Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихи әндер мен күйлер

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Тарихи әндер мен күйлер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Тарихи әндер мен күйлердің шығу тарихы мен өнер иелерінен мәлімет беру.
2. Тәрбиелік: Қазақ халқының ой - арманының музыкада бейнеленуі мен оның өмірмен байланыстылығын түсіндіру, балаларды өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.

3. Дамыту: а). Оқушылардың музыкалық қабілеттерін халық әндерін орындау және күйлерді тыңдау барысында одан әрі қарай дамыту, есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін одан әрі дамыту.
ә) Музыкалық шығармаларды қабылдау, ықылас, музыкалық есту қабілеті, әншілік дауысы, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:
Ән – күйлерге арналған күйтабақтар, тақырыпқа байланысты салынған суреттер, әндер сөзі жазылған плакат – тар, ұлттық аспаптар, компьютер, тест сұрақтары.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ – жауап, баяндау, ой қозғау, шығармашылық.
Сабақтың түрі:
Сайыс, электронды сабақ үлгілері, лекция, кездесу.
Пәнаралық байланыс:
тарих, бейнелеу, информатика, өнер.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а). Оқушылар сабаққа компьютер арқылы жіберілген «Сарыарқа»
күйінің әуенімен кіреді.
ә). Музыкалық сәлемдесу.
• Оқушылар, біздің бүгінгі ән сабағымызға облыс мектептерінен көптеген қонақтар қатысып отыр, осы шаңырақ иелері ретінде қош келдіңіздер дейміз!
• Сабағымыздың алғашқы бөлімін өткен тақырыптарға байланысты қайталау, білімдерімізді тиянақтау мақсатында сайыс түрінде өткіземіз.

1 - қатар - Тұяқтас
2 - қатар - Шаңқобыз
3 - қатар - Асатаяқ

3 топқа қойылатын сұрақтар:

1. Балалар, бүгінгі сабақ бізді әнмен қарсы алды ма, әлде күй сазымен бе?
2. Күй жеке аспапта орындалды ма? Әлде оркестрмен орындалды ма?
3. Күй қай композитор күйі және қандай күй еді?
4. 1 - тоқсанда бұл күймен қай тақырыпты өткенде танысқан едік?
5. Күй тарту мектебінің қандай түрлерін білесіңдер?
6. « Сарыарқа» күйі қай түріне жатады?
7. Шертпе күйге мысал келтіре аласыңдар ба?
8. Сонымен, жалпы күй дегеніміз не?
9. Төрт түлік малға арналған ән - күйлер тақырыбында қандай күйлермен таныстық?
10. Әннің, күйдің жай, орташа не тез орындалуы музыка тілінде қалай аталады?
11. Кейбір күйшілер жиын – тойларда тез, жылдам өз жанынан бір күйді шығарып
тастайды, ондай күйшілерді қалай атаймыз?
12. Тек суырып салма күйшілер болады деп ойлайсыңдар ма?
13. Өзінің анасына арнап күй шығарған қай күйшіні білесіңдер, күйінің атын ата?
14. Өзіне арнап күй шығарған күйші, күйінің атын атаңдар?
15. Қандай динамикалық белгілермен таныстық?

Карточкалар:
1 – топқа:
« Зарланасың ақ ешкі - ай, лағыңа, ой – дүние – ай...»
- Ән кімнің әні, қандай ән еді?
- Бұл қай тақырыпқа арналған?

2 – топқа:
« Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады...»
- Осы аңызға байланысты шыққан қандай күй, авторы кім?
- Күйді қандай аспап орындайды?

3 – топқа:
« Осы өмірге лайық, отты жағып...»
- Қандай ән, қай тақырыпқа арналған?
- Осы тақырыпқа байланысты тағы қандай әнді білесіңдер?

Сайыс бөлімін қорытындылау.

Бүгінгі кезекті тақырыбымыз - « Тарихи әндер мен күйлер» деп аталады.
1. « Елім – ай» әні сөзінен 2 шумақ оқылады.
Қысқаша мазмұны беріледі:
• Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезең 1723 жылы болған Жоңғар шапқыншылығы. Бұл соғыс қазақ халқын туған жерінен, атамекенінен, ағайын туыстарынан айырды. Дүрліккен ел шұбырынды болып көшіп, Қаратауға қарай беттеді. Сөйтіп дүниеге « Елім – ай» әні

2. Ән күйтабақтан тыңдалады.
• Бұл ән қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаны, шын – дықты бейнелейді, ал мұндай әндерді « тарихи әндер» дейміз. Сонымен «Елім – ай» әні қандай әнге жатады екен?

