Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты:
Өтілген дыбыс пен әріптерді меңгеру деңгейлерін анықтау. Жазу қабілеттерінің барысын бағдарлау.
• Ақпараттық технология негіздерімен жұмыс істеу арқылы, өзіндік қабілетті ұштау, шығармашылыққа баулу.
• Коммуникативтік қабілеттілік пен рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Балапан» телебағдарламасының қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер файлы, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар
Қолданылған технологиялар: СТО, Ақпараттық, Ойын технологиялары.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Құрал - жабдықтарын түгендеу.
Балалар, бүгін бізде мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Ол кісілер сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқамақшы. Сондықтан, оқушы ережесіне сай отырып, бар білгенімізді, үйренгенімізді ортаға салайық.
- Алдымен, «Шаттық шеңберін» құрып алайық, ортаға шығамыз.
- Балалар, осы жақын арада «Қазақстан» телеарнасынан балаларға арналған арнайы арна жүргізіле бастады. Аты қалай еді?
- Әрине, «Балапан» телеарнасы. Қандай бағдарламалар жүргізіледі?
- Ия, дұрыс айтасыңдар, «Әліппе», «Алақай, балақай», «Шеберхана», «Кел ойнайық», «Ән салайық», «Ғажайыпстанға саяхат», «Айжұлдыз» т. б
- Ал осы арнаның жетекшілерінің бірі кім еді?
- Ия, осы мектептің түлегі осы ауылдың тумасы Ж. Шәмел атты апаларың.
- Ендеше, бүгін біз сендермен, «Балапан» арнасының бағдарламалары арқылы Әліппеден алған білімдерімізді ортаға салып қайталаймыз. Келістік пе?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
- Олай болса, бүгінгі күнге дейін өткен әріптерді бастарыңа кигіземін, сендер сол әріптен басталатын тілек сөздер айта отырып, «Кел, ойнайық» танымдық бағдарламасына аяқ басасыңдар: (Балалар шеңбер жасайды)
А – Ата сөзі алтын сөз, Ойға тоқы парқын сез!
Б – Бейбітшілік заман болсын!
Т – Туған елдің ұлы бол!
Н – Нан көп болсын!
О – Отанымыз аман болсын!
Ғ – Ғалым бол!
Р – Рақымды бол!
Ж – Жеміс жидек мол болсын!
Д – Дастарханың мол болсын!
М – Мейірімді бол!
Қ – Қамбаларың дәнге толсын!
С – Сүйкімді де, әдепті бол!
Ш – Шаршамай білім ал!

- Жақсы, балалар айтылған тілектерге қуаныштымыз ба?
Хормен: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
- Осындай көңіл – күймен ойынымызды ары жалғастырамыз:
- Мұғалімнің сауалдары.
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5. Дауыссыз дыбыс деген не?
• «Үндемес» ойыны: (Оқушылар буын, сөздерді оқиды)
- Орнымызға жайғасайық.
• 3 оқушы тақтаға сағат, жұмбақ, қошақан сөздерін кеспе әріптен құрайды.
• Оларды буынға бөлу. - Дыбыстық талдау жасау.
• Интерактивті тақтаға: 3 оқушы сөйлем жазады:
1. Сұлтан – жақсы оқушы.
2. Құстар пайдалы.
3. Балға – сайман.
Венн диаграммасына дыбыстарды топтастыру:

ІІІ. «Алақай, балақай» спорттық бағдарламасы:
- «Қара жорға» биінен үзінді билеу.
ІҮ. «Әліппе» атты білімпаздар әлеміне шақырамын:
- Қазір, осы сыныпта қанша бала болса, тақтадан сонша әліппе оқулығының беті ашылады. Біз кезек - кезек келе отырып, жылдамдата, қаттырақ оқып беріп отырамыз.
- Орнымыздан іштей оқып отырайық, қалғанымыз.
Оо -----Ңң
Ыы ----Ұұ
Шш ---Мм
Оо -----Ққ
Дд ----Сс
Бб
Жж

Ү. Дәптермен жұмыс
Көру диктанты
Тоқтар аға – ұшқыш. Талаптыға нұр жауар.
ҮІ. Ойтолғау
І топ: ----------------------ІІ топ:
«Шеберхана» -------«Ән салайық» бағдарламасы:
- Әр оқушының алдына ермексаз,түрлі - түсті қағаз, желім беріледі.
«Күз» тақырыбына жұмыс істеу.
- Ерекше қабілеті бар Сұлтанбек тақтада сурет салады.

- «Әліппе» өлеңінің 1 - 2 шумағын жаттау. Әнімен айту.
- Сонымен балалар бүгін біз сендермен қандай бағдарламаға қатыстық?
- «Қайталау – білімнің анасы» - деген екен. Өткен сабақтарды қайталап жүру керек. Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Мадақтау.
- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін «Ғажайыпстанға саяхатқа» шығамыз.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
8 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Ж дыбысы және әріпі
Ж дыбысы және әріпі
Өтілген дыбыстарды қайталау, Ж дыбысы мен әріпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлгізіп, дыбыстық талдау жасатып үйрету. Қол жаттықтыру жұмысын дамыту.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпін таныту. Сөз ішіндегі Гг дыбысының ерекшелігін меңгерту. Дыбыстық талдау жасау мен сөйлемдер құрастыруға, сауатты жазуға төселдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×