Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән-күй - халық қазынасы

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ән - күй - халық қазынасы.
Мақсаты:
а) дәстүрлі өнер түрлерін оқытып, үйрету арқылы оқушының ұлттық психологиясын қалыптастыру. Ән - күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерінің байланысы арқылы өнерге баулу.
ә) ән - күй тарихына тоқтала отырып, осы саладағы тарихи тұлғаларды үлгі тұтып, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
б) оқушылардың әуенді түсініп, сезіне білуін, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: әннің әуендерінен үзінділер, ән мазмұнын бейнелейтін суреттер слайды. Құрманғазы, Динаның портреттері. Киіз үйдің макеттері.
Түрі: ойын сабақ (топтық жарыс)
Бағдарламасы: 1) Әуенді тап ойыны.
2) Музыкалық терминдер.
3) Сырлы да сазды әуен.
4) Күй - күйші, ән мен әнші
5) Қорытындылау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: кең зал іші күмбірлеген күйге толы. Сынып безендіріліп, оқушылар 2 топқа бөлініп жайғасады. Әр топтың алдына сигналдық белгі беру құралы қойылады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, «Ән - күй - халық қазынасы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін сіздер музыка пәні бойынша алған білімдеріңізді ортаға салып, сайысқа түскелі отырсыздар. Баршаңызға сәттілік
тілей отырып, ойын сабағымызды жалғастыруды жүргізушілерге тапсырамын.
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші: Ән барады айналып гүл даланы,
Таң самалы толқиды жылғадағы
Ағысынан тынбайтын тіршіліктің
Жайнатады даласын нұр жанары.
2 - жүргізуші: Ән әуенде төгіледі бүгін бір үн
Таратқандай әлемге ғұмыр нұрын.
Сандуғаштай сайрайды серпіп тастап
Аспанның көк күмбезді шымылдығын.
Екеуі бірге: «Ән - күй - халық қазынасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың алғашқы «Әуенді тап» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңнің шарты: мектеп бағдарламасында берілген халық әндерінің және балалар әндерінің әуені әр топтың таңдауы бойынша орындалады. Сол әуенді қай топ бірінші болып тапса сол топ 5 ұпай алады.
1 - жүргізуші: Ән әуенін табыңдар
Бәрің бермен келіңдер!
Бұл қызықты ойынды
Тамашалап көріңдер.
2 - жүргізуші: Еш қиыны жоқ мұның
Сазын білсең өлеңнің
Түсінсеңіз болғаны
Құдіретін өнердің.
Бұл ойыннан қашпайық
Әуенін тауып тастайық
Әзір болсақ бәріміз
Ал ойынды бастайық!
(Ойын соңында ұпай саны есептеледі.)

2 - кезең «Музыкалық терминдер»
Шарты: Экранда музыка пәні бойынша сұрақтар және жауабының 3 нұсқасы беріледі. Қай топ дұрыс нұсқасын бірінші болып тапса 10 ұпайға ие болады.

Сұрақтары:
1. Қай ән тұрмыс - салт әні?
А) Қараторғай
Ә) Елім - ай
Б) Бесік жыры
2. Әнді шығарушы адам:
А) ақын
Ә) жырау
Б) композитор
3. Қосалқа күйінің авторы кім?
А) Құрманғазы
Ә) Дәулеткерей
Б) Қорқыт
4. Қайсысы үрмелі аспап?
А) жетіген
Ә) шаңқобыз
Б) сазсырнай
5. Оркестрді басқарушы адам:
А) әнші
Ә) дирижер
Б) күйші
6. Сахналанып, ән айтылып, би биленетін ертегі:
А) пьеса
Ә) вальс
Б) опера
7. Көп адамның бірігіп ән айтуы:
А) концерт
Ә) хор
Б) дуэт
8. Музыка тілінде дыбыстың өте қысқа, жеңіл орындалуы:
А) фермата
Ә) стаккато
Б) крещендо
9. «Көкшолақ» әнінің авторы кім?
А) Кенен Әзірбаев
Ә) Ибрагим Нүсіпбаев
Б) Жаяу Мұса
10. Құрманғазының шәкірті болған күйші:
А) Дина
Ә) Сармалай
Б) Ықылас
(Ойын соңында ұпай саны есептеледі)

3 - кезең «Сырлы да сазды әуен»
Мұғалім:- Балалар әрбір әннің, әуеннің өзіне тән мазмұны, мәні бар. Ән жайдан жай шықпайды. Оған белгілі бір тарихи оқиға, көңіл күй әсер етеді.
Соның салдарынан әншінің көкейінен ән туындап, сол оқиғаны бейнелейді.
- Ал, сендер қалай ойлайсыңдар тағы қандай өнер иелері өз ойларын бейнелеп көрсете алады?
- Ақындар, суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер т. б.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің ендігі кезеңіміз әнші мен суретші арасындағы байланыс туралы болмақ. Әнші өз ойын ән арқылы жеткізсе, суретші бейнелеу арқылы яғни қылқалам арқылы жеткізеді.
- Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?
- Қ. Телжанов, Г. Исмайылова, Ә. Қастеев т. б.(портреттері бойынша әңгімелесу)
Бұл кезеңнің шарты: Суретшілердің салған суреттері көрсетіледі. Сол суреттердің өздерің білетін қандай әнге қатысты бейнеленгенін табу. Қай топ бірінші тапса сол топ әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алады.
Төмендегі әндерге сай бейнеленген суреттер көрсетіледі.
1. Қамажай 5. Алатау
2. Мектебім 6. Шырша әні
3. Ақсақ құлан 7. Жетім бала
4. Ортеке 8. Бесік жыры.
(ойын соңында ұпай саны есептеледі)

4 - кезең «Күй - күйші, ән мен әнші»
- Балалар, сендер музыка пәні арқылы көптеген күйшілерді, композиторларды, әуелете ән салған әншілермен таныс болдыңдар. Қандай
атақты композиторларды, күйші, әншілерді білесіңдер?
- Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Ықылас, Қорқыт, Жаяу Мұса, Ақан, Біржан т. б.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше сендердің алдарыңда осындай дарынды да таланттылар шыққан қазақ даласы бейнеленген.
Келесі кезеңіміздің шарты:
Осы даланың көрінісін тойлы ауылға айналдыру. Ол үшін жайлауға ата - бабамыздан мұра болып қалған киіз үйлерді тігіп, ою - өрнектермен безендіреміз. Ол ою - өрнектердің бір жартысына күйші, композиторлардың аттары жазылған ал екінші жартысына топ мүшелері шығармасының атын жазып киіз үйлерге жапсырады. Қай топ бірінші аяқтаса сол топ 30 ұпай алады.
(Кештің соңында барлық кезеңнің ұпайлар саны анықталып, жеңімпаз топ марапатталады.)
Сайыс «Ән сабағы» әнімен аяқталады.
12 779
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Үйде оқыту бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Ұлттық ойын – халық қазынасы
Ұлттық ойын – халық қазынасы
Қазақ халқының ерлік - жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
Тарихи әндер мен күйлер
Тарихи әндер мен күйлер
Сабақтың тақырыбы: Тарихи әндер мен күйлер Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: Тарихи әндер мен күйлердің шығу тарихы мен өнер иелерінен мәлімет беру.
Тілім менің – тірегім
Тілім менің – тірегім
Кызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті орыс тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Калымбетов Болат Батырханұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×