Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

22 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
(Абай Құнанбаев шығармашылығын қайталау. Қорытынды сабақ).
Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау,өлеңдерін жатқа айту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер ету, шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ой - өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып - білуге, тани түсуіне ынталандыру. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.
Сабақтың түрі: «Таңғажайып алаң» ойыны түрінде өткізу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: 1. Абайдың портреті
2. Лозунгтер
3. Кітап көрмесі
4. Магниттік тақта
5. Ойын таблосы.

Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушылардың ойынға әзірліктерін тексеру.
ІІІ. «Таңғажайып алаң» ойынын жүргізу.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
«Әлемнің Абайы» өлеңінен үзінді оқу.
Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған
Бүкіл елдің Абайы.

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы: «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді.
Ұлы атамыздың бізге берген екіншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз. Аз өмір сүріп, азаппен өткен Абай бүгін бізбен мәңгі жасамақ.

І. Ойынның алғашқы үштігін шақырамын.
(3 оқушы таблоға келеді)
Сұрақ: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
(С.Торайғыров)
Демеушілердің сыйлығы.

ІІ. Екінші үштікті шақырамын.
Сұрақ: 1909 жылы Санкт-Петербургкке алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді кімнің көмегімен? (Кәкітай Ысқақов)

ІІІ. Ойынның үшінші үштігін шақырамын.
Сұрақ: «Орысша оқу керек,- дейді ол, хикметт те, мал да, өнер де, ғылым да, - бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмелі керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті,»- деп, «Мен айтқан жол - мал аяр жол емес» деген тақырыбын берген. Бұл Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?
(«Жиырма бесінші сөзі»)
Демеушілердің сыйлығы.

Көрермендерге сұрақ: Залдағы көрермендермен ойын.
1-сұрақ: Абай әндерінің біразы өкінішке, күрсініске, өкпеге толы. Жақсысына қуанады, қайғысына ортақтасады, жаманына ренжиді, ұқпағанына өкінеді. Абай жүрегінен «айналасы жұп жұмыр келген» Ән боп төгіледі де
«Қайнайды қаным,
Ашиды жаным
Мінездерін көргенде,» - деп халықтан бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын ащы өкінішпен айта келіп, осының себебін іздейді де,
Ол: «Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным
Қаңғыртты қыста басымды,» - деп іштегі запыранын әнмен төгіп – төгіп алды.
Осы өлең жолдары Абайдың қай әнінен алынған?
(«Сегіз аяқ»)

2-сұрақ: Поэманың тақырыбы әділдік пен жауыздықтан құрылған. Ғұлама ғалым арқылы жауыздығын өзіне мойындатып, қан төгуден бас тартқызған Абай поэмасын ата?
(Ескендір)

3-ші сұрақ:Абай аудармасынан бір сұрақ беремін.
Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні кімнен аударылған? (Лермонтов)
Демеушілердің сыйлығы.

Ү. Қорытынды ойын:
Сұрақ: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар – тәннің құмары, екіншісі – білсем, көрсем, үйренсем екен дейді, бұл – жан құмары...»
Осы үзінді Абайдың нешінші қара сөзінен алынған? («Жетінші»)

ҮІ. Шешуші ойын:
Сұрақ: «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі,» - деп аса көрнекті жазушы баға берген. Ол кім? (Әуезов)

Жеңген ойыншыларға демеушілердің сыйлығын табыс ету.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Міне, балалар өздерің өткен Абай шығармашылығынан алған білімдеріңді көрсеттіңдер. Халқымыздың мәдени тарихында Абайдың алатын орны ерекше.
Осыған байланысты әрбір сабақ барысында өздерің жаттаған өлеңдерінен жатқа өлең оқытамын.
«Әлемнің Абайы» (авторы Жұмағазы Аянбаев)
«Ғылым таппай мақтанба» 1886 ж жазылған.
Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Абайдың 2 өлеңін жаттап келу.
16 951
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау
Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау, өлеңдерін жатқа айту.
Абайдың өмірі
Абайдың өмірі
Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Коныршина Ерсін Серікқызы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×