3. Суретке келу ( плакатқа салынған ), оқушыларды сөйлету.
• Сол кездегі тарихты бейнелейтін сурет оқулықтарыңда да беріл - ген екен, енді осы сурет бойынша өз ойларыңды әңгімелеп берсеңдер.

4. Электронды сабақтан әнді тыңдату.
• Енді мониторға назар аударайық, электронды сабақтағы өзде – рің сияқты балалардың « Елім – ай» әнін орындауларын тың – дап көрелік.

5. Электронды сабақтағы саз сырнай үніне оқушыларды қосу.
• Осы балалар сияқты өзіміз де бұл әнді орындай аламыз ғой, солай ма, ендеше саз сырнай үніне қосылып өзіміз айтып көрейікші, алдымен аспапта әнді бір рет тыңдап алайық. Енді әуенге қосылып орындаймыз.
• Ән сөзі, әуенінен қазақ халқының басындағы қайғыны, қиын кезеңді байқауға бола ма?

6. Халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғаларға арналып ән ғана емес, күйлер де
шыққан. Ондай күйлерді тарихи күйлер дейміз, сондай күйлердің бірі – Асанқайғы
атамыздың «Ел айырылған» күйі, бұл күйде де атамекен жерінен айырылған халық
мұңы, қайғысы бейнеленген. Қазір бұл күйді мектебіміздегі өнерпаз күйші Сырым
Қапаровтың орындауында тыңдап көрелік.

7. Осындай тарихи оқиғалар әр ғасырда, әр заманда болып тұрған. 1832 - 36 жылдары
халық тағдыры үшін атқа мінген Исатай иен Махамбет аталарымызға күйші атамыз
Құрманғазы « Кішкентай» деген күйін арнаған. Ал 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысқа арнап Дина әжеміз « 16 – жыл» атты күй шығарған. Қазір Құрманғазы атамыздың « Кішкентай» күйін электронды сабақтан тыңдап көрелік.
8. Бүгінгі « Тарихи әндер мен күйлер» тақырыбына арналған жаңа сабағымызды
электронды оқулықтан алынған тест жұмысымен қорытындылаймыз.
( тест өткізу, қорытындылау )
9. Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсетіп, ата – бабаларымыз мұра етіп қалдырған
ұлан – байтақ жеріміздің бүгінгі ұрпағы - « Туған ел» әнімен танысайық.
- Ән авторларымен танысу.
- Ән сөзімен танысу, мазмұнын ашу.
- Ән әуенімен таныстыру.
- Оқушылардың үйренуі. ( 1 - 2 шумағы )
Әнді оқушылар ұлттық аспаптарда ( асатаяқ, мүйіз сырнай, тұяқтас ) сүйемелдеп
орындайды.

10. Батыр болған бабаңнан,
Ел қорғауды үйренің!
Ару болған анаңнан,
Ар қорғауды үйренің!
Туып - өскен жерім деп,
Жер қорғауды үйренің! – дегендей, туған ел, туған жер тарихын қастерлейтін ұрпақ, ата мекенді алға апара –
тын азамат болып өсіңдер деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
«Тарихи әндер мен күйлер» тақырыбына байланысты электронды оқулықтан алынған

Т Е С Т
1. 1723 жылғы тарихи оқиғаға арналған қазақтың халық әні?
а) « Елім менің»
ә) « Елім – ай»
б) « Туған жер»
2. «Елім - ай» әні қандай аспапта орындалған?
а) Асатаяқ
ә) Саз сырнай
б) Жетіген
3. Құрманғазы қандай музыкалық аспапта орындаған?
а) Домбыра
ә) Қобыз
б) Сыбызғы
4. Хан қандай күйде домбыра шанағына қорғасын құйғызды?
а) « Құлагер»
ә) « Қара жорға»
б) « Ақсақ құлан»
5. « Ел айырылған» күйін кім шығарған?
а) Құрманғазы
ә) Дина
б) Асанқайғы
6. Құрманғазы атаның алғашқы күйі?
а) « Кішкентай»
ә) « Серпер»
б) « Адай»
18 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оразова Алтынай Махметжановна
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×