Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық аспаптары

09 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Еңбекке баулу 3 класс

Сабақтың тақырыбы: қазақтың ұлттық аспаптарын жасау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға домбыраның шығу тарихы туралы аңызбен таныстыру, қатырма қағаздан домбыра жасаудың әдісін үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қол маторикасын дамыту.
3. Ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу. Техника қауіпсіздігін сақтауды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі
Сабақтың әдісі: сарамандық, сұрақ – жауап, ой бөлісу
Сабаққа қажетті көнекіліктер: слайдқа түсірілген сызбалар, домбыра үлгілері, домбыра аспабы.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: түрлі – түсті картон қағаздар, желім фломастер
Үй тапсырмасы:
● Кебеже дегеніміз не?
● Ол неден жасалады?
● Сіздер неден дайындадыңыздар?
● Қандай әшекейлер қолдандыңыздар?
● Ою – өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?

Қызығушылығын ояту.
Мақалдың жалғасын табамыз.
1. Шыдамды........, алғыр ой
Нағыз достық біліп қой. (еңбек)
2. Өнерлінің он саусағы тең,
Өнерсіздің бір......... кем (саусағы)
3. Шын шеберде.... болмас (мін)
4. Нағыз қазақ – қазақ емес
Нағыз қазақ..............(домбыра)
Жаңа сабақ.

Адамның қуанышын да, мұңын да сөзсіз айтатын аспап қазақтың қасиетті домбырасы. Қазақтың ұлттық әуендік аспаптарының ең көп тарағандарының бірі – домбыра. Оның пайда болуы туралы аңыз білесіңдер ма? Білмесеңдер айтып берейін.

Домбыра туралы аңыз
Баяғы, бағзы заманда бір аңшы аңшылықпен күнін көріпті. Бірде тау – тасты аралап жүрсе алдынан бір тау ешкісі шыға келеді. Аңшы олжасына қуанып, оны атып алмақ болады. Бірақ тауешкі биік жартасқа шығып кетеді. Аңшы оны қуып жүріп, ол да биік жартасқа шығады да әрең дегенде әлгі тауешкіні атып алады. Құдай жануарды адамның азығы етіп жаратқан ғой. Сонымен аңшы әдемілеп сойып, етін алып, тауешкінің ішек – қарынын биік жартасқа тастап кетеді.
Екінші күні ішек – қарынын алайын деп барса, жартастан ерекше бір дыбыстар естиді. көтеріліп келе жатса бір ерекше дыбыстар шыққанын естиді. Жан – жағына қараса, әлгі кешегі қалдырып кеткен ішектерге құстар таласып, тартып биікке көтереді, ал жел соққан сайын ішектерден бір ерекше күмбірлеген дыбыстар шығады. Бір уақытта ішектер құстар құстардың аузынан түсіп кетіп, ағаштарға ілініп қалыпты, жел үрлеген сайын дыбыстар шығарыпты. Содан аңшы ағаштан қиып алып, ішекті ағашқа тартып, әртүрлі дыбыстар ойнай бастайды. Дыбыстардан әсем күй пайда болады. Содан бастап домбыра пайда болған екен.

Міне, осындай аңызы бар аспабымыз домбыра. Оның қазақтың музыка өнеріндегі орны ерекше. Бүгінгі сабағымызда түрлі – түсті картон қағаздан домбыра үлгісін дайындаймыз. Негізі домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның жалпы ұзындығы – 196мм, мойнының жуандығы – 20мм, мойны – 96мм, үнтілше ұзындығы – 80мм. Домбыра сыртқы бейнесіне қарап екіге бөлінеді. Абай және Жамбыл домбырасы деп аталады.

Сарамандық жұмыс.
1. Қауіпсіздік ережесі
2. Тақтадағы үлгі бойынша сызба жасаймыз
3. Әшекейлеу жұмысын жасау
Сабақты бекіту. «Жұлдызды ұтып ал ойыны»
Жауабыңды таба ғой, жұлдызыңды ала ғой

Бағалау.
Өзін – өзі бағалау.
Үй тапсырмасы: саз аспаптары туралы мағлұмат жазып келу.
7 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Нағыз қазақ – домбыра
Нағыз қазақ – домбыра
Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×