Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы - шағын қоғам

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 - сынып дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам
Білімділік мақсаты: «Жер - Ғарыш денесі» тарауынан алған білімдерін тиянақтау. Адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктері туралы теориялық білімдерін бекіту Оқушыларға отбасының шағын «қоғам»екенін түсіндіру. Сол қоғамға лайық, тең құқылы мүшесі болу - адамгершілік парыз екенін ұғындыру.
Дамытушылығы: Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту. Отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қордың маңыздылығын түсіндіру. Отбасының әр мүшесінің дамуына жағдай жасауға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру, Ата - ананы сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірталас.

Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру.
1. Табиғатты бақылау, ауа - райы туралы мәлімет беру (бақылап, бағдарлау)
2. Психологиялық дайындық
- Балалар, бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мен сендерді көргеніме қуаныштымын
- Сендердің көңіл күйлеріңіз қандай?
- Ендеше, олай болса сендер маған өз көңіл күйлеріңізді ән арқылы жеткізесіздер.
- Ән.

Сабақтың жүрісі
Үйге тапсырманы тексеру.
Сұрақтары; а) Ғарыш әлемі туралы не білесіңдер?(бар ақпаратты жинақтау)
Слайд 1. Күн жүйесі туралы не айта аламыз?
Слайд 2. Ертеде жұлдыздарды қалай бақылады?
Слайд 3. Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы не білесіңдер?
Слайд 4. Тестік тапсырма.(өзіндік жұмыс орындату)
Слайд 5. Тест жауаптары: (өзін өзі тексеру)
1. Б 3. Ә 5. Б
2. Ә 4. Б 6. Ә

Тарауды қорытындылау (білімді бекіту)
- Міне, балалар біз сендермен ғарыш әлемі туралы үлкен тарауды аяқтадық. Ғарыш әлемін зерттеу адамзат үшін қажет па, қажет болса не үшін?
- Егін шығымдылығын болжауға:
- Мұнай қорын білуге:
- Экология жағдайларын болжауға
- Географиялық карта жасауға негіз болады
- Күн қуатын зерттеді
Ғарышты зерттеу жұмыстарын кім игеріп жүргізуде (адам)
Адам - табиғаттың ең саналы перзенті адам өзінің даму сатысында түрлі кезеңдерді басынан өткізді.
Өзіне қажет жағдайларды жасады. Сөйте жүріп олар қоғамды қалыптастырды.
- Осы қоғам дегеніміз не, қоғамның бір бөлшегі отбасы туралы ондағы қарым - қатынас, қазақы отбасы тәрбиесі туралы бүгінгі сабақта білетін боламыз.(өткен сабақ пен жаңа сабақ арасындағы байланыс
Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Слайд. Қоғам
- Дәптермен жұмыс
- Отбасы - шағын қоғам
- Тарауымыз «Қоғам»деп аталады.
Ал бұл тарауда нені біліп үйренеміз, назар аударайық.
- Қоғам дегеніміз – біздің өмір сүріп отырған ортамыз.
- Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Қоғамда отбасының алатын орны үлкен. Әрбір отбасы мүшесі қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар.
Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықта н 1993 жылдан бастап
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.

- Слайд: Кітаппен жұмыс.
- Мұғалім оқиды.
- Іштей оқыту.
- Тізбектеп оқыту.
- Сөздік жұмыс.
(Қоғам басшы, мұқтаж, ауқатты)

Слайд: «Пікірталас» (өз ойын ортаға салу)
- Отбасын неге шағын қоғам дейді?
- Яғни біздің өмір сүріп отырған қоғамымызды президент басқарады, сол сияқты отбасында бір басшы болады. Ол басшының айтқанын орындау отбасы мүшелерінің міндеті. Ал осы отбасының негізін қалаушылар кімдер?
Олай болса әкемізді қандай теңеу сөздермен айта аламыз. (тіл дамыту)
Әке - асқар тау.
Слайд: Менің толықтыруым (үлгі)
- Слайд: Ана
- Ана - ақылшым
- Слайд: Менің толықтыруым (үлгі)
Әке мен ана - отбасының қамқоршысы. Осы екі сөзде айтқанда жүрегімізде бір жылылық сезімі пайда болады, солай ма әке мен ананың өз міндеттері бар. Ол туралы біртуар ақынымыз Қ.Аманжолов
«Мен - президент, сен - премьер»деп жырлаған екен. Ал сендер ана мен әкеге деген сезімдеріңізді қалай жеткізесіздер.

