Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Малта

27 наурыз 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Малта» Ілияс Жансүгіров
Мақсаты: Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру.
Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:
1.«Малта» сөзінің мағынасын түсінеді, интерактивті тақтада жұмыс істей алады.
2. Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
4. Ұғымталдылыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО - ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.

Стратегиялары:
«Топтастыру»,, «Болжау», «Әдебиет үйірмесі»
Көрнекілігі: интерактивті тақтада кесте, суреттер, парақшалар,
І. Жансүгіровтың портреті..
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..

Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Комбайншы өлеңін жатқа сұрау.
2. Тақтадағы сурет бойынша комбайыншы еңбегі жайлы әңгімеле.

І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ас атасы не? Ол қалай жасалады? (сұрағына жауап ізделеді)
1. жеке жұмыс
2. жұппен жұмыс
3. топпен жұмыс жасалады.
Топ пікірі тыңдалады.
Тақтадағы сызба топ пікірі арқылы толтырылады.
ҮЛГІ: бидай ұнынан нан пісіреді
Ол еңбекпен жасалады диірменге тартады бидайды қуырады

ІІ. Мағынаны тану сатысы:
1.«Топтастыру» стратегиясы қолданылады.
Ілияс Жансүгіров жайлы не білеміз? Сұрағына жауап ізделеді. Жеке, жұпттық, топтық жұмыстар жасалады. Топ пікірі қорғалады.
Оқушы пікірі тыңдалады.

Тақтадағы суреттер арқылы І. Жансүгіров жайлы мағлұматы толықтырылады.
ІІІ. «Малта» Интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.
Суреттер бойынша жүргізіледі. (күбі, қазан, сөре, ананың суреті, сүзілген қаптағы құрт)
«Малта» сөзін естігендерің бар ма? Мына суреттерден не түсінуге болады? деген сұраққа жауап алынады.
Сергіту сәті. Тақтада табиғат суреті бейнеленіп тұрады. Оқушылар соған қарап жаттығу жасайды.
Біз өзенге тез жеттік,
Еңкейдік те жуындық.

1, 2, 3, 4,
Жан сергітіп, қуандық.
Ал жүзейік бірлесе,
Қолды былай сермесе.
Дельфиндерше сап түзеп,
Жағаға қадам аттадық,
Үйімізге аттандық.
Мәтінмен жұмыс жасалады. Тақтаға кезектесіп жазып отырады.

Не болады деп ойлайсың? Оған дәлел Не болды?

Мәтінді бөліп - бөліп оқимын. Оқушылар әр шумақты оқыған соң не болғанын түсініп, келесі шумақтарда не болатынын болжап, оған дәлелдерін айтып отырады. Осылайша мәтін мазмұны меңгертіледі.
Тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.
Жұмыршақ - кедір - бұдыры жоқ, жұп - жұмыр.
Сөре - бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре - құрт, ірімшік, жеміс - жидек, т. б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
Шым - шым су - ыстық су.
Сыбану - жеңін түру.
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
Сөздік жұмыс.

ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
•Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.
Оқушы білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: Малта өлеңі мәнерлеп оқу және сүттен тағы нелер жасалатынын біліп келу.
13 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – тарихи мекен
Астана – тарихи мекен
Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажырата біледі.
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Көкшетау
Көкшетау
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×