Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкшетау

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңімен таныстыру. Тілдің поэтикалық күйін ұғындыру.
2) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Өлеңмен жұмыс істеуіне ықпал ету, мәнерлеп оқу шеберлігін жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы молайту.
3) Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңі арқылы Қазақстанның табиғатын жерін сүюге баулу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тіл дамыту
Көрнекіліктер: Ілияс портреті, шығармалары жинақталған кітап көрмесі

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Психологиялық даярлық: «Жүректен жүрекке»

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, біз өткен сабақта Ілияс Жансүгіровтың өмірі және шығармашылығымен таныстық. Үй жұмысын «Асық» ойыны арқылы тексеріп шығайық.
1. Слайд: Ілияс Жансүгіров қашан және қайда туды?
2. Ілияс кімнің тәрбиесінде болған?
3. Ілияс бала кезінен неге әуес болды және осыған кім ықпал етті?
4. Қай ақындардың айтыстарымен жақсы таныс болады?
5. Ақынның атақты шығармаларын ата
6. Қай поэма қазақтың мақтанышы болды?
7. Балаларға арнаған өлеңдерді ата
Үй жұмысын бағалау

ІV Жаңа тақырып: Мұғалімнің алғы сөзі. Құлагер поэмасы 1936 жылы шыққан. Поэма ұлттық поэзиямыздың қымбат қазынасы, биік тұғыры. Поэманың ерекшелігі құрлымы мен көркемдігінен өзге ел суреттері, өткен өмір оқиғалары мен жеке адамның тағдырын көруге болады. Бүгін біз сендермен Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының үзіндісімен танысамыз.

V Сөздік жұмысы: / слайд/
Белгілі - известный
Мұра - наследие
Секілді - подробный
Ағын су - проточная вода
Қашық бол - остерегайся
Маржан - коралл
Меруерт - жемчуг
Ақық - перламутр, сердолик
Даңқы кеткен - прославился
Бура тас - большой камень
Кең дала - широкая степь
Шипа тау тазартатын барлық дерттен - гора, исцеляющая от всех болезней
Құс қиқулар - птицы поют
- сөздерді оқу
- оқушыларға оқыту
- дәптерлеріне жаздыру
- жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру

VІ Оқулықпен жұмыс
/Мұғалім/ мен оқимын ал сендер қарындашпен түсініксіз сөздерді белгілеп отырасыңдар.
- мәнерлеп оқу
- мазмұнын түсіндіру
- оқушыларға бір - бір шумақтан оқытып, ең соңында бір оқушыға толық оқытып шығу.

VІІ Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қойындар
1. Өлеңдегі теңеулерді тауып дәптерлеріне жазыңдар
/Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас, қия құз, жақпар сарай, бура тастар/
2. Өзіңе ұнаған шумақты дәптерге көшіріп жаз
3. Сурет бойынша өлеңнің дұрыс шумағын тап

VІІІ Қорытынды
Қоржын арқылы жаңа сабақты қорытындылау
1. Өлең жазған ақын туралы не білесіңдер?
2. Өлеңде не туралы айтылған?
3. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?/Көкшетау/
4. Ол тау Қазақстанның қай жерінде?
5. Осы өлең бойынша қандай сурет салар едің?
6. Қазақстан Республиканың басқа тауларын атап бер./Алатау,
7. Өлеңдегі теңеулерді оқып бер
8. Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау»өлеңі саған ұнады ма?
Ұнаса немен ұнағанын айтып бер.
Балалар бүгін біз сабақта не істедік?
Бағалау:
Рефлексия: оқушылардың көңіл - күйін тексеру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 630
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу. Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға
Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда қазіргі Талдықорған өңірінің Ақсу ауданының бұрынғы 4 - ші ауылында туған. Ілияс шешесінен жастайынан жетіп қалып, әке тәрбиесінде өседі.
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
"Көкшетау" Ілияс Жансүгіров
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманжанова Злиха
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×