Слайд: Поэзия минуты. (оқушылардың шығармашылығын дамыту)
- Ата - ана еңбек етіп отбасының қорын жинайды.
Слайд: Отбасы қоры
Кіріс
Шығыс
- Оқушы түсіндірмесі (экономика негіздерімен байланыстыру)
- Республикамызда түрлі ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлт өкілдерінің барлығы атадан балаға өз ұлтының дәстүрлерін үйретеді.
Біз өзіміз қазақ отбасының ұл - қыздарымыз.
Бабаларымыздан жалғасып келе жатқан отбасы тәрбиесі бар. Сендерге ата - аналарың не нәрселерді үйретеді? (ұлттық тәрбие беру)
- Жеті атамды үйретеді.
- Мәдениеттілікке т. б.
- Осы дәстүрлері жалғасқан отбасылар елімізде заң аясында қорғалған ол туралы
Қосымша теориялық білім:
Слайд: ҚР заңының 27 - бабы “Неке және отбасы”тарауында әке мен ана және бала мемлекет қарауында болады делінген.
ҚР президенті отбасылардың әл - ауқаты мен әлеуметтік жағдайларын жақсару бағытында көп жұмыстар жүргізеді.
- Слайд:
- Көп балалы отбасыларға материалдық көмектер ай сайын
- Қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету жолға қойылуда.
-Әлсіз отбасы балаларын мектептерде ыстық тағамдармен қамтамасыз ету жолға қойылуда.

Слайд: Суретпен жұмыс. (оқушыларды байланыстырып сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу)
- Кімдер бейнеленген?
- Үлкенді сыйлау туралы не айта аламыз?
- Бұл отбасының басшысы кім?
Осы суреттегі отбасы мүшелеріне қатысты мақал - мәтел айтайық
(Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану.)
1). Ата
2). Әже
3). Әке
4). Ана
5). Аға
6). Апа
7). Іні
8). Қарындас - туралы мақал - мәтел айту.

Слайд: мақал - мәтел
Слайд: Тыныштық сәті.
(жәй музыка ырғағында психологиялық тыныштық сәтін мұғалім оқиды)
Тыныштық сәті. /баяу ән/ (Оқушылардың ой - қиялын дамыту)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
- Көздерімізді жұмамыз.
- Терең демалайық.
- Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші.
- Бұл бақыт, қуаныш жарығы.
- Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді.
- Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді.
- Қандай әдемі.
- Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың әкелерің, әжелерің, аналарың.
- Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес.
- Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер
- жап - жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!
- Балалар, көз алдарыңа не елестеді?
- Қандай сезімде болдыңдар?
- Ойды тиянақтау.

Слайд: Отбасы
Ата - ана
Бала
Қоғам

Слайд: Отбасы құндылықтары
(оқушылар сөздерді оқып, өздері қорытынды жасайды)
Отбасы - адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны әрқайсысының отбасы дәстүрлерін құндылықтарын сақтай білсеңдер қоғамның жақсы мүшесі бола аласыңдар
Жаңа сабақты қорытындылау
- Не үйреніп, не білдіңдер?
- Сұрақтармен бекіту
- Өткенді пысықтау
- Бағалау
- Үйге тапсырма беру
19 062
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы ұғымын тереңірек түсіндіру арқылы әке - шеше, бауырларының қадірін білгізу. 2. Жаңа мағынаны танып білуімен қатар «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашу, ойларын жеткізе білу қабілетін дамыту.
Отбасы - шағын қоғам
Отбасы - шағын қоғам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Отбасы - шағын қоғам
Отбасы - шағын қоғам
Екібастұз қаласы, №18 ЖОББМ-КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі Маржан Бекова
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×