соның бәрі табиғаттағы тепе - теңдікті сақтап тұру үшін қажет. Ал ол тепе - теңдіктің бұзылуы күндердің күнінде ойран апатқа соқтырары сөзсіз. Сондықтан табиғатты қорғау мақсатында «Гүл көктемнің жаршысы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрық,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің көктем кеп жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Көктем қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кездесуге құстармен асығамыз,
Кешімізге сіздерді шақырамыз.

Ән «Көктем келді» орындайтын Сабина Оңдасынова Көктем келеді (балаларға бас иіп)
Сәлем достар, аман ба!
Мынау бейбіт заманда.
Шат - шадыман көктемің,
Шаттық болсын әманда!
Салтанатын ананың,
Туған күнін дананың,
Май мейрамын ғаламның,
Тойлау үшін жаралдым!
Ән құраңдар үнімнен
Сән құраңдар гүлімнен
Қуантамын бәріңді,
Құт - мереке күніммен!
(Бәрі қол соғады) (Сахнаға құс үйшігін көтерген екі бала келіп, көктемге бас иіп, амандасады)

Екеуі: Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктегі.

Көктем: Рақмет, балалар,
Сендерде ой - сана бар.
Бау - бақшаның дұшпанын
Бастырмайды құстарым,
Кербез құстар әнімен,
Келді міне сәнімен.

Сабина: Жазылып жарқын дала, сағым қалқып,
Көк майса жұпар атты тамыры.
Жайқалып қызғалдағы жер құлпырып,
Көкорай мұрын жарды иісі аңқып.

Набат: Көпіріп тас - талқан боп, өзен тулап,
Таулардан ағып жатыр төмен құлап.
Бүйірден бұлақтар да жамырасып,
Ән қосты сылдырына жел шуылдап.

Сымбат: Етекте бау - бақшаның аңқып гүлі,
Толқытты әнге басып шат бұлбұлы.
Алманың ақ күмістей гүлдері,
Күлісіп қарасады күнге жылы.

Азамат: Қуанып шыңда шырқап тау тағысы,
Тастүлек саңқылдайды ерке құсы.
Гүл жамылып, көрпесін гүлмен шеккен,
Бір мезгілі тамаша жаздың осы.

Жандос: Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың,
Қызғалдақтар тұр күліп,
Мұз боп қатқан көк көлдің,
Сыпырылды көйлегі.
Шөлін басып шөптердің,
Көктем жаңбыр сөйледі.
Тебіреніп түнімен
Көбік шашты көк айна.
Торғайлардың үнімен,
Той басталды тоғайда.

Саида: Көктем келді, су ақты,
Қырда алғашқы гүл шықты.
Әжем отыр шуақта,
Айналдырып ұршықты.
Көктем келді оралды,
Қарлығаштар қайтадан.
Дала гүлге оранды,
Боз торғайлар айтады ән.

Жүргізуші: Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан?
(Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі.)
Бәрі: Бұл – құстар шулап жатқан. Құстардың шулаған дыбыстары естіледі.

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс, бұл құстар шулап жатқан. Мына жерде қаншама құстар отыр, қарайықшы қандай құстар ұшып келіпті?
(Екі қатардан бір - бір оқушыдан келіп, құстарды ағашқа іліп, қазақша атын атайды.)
Жүргізуші: – Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?
Бәрі: Құстар орманда, далада мекендейді. Жүргізуші: Құстар ұясын қай жерде жасайды?
Бәрі: Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.
Жүргізуші: Құстар бізге қандай пайда келтіреді?
Бәрі: Құстар құрт - құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.
Жүргізуші: Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?
Бәрі: Құстарға ұя жасап, жем - су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.
Жүргізуші: Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып өлтіруімізге болады ма? Бәрі: Жоқ, болмайды.
Жүргізуші: – Дұрыс айтасыңдар, торғайларға көмек көрсетуіміз керек. Кәне, құстар туралы тақпақты айтайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 085
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді.
Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу
Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу
Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Құстар – көктем жаршысы
Құстар – көктем жаршысы
Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Балалар, міне, көктем жаршысы құстар келе бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз1 - сәуір десе «Күлкі күні» ойымызға түсуі анық. Сонымен бірге бұл күні
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;
Жаңалық жаршысы
Жаңалық жаршысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы, М. Бегенов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утеулиева Рзагул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×