Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5-10 сандарының құрамы

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «5 - 10 сандарының құрамы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математика сабағында алған білімдерін тексеру және тереңдету.
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой - өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеме, су сылдыры жазылған үнтаспа, кеспе сандар, кестелер, слайдтар, үлестірмелер.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1, 5 мин).
2. Математикалық диктант (2 мин).
3. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап».
4. Ойлан, тап.
5. Ой толғау.
6. Ой қозғау.
7. Қорытынды.

Ұйымдастыру.
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз қазір мына кемеге отырып, білім теңізі арқылы «математика» еліне саяхатқа шығамыз! (Үнтаспадан теңіз суы толқып кеменің, қозғалысы естіледі). Іске сәт! Бір - бірімізге мейірім, сәттілік тілейік.
Сабақ 7 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Бақытты сәт» деп аталады. Себебі, біз қазір үлкен кеменің ішінде ашық теңізде кетіп барамыз. Алдымен 3 топқа бөлініп, каютаға жайғасып отырып алайық.
1 - топ. «Алғырлар».
2 - топ. «Ойшылдар».
3 - топ. «Талаптылар».
Білім теңізінде жарысып көрелік. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу минуты 5 жазамыз.

Математикалық диктант.
1. Бір қолыңда неше саусақ.
2. Бір аптада неше күн бар?
3. 7 мен 9 - дың арасында қандай сан?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. 1 - қосылғыш, 7 - екінші қосылғыш 2 қосындысының мәні неше?
6. 1 жылда неше ай бар?
Жақсы, барлығын табу үшін қандай амал қолданамыз?
- Есептің шешуін айта ғой.
1+4=5 2+3=5 4 +1=5 3+2=5

Сергіту сәті (1 мин).
Тақтаға 3 топтан кезек - кезек шығып есеп шығарады.
4 - кезең. Ойтолғау.
3 - топты «баскетбол» ойыны арқылы жарыстыру.
Слайдтағы көрсетілген санның қосындысымен айырмасын тауып тауып,
баскетболдың торына дәл түсіру.(слайд)
5 - кезең. Ой қозғау.
Балалар, мына тақтадағы берілген сандарды таңдау арқылы сұраққа
жауап беріп көрелік.
20 10 5
5 20 10
10 5 20 (слайд)
Сол жақтағы 20 - 6 санының құрамы. Ортадағы 10 - 6 бәтеңкені неше
адам киеді. Оң жақтағы 5 - 9 - бен 6-ның қайсысы артық.
Оң жақтағы 4 үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
Ортадағы 10 – 10 санының құрамы.

Сол жақтағы 10-10 - ның 5-тен нешеуі кем?
Ортадағы 5 - 10 - нан бастап кему ретімен сана.
Оң жақтағы 20 - қосу амалының компоненттері ата.
Қорыту: Дұрыс және тез жауап берген оқушыларға жұлдызша беремін.
Ал енді қолдарында сан және әріп жазылған оқушылар тақтаға келіңдер.
Қолдарындағы сандардың кему ретімен тұрыңдар.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
Ж А Р А Й С Ы Ң!
Оқушылардың білім теңізінде көрсеткен, дәлелденген білімдерін бағалайық.
(Тақтаға тағы бірнеше оқушы шығады).
Мұғалім: «1» дегенім жаман баға,
Алады оны нашар бала.
«2» дегенім нашар баға,
Алады оны жаман бала.
Ерлан, сен нашарлама,
«5» тек үздік баға
Оқимыз тек үздік қана!
Өте жақсы, ендеше білім теңізіне «Математика» еліне саяхатымызды
аяқтайық. (Судың сылдыры, кеменің жүзуі үнтаспадан естіледі.).
Барлығына көп рахмет. Сабақ аяқталды.
5 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру. Кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстыру.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Бақылау жұмыстары (Математика 4 сынып)
Бақылау жұмыстары (Математика 4 сынып)
Арақашықтығы 240 км тең екі кемежайдан бір уақытты бірбіріне қарама - қарсы бағытта екі кеме шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші кеменің жылдамдығы сағатына 42 км. Екінші кеменің жылдамдығын тап.
Өткенді пысықтау (математика)
Өткенді пысықтау (математика)
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, № 4 Булаево орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдулина Зәмзәгүл Берлинқызы
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
3 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Абдраимова Женисгул Абибуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×