Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз Б мен П

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Б мен П
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Б мен П дыбыстарының ерекшеліктерінің меңгерту.
Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың метод әдісі: Проблемалық сұрақ, жауап баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима әріптер, плакаттарға жазылған сөздер.
Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері, ана тілі.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу.
Өткен сабақты пысықтау. Ережені сұрау. «Ойлан, тап» ойыны. Қима әріптерді дыбыстарды түрлері бойынша бөлу, әріптерді қалталарға бөліп салу.
Мынау қандай пішін?
Дөңгелек әріптің саны.
Мынау қандай пішін?
Төртбұрыш дауысты дыбыс саны.
Мынау қандай пішін?
Үшбұрыш дауыссыз дыбыс саны.
Үй жұмысы. 109 – жаттығу.
Дәрілік --------------- Сабағы ----- Жапырақтары ---------- Маңызы
0=7 -------------------- 0=6 ------------ 0=11 --------------------- 0=6
= х/3 ----------------- = 3/х ------------ = 5/х -------------------- = 3/х
=4ұ. 1ү2, қ1 -------- = 3ұ2, қ1 ------ = 6ұ1қ3ү2 ------------- =3ү2ұ1
Жаңа сабақ. Жаңылтпаш.
Пеш түбінде бес мысық.
Бес күзетші бес пысық.
Тышқан аулап жемесе
Бола қоймас еш қызық.
Әріп жұмбақ
Балықта бар, суда жоқ
Балшықта бар, құмда жоқ «Б»

Парта да бар, тақта да жоқ
Пышақта бар, қасықта жоқ. «П»

Ал мына әріп жұмбақта қандай әріпті жасырып отыр? Бұл дыбыстар жөнінде не білеміз? – Дауыссыз дыбыстар п қатаң, б ұяң.
Мына жаңылтпаштан қандай дыбысты анық естиміз? Қандай дыбысты айтып анық жаттығуға болады? – Б және П дыбыстары.

Жаңылтпашты айтып жарыстыру.
Оқушылар мына жұмбақты жасырайын. Шешуін тауып тақтаға жазыңдар.
Жұмбақтарды шешу.
Бес ін, бес іннің
Аузы бір ін.
(қолғап)
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(кітап)
Ә, керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді
Аяғы жоқ жүрмейді.
Көмейіне тықсаң сөйлейді
Тілін адам біледі
Ұрықсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді. (құлып)
Шешуін тапқан оқушылар шешімін тақтаға жазады.
Сөздің соңында б естілгенімен п жазылады. Бір оқушыға ережені оқыту сәйкес келетінін дәлелдеу.
П + = = Б схемамен көрсету
Оқулықпен жұмыс.
112 - жаттығу. Ауызша орындау.
Өлеңді мәнерлеп оқып П әрпіне аяқталған сөздерді табу, П әрпінің астын сызу, айтылуына мән беру, дыбыстарды талдау.
113 - жаттығу. Көп нүктенің орнына П, Б әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді оқы.
Жіп, до, талап, клуб, тап, қап, жап.
Серіктіру жаттығуы
Жаңылтпашты айтып жарыстыру.
Жаңа сабақты пысықтау.
114 - жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің жазылуы мен айтылуына мән беру. Сөздік жұмысын жүргізу.
Клуб – мәдениет орны.
Штаб – әскери ұйымдарға басшылық беретін жер
114 – жаттығу.
Біздің көшеде өзім қатарлы балалар көп. Бәріміз мектепке бірге барамыз. Кешкілік клуб маңына жиналамыз. Қалада қорғаныс штабы бар.
Үй жұмысы. 115 – жаттығу. Жазу ережені, жаттау.
Көп нүктенің орнына тиістісін қою. Шығармашылық сұраққа жауап беру. Ж. жабаев кім?
Алма ағашы
Жұмақан атасын ертіп, алма ағашының көлеңкесіне алып келді. Атасы бір сәт үнсіз отырып қолымен ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқан болды. Жұмақан құлағын тосып, атасын түсінгісі келді. Атасы өлең оқып отыр. Ж. Жабаевтың өлеңі. Бұл ағашты Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты.
11 781
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Дауыссыз б мен п
Дауыссыз б мен п
Оқушылардың б мен п дыбыстарының ерекшеліктерінің меңгерту. Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×