Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Ә дыбысы туралы алған білімдерін толықтыру, ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: білімді тиянақтау
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қызыл, көк текшелер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Балалар, шаттық шеңбері бойында бір - бірімізге жылы тілек айтайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Еліміз аман болсын!
Бірлік болсын!
Тәртіпті болайық!
Үлкенді сыйлайық!
Деніміз сау болсын!

2. Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Класс іші тып - тыныш.
Құралдарымыз алдымда
Мен дайынмын сабаққа.
3. Өткенді қайталау.
4. – Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атап беріңдер?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жұма
Онда бір - бірімізге сәттілік тілейік.
Жұма күні сәтті болсын!
Күніміз тек жақсы болсын!
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді сыйлайық!
- Балалар біз мультфильмдер көреміз бе? Қандай мультфильмдер білеміз?

3. 3. «Алға Диего» (видеороликтен мультфильм көрсету)
- Мына бала қандай мультфильм кейіпкері?
- Алға Диего!
- Сәлем достар! Менімен саяхатқа шыққыларың келе ме?
- Иә
- Олай болса менің бір шартым бар. Сіздерге тапсырмалар берем, егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, саяхатқа бірге шығамыз. Келісесіңдер ме?
- Иә.
Тапсырма. Өткен әріптерді атау, дауысты, дауыссыз екенін ажырату.
А Т П Н Ғ Р Л М У Ш О Й Қ Д Б
4. Жаңа сабақ.
Диего: Жарайсыңдар достар! Сендерге ризамын ендеше саяхатымызды бастайық.
«К»
Әртүрлі жастағы көрермендерге көруге арналған фильм.
Диего және оның достары.

- Саяхатымызды бастаймыз.
1. 1 Кішкентай маймылға тал басынан банан алып беруге комектесу.
- Ол үшін бізге не қажет?

- Талға шығу үшін әрине баспалдақ керек.
- Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.
Тапсырма. Сөздерді оқы.
әке, әсем, әже, дәрі, кәрі
2. 2. Құстарға балапанын жыланнан құтқаруға көмектесу.
Жыланның тапсырмасы: Буындардан сөздер құрау.
Ә-ке әке
Ә- же әже
әдеп (әже, әке, әдеп туралы тақпақтар айтады.)
2. 3. Қоянды судан құтқару.
- Ол үшін бізге не қажет?

- Әрине, дельфин қажет.
Дельфиннің тапсырмасы: Жұмбақтың шешуін тап.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш)
5. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап,
Кәне, қанат қағайық
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық.
- Әтеш сөзін дәптерге жазу. (дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату)
2. 4. Сурет бойынша әңгіме құрау.

2. 6. Аюға бал жинауға көмектесу.
Аралардың тапсырмасы: Жоғалған сөзді тап.
Ә...

2. 7. Көбелектерге арнап гүлдер отырғызу.
- Мына ұшып жүрген нелер?
- Көбелектер
- Көбелектер қайда қонады?
- Гүлдерге
Тапсырма.
Әр қатардағы суреттен өзгешесін тап.
Үйрек, қаз, тауық, үкі
Гүлдер, сәбіз
Сиыр, ешкі, жылқы, тиін
5. Терме диктант
Алдыңғы тапсырма ішінен ә дыбысы бар сөздерді теріп жазу.
«Дыбыстарды жинау» ойыны.
Ойын шарты: Мұғалім дыбыстарды атайды оқушылар сол дыбыстардан сөздер құрастырып шығару керек.
Мысалы: т а н а, ә т е ш, т. б.
Диего: Жарайсыңдар, достар, мен сендерге ризамын. Барлығыңа «Табиғат қорғаушысы» деген төсбелгі беремін.
6. Қорытындылау. Табиғат туралы өлең оқу. (балалар айтады хормен)
Айналаңды қоршаған,
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп - қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйе біл!

7. Туған жердің табиғаты. (видеороликтен Ойылдың табиғатын тамашалау.)
8 848
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысымен таныстыру. А дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Юбилейный ауылы, Госплемстанция негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Лунара Бауыржанқызы
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×