Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбділда Тәжібаев "Лағым" "Құлыншағым"

01 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев "Лағым" "Құлыншағым"
Мақсаты: б) Оқушыларға өлеңнің мазмұнын тақырыбын ашып түсіндіру.
с) Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, жан - жақты ойлау қабілетін
дамыту.
д) Оқушыларды үй жануарлапын күтуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: портрет, сурет, парақша.

1. Ұйымдастыру: Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық.

2. Үй тапсырмасы: Үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?
- Сағи Жиенбаевтың "Ботақан. Қошақан. Бұзауқан" өлеңдерін жаттап келу. – Кім айтады?
- Осы бұзауқан, қошақан, ботақан бұлар нелер?
- Төлдер. Қазір ойын ойнаймыз. Төлдердің анасын дұрыс табуымыз керек. Мына тақтада аналары тұр, солардың астына төлдерді қоямыз.
- Ботаның анасы – түйе.
- Бұзаудың анасы – сиыр.
- Қошақанның – анасы – қой.
- Лақтың анасы – ешкі.
- Құлынның анасы – жылқы.
- Бұлар қандай жануарлар? Неге?
- Өйткені біз оларды өсіреміз, бағамыз. Шөп, жем, су береміз.

3. Сергіту сәті: - Сиыр қалай дыбыстайды?
- Сиыр мөңірейді, мө - мө.
- Қой қалай дыбыстайды?
- Қой маңырайды, мә - мә.
- Түйе қалай дыбыстайды?
- Түйе боздайды, бө - бө.
- Жылқы қалай дыбыстайды?
- Жылқы кісінейді, ио - ио.

4. Ой толғаныс:
Басында екі таяғы бар,
Тұяқты төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Селтеңдеп сақалы бар. (ешкі)

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Мойыны ұзын, көзі үлкен
Бұл не, өзің тауып ал? (түйе)

Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоңы бар (қой)

Қоян жақты, тақыр жонды
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды
Салпы ерін, өзі жүйрік
Кең омырау, жуан құйрық (жылқы)

5. Тіл дамыту: Жұмбақтың шешулерінен сөйлем құрап айтқызу. Мысалы: Ешкі секірді.
6. Дәптермен жұмыс:
7. Жаңа сабақ: Бүгін біз сендермен Әбділда Тәжібаевтың "Лағым" "Құлыншағым" деген өлеңдерімен танысамыз.
а) Автор жөнінде: Ә. Тәжібаев (1904 - 1998) Қызылорда қаласында дүниеге келген. Инттернатта оқып тәрбиеленген. Оның алғашқы өлеңі "Сыйлық" деген атпен шыққан. Оның балаларға арналған көптеген өлеңдері бар. 1985ж Қазақ Халық жазушысы құрметті атағын алған.
ә) Сөздікпен жұмыс: құндыз – бағалы аң.
зәресі кету - қорқу
бөрі – қасқыр
қалың – мол шөп
б) Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу. Түсініксіз сөздерді белгілеп аламыз. Әр оқушы өлеңді 2 тармақтан оқу. Шумақтап оқу

в) өлеңнің құрылысы: 1. шумақ – 5
2. тармақ – 20
3. буын – 6, 7
4. бунақ – 2
Қара өлең ұйқасы

г) Ойын: "Малды қораға қамау". Малдардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1. Ақын лаққа, құлыншаққа тән қылықтарды қалай суреттеген?
Лақ: - секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың
Құлын: - Құлдырайды, шабады.
2. Ақын құлыншақты нелерге теңейді?
Құндызым, жұлдызға теңейді.
3. Ақынның лаққа, құлыншаққа деген сүйіспеншілігін қай
жолдардан аңғаруға болады?
4. "Секектеме, селтеңдеме, шұңаңдама" сөздерді қай төлге тән
айтылған?
5. Құлдырайды, шабады сөздерді қай төлге тән айтылған?

6. Өмірмен байланысты: Біздің өзіміздің өлкемізде де осы төрт
түлікті өсіріп бағады. Маңғыстау жері шөлді аймақ болғандықтан көбінесе түйе өсіреді. Сонымен қатар біздің Құланды ауылында жылқы өсіреді. Ол жерде ат жарыстары болатын ат ипподромы бар. 25 - қазан күні Отпен тауда Ер Қосай атамыздың 500 жылдығына ат бәйгесі өтті.
- Отпен тауға барғандарың бар ма?
- не көрдіңдер?
- сендерді аналардың еркелеткенде төлдердің атымен атайды ма?
- сол сияқты атақты жазушымыз М. Әуезовті атасы "қоңыр қозым" деп еркелеткен.

7. Проблемалық жағдай: Жаңа біз төлдерді қораға қамауға көмектестік. Ата - әжелерің ауылда тұрады. Мысалы: сендер нағашы атаңның ауылына қыдырып барғанда, саған айтса «қорада тұрған 5 төлдің біреуін таңдап ал, сыйға беремін» - десе қайсысын алар едің, не себеп?

5 жол өлең:
Құлын – шабады
Лақ – секіреді
Бота – боздайды
Бұзау – мөңірейді
Бұлар төлдер.

8. Шығармашылық жұмыс:
Төлдерде жасына байланысты атаулары бар
Құлын ---------- Лақ
Жабағы -------- марқа лақ
Байтал --------- лақ теке
Тай ------------- серкешік
Құнан ---------- текешік
Дөнен --------- серкеше
Бесті ----------- серке, теке

9. Қорытынды: Венн диаграммасы
10. Бағалау:
11. Үйге тапсырма: 89 - 90бет жаттау.
Лақ, құлын туралы әңгіме жазып келу.
8 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Жайылымдағы қошақандар
Жайылымдағы қошақандар
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×