Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 - сынып әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже.

Сабақтың мақсаты: 1) Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы туралы түсінік беру, өлең мен таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.
2) Төрт түлік мал туралы мағлұматтарын кеңейту.
Олардың атаулары, ана туралы өлеңдерді оқи отырып, ананы сүю туралы түсініктерін кеңейту.
3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру. Төрт түлік малды қадірлеуге, ананы, әжені, үлкенді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, сызбалар.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру.
- Өткенді пысықтау

Жаңа сабақ
- Қазір қай сабақ, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?
- Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өзіміздің әдепті, сауатты оқушы екендігімізді көрсетейік.
Қайталау сұрақтары:
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Сөз неден құралады?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Сөйлемге мысал келтір.
6. Дыбыс нешеге бөлінеді?
7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
8. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата! Сөз ойла.
10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
11. Төрт түлік мал түрлерін ата.

Балалар, біз сендермен төрт түлік мал атаулары мен танысып қана қойған жоқпыз, сонымен олардың адамға пайдасы туралы көптеген әңгімелермен таныстық. Қазақ халқының бүкіл өмірі, тұрмыс тіршілігі осы төрт түлікпен тікелей байланыста өткен. Адамдар бір - бірін көргенде мал жан аман ба деп амандасқан. Сонымен қатар оларға қатысты мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер шығарған. Тіпті сол төрт түлікті жыл атауларына да кіргізген.
Ал біз төрт түлік туралы не білдік. Қане, ортаға салайық.
Ұлттық ойындарды ата.
Енді төрт түлік мал туралы мақал - мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты қалай есте сақтадыңдар соны тексерейік.
1. ___________ теппейді
_____________ төкпейді (мақал)
2. Аттың көркі
_____ - ___ _____
3. Шөре - шөре лағым
_______ _______
_______ _______

4. Төрт түлік пікірлерін жаз.
5. Малдың төлін сүюі (оқыту)
- әр төл өзінің төлін қалай жақсы көреді?
- атап шығу.
- Балалар осы құлыным, ботақаным, момыным, қозым деген сөздермен сендерді кім еркелетеді?
- әрине анамыз
Дүниеге келген күннен бастап аялап, мәпелеп өсіретін кім?
- әрине ана.
- Суретпен жұмыс
- Не көріп тұрмыз?
- Не айта аламыз

Отбасының шуағы, күні ана. Ана өмір сыйлаушымыз ғана емес, бесік жырын айтып, түн ұйқысын төрт бөліп, баласының жақсы ісіне қуанатын, жаман ісіне қиналатын адам.
Қосымша тапсырма:
(өлеңде жіңішке айтылып тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу)
- Бесік, бөпем, жілік, үкі
Ана өміріміздің тірегі. Ақын - жазушыларымыз өлең шығармаларын арнаған. Оларды Отан - анаға, қасиетті Жерге теңеп отырған.
Ал біз ата - ана туралы не білеміз?
Поэзия минуты.

Сергіту сәті.
Анамыз күніміз, қамқоршымыз болса. Өмірімнің жалғасы, баламның баласы немерем деп еміренетін кім?
Бұл өлеңді С. Қалиев жазған (өмірбаяны)
- іштей оқыту
- тізбектеп оқыту
Тіл дамыту. Өзіңнің әжең туралы әңгімеле.
Әжеде, анамызда біздің өміріміздің сәні, үйіміздің күні.
Балалар, олай болса, отбасымыздың күндері әжеміз бен анамыз аман болсын деп мына күнге анамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып күн шашақтарын ілейік, мен бастайын
- аналар аман болсын
- өткенді пысықтау
- марапаттау, бағалау
- үйге тапсырма (оқу)
31 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Төлдер
Төлдер
Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсінік беру, төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейте отырып, малдың пайдасын ұғындыру.
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал — мәтелдер, әңгімелер тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×