Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметі әртүрлі болатынын байқату. Сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру.
Сабақта ұлттық дәстүрлерді, ойын түрлерін пайдалана отырып тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.
Ептілікке, жылдам ойлауға және әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ватман, кеспе әріптер, қима қағаздар
Сабақ түрі: қонақ күту
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика, музыка
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Кеспе әріптерден оқушыларға адам құрастырту
- Өте жақсы, балалар, енді осы адамға ат қояйықшы.
- Әріпбек.
- Олай болса, осы Әріпбек бүгін бізге қонаққа келіпті. Біз оны қонақ етіп күту арқылы қазақ халқының қонақ күту дәстүрімен танысамыз. Қонақжай қазақ халқы қонақты бірнеше түрге бөлген. Соның ішінде алыстан айтпай келген қонақты «құдайы қонақ» дейді. Әріпбек те бізге құдайы қонақ.
1 - рәсім: Келген қонақ үлкен не кіші болсын сәлем беріп, амандық - саулық сұрау керек:
- Ассалаумағалейкум!
- Сәлеметсіз бе?
- Мал - жан аман ба?
Үйге берілген 258 - жаттығудың орындалысын тексеру, бекіту:
- Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстардан құралады)
- Ол нені білдіреді? (Белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді)
- Олай болса, Әріпбектің бойындағы әріптерден сөз құрайықшы (алма, лақ, гүл, сиыр, доп, орман).
- Бұлар қандай сөздер? (түбір сөздер)
- Түбір сөздер дегеніміз қандай сөздер?

ІІ. Жаңа сабақ. Сөз құрамы туралы еске түсіру:

Сөз құрамы
Түбір. Қосымша
Қосымша
Жұрнақ -------------------------- Жалғау
бүркіт+ші ----------------------- бүркіт+пен
Жаңа сөз жасайды -------------- Сөз бен сөзді байланыстырады

Дәптермен жұмыс: Көркем жазу ь әрпі (жіңішкелік белгісі). Күннің жады мен тақырыпты жаздырту.

2 - рәсім: Қолға су құю
Леген, құман суреттерін көрсету.
Ас алдында қолға суды шорылдатпай құю, сүлгіні әдеппен ұсыну көбінесе балаларға жүктеледі.
260 - жаттығу. 1. Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу. 2. Мағыналары әр түрлі екенін аңғарту. 3. Сөздерге сұрақ қойғызу. Не себептен сұрақтары әр түрлі?
Алғашқы үш жұпты ауызша талдату. Соңғы үш жұп жазбаша орындатылады.
Су - сусын (не? не?)
Ақыл - ақылды (не? қандай?)
Таза - тазалық (қандай? не?)
3 - рәсім: Көрпе салу.
Келген қонаққа көрсетілетін құрметтің бір түрі - көрпе салу. Осыған орай «Құрақ құрау» ойынын ойнату. Берілген түбір сөздерге қосымшалар жалғау.
Қой, оқу
- шы – шы - ға
- дан - дан - ды - шы - лық
- ды - ға

4 - рәсім: Дастархан жаю.
Қазақ халқы соңғы бір үзім нанын да қонаққа деп сақтаған жомарт ел.
- Қандай ұлттық тағамдардың түрлерін білесіңдер? (бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, балқаймақ, қымыз)
- Үйірілген қышқыл сары қымыз неден жасалады? (бие сүтінен)
- Ендеше, балалар, әжелеріміздің жомарттығын танытып Әріпбектің алдына барымызды қояйық.
261 - жаттығу ауызша орындатылады.
1. Түбір сөздерді, қосымшалы сөздерді салыстырып оқу.
2. Түбір сөз бен қосымшалы сөз мағыналарының өзгермегенін аңғарту.
Мектеп - мектебің, әке - әкесі, дәптер - дәптерлер, шана - шанамен, үй - үйге, қала - қаладан

5 - рәсім: Қонақ кәде
Қонақтың көңілін көтеру үшін, «ауылдың алты ауызын» айтып, өнер көрсеткен. Өлең құрастыру.
Үнтаспадан жіберілген күй әуеніне билету.
«Сөз ойла» ойынын ойнайық. (262 - жаттығу) Әріпбек сөзді жақсы көретіндіктен сөздерден жаңа сөз жасау
1. Би, қобыз, көп, сауық. -------- – шы, - ші, - шыл, - шіл
2. Іс, орын, талап, көл. ---------- – дық, - кер, - шік
3. Қыс, арба, түн, жаз. ----------- – гі, - лы,- қы, - ғы
Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып үш қатарға үш сөйлем құрап жаздыру.
1. Биші, қобызшы қыздар бізде қонақта.
2. Мақсат орындық сатып әкелді.
3. Қысқы демалыста әжемнің аулына бардым.
4.

6 - рәсім: Қонақасы
Әжалеріміз құдайы қонақты құдайыңдай сыйлап, қыстай сүрлеген етін асып, қазан көтерген. Біз де осы кәдеге байланысты «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Әріпбек бізге мынадай оқиғаны баяндайды: «Мен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстім. Оның сиқырлы сандық екенін түсіндім. Сандықты ашып қалғанда мен тамаша бір нәрсе көрдім...»
Енді балалар, Әріпбек сиқырлы сандықтан не көргенін табайық. Ол үшін бір оқущы шығып сандықтағы затты сипаттап айтады. Ал, қалған оқушылар соны табады. Мысалы: Күннің жадын білдіреді, әрі айды,
Ұстазға ол керек нәрсе әрдайым (күнтізбе)

7 - рәсім: Қонақтан бұйымтай сұрау. Сабақты қорытындылау.
Қонақ кетерде үй иелері одан бұйым қызмет, яғни не қалайтынын сұрайды. Әріпбек қонағымыз бізден осы сабақта не білгенімізді сұрайды. Тест тапсырмалары:
Түбір сөз -------------- Жұрнақ ------------ Жалғау
а) біздің -------------- а) өнерлі ----------- а) өлең
ә) дала ---------------- ә) әкемді ---------- ә) баласы
б) сақшы ------------- б) дос --------------- б) тазалық

Бағалау. Үйге тапсырма: 263 - жаттығу
19 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт - дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным - түсініктерін кеңейту.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Қазақ халқының әдет - ғұрпын сақтауға, үлкенді, кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – қуаныш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Балаларға қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы жайында түсінік беру. Қазақ халқының киімдері және ыдыс аяқтары туралы білімдерін толықтырып қорытындылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×