Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


О. Әубәкіров "Шыбын мен көбелек"

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: О. Әубәкіров Шыбын мен көбелек
Сабақтың мақсаты: Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту. Тілдік, сөздік қорын молайту, өз ойларын толық нақты ашып айта білуге дағдыландыру. Адамдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: сызба, шыбын, көбелек суреттері, слайд
Әдісі: сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
1. А. Сопыбеков «Сапар мен парта»өлеңін мазмұндау
2. Сахналау
3. Өлеңдегі автордың негізгі ойы - әдепті, тәртіпті болу. Осы тақырыпта мақал - мәтелдер айтқызу
Ой қозғау:
Халық ауыз әдебиеті бөлімінде қандай тақырыптармен таныстық? Сызбамен жұмыс

Халық ауыз әдебиеті
«Сапар мен парта» қай тақырыпқа жатады?
- Мысал
- Мысал деген не?
- Мысал - адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма. Шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
- Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді?
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жұмбақ шешу:
Көлбең - көлбең етеді
Гүлден ұшып жетеді
Гүл шырынын сорады
Соған риза болады (көбелек)

Ас көрсе - ақ жалайды
Содан ауру тарайды
(шыбын)

Жаңа сабақ С. Оспанов « Шыбын мен көбелек»
Автор туралы түсінік
С. Оспанов
Қызылорда обл. Арал ауданы
1955ж. 30наурызда туған
Жалын, Зерде Мектеп баспасы, Парасат журналында жұмыс жасаған
«Ағаш ат»
«Құлдар көтерілісі»кітабы
2003ж 1 қараша
«Әдемі ару»повесі

Оқулықпен жұмыс
«Шыбын мен көбелек» мысалын тізбектеп оқу, мағынасын ашу
Сөздік жұмыс:
Көз шырымын алу - ұйықтау
Қауыз - ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабығы
Жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті
Сұғанақ - ұры
Сапалақ - шыбын қорығыш құрал
Шылғи өтірік - мүлде өтірік
«Көбелектерді гүлге қондыр» ойыны
Мақсаты: көбелектерді қондыра отырып, сұрақтарға жауап беру

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру
Бекіту сұрақтары
Қорытындылау. (Абайдың 6-қара сөзінен)
Кеселді жалқау, қылжақбас
Әзір тамақ, әзір ас
Сыртың пысық, ішің нас
Артын ойлап ұялмас
Бағалау: Түрлі - түсті көбелектермен мадақтау, бағалау
Үйге тапсырма
7 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шыбын мен Көбелек
Шыбын мен Көбелек
Демек, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Шыбын мен Көбелек». Бұл мысалдың авторы Сейітқұл Оспанов. Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Зерде», «Парасат» журналдарында жұмыс істеді. «Бақытты үй», «Құлдар
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков
Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Әсірелеу деген не?
Шыбын мен көбелек
Шыбын мен көбелек
№35мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×