Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

06 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы:Етістік
Сабақ мақсаты: Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту. Етістіктің өзге сөздермен байланысын таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, өз ойын жеткізе білу, дәлелдей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке баулу.
Әдісі:Сұрақ - жауап, түсіндіру, сатылай кешенді талдау стратегиясы.
Көрнекілігі:Слайд, торт түлік суреттері, трексхема.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбек ету
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу.
- Барлық оқу құралдарымыз түгел ме?
- Қазір қай сабақ?

II1. Үй тапсырмасын тексеру
- Қандай тапсырма берілді?
- Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді таба ғой.
(дәптер алмастырамын)

2. Өткен тақырыптарды пысықтау
- Зат есім туралы не білеміз?
Зат есім туралы білімдерін ереже сұрау, мысалдар келтіру арқылы тексеру

Сұрақтар.
1. Зат есім деген не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3. Негізгі зат есім деген не?
3. Туынды зат есім деген не?
4. Жалқы және жалпы есім деген не?
5. Зат есімнің тәуелдік жалғауы дегенді қалай түсінесің?
3.«Түсін мені» ойыны
Әр қатардан бір оқушы шығып карточкадағы сөзді қимылмен көрсету керек. Қалған оқушылар қандай сөз екенін табу керек.

Карточкадағы сөздер
Оқиды Ұшады Жүзеді
жүгіреді отырады аулайды

- Балалар, бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
- Ол қай сөз табының сұрағы деп ойлайсыңдар?
(Етістіктің ережесін қайталап, еске түсіру)

III. Жаңа сабақ.
Дәптерге күннің жадын жазу, тақырыпты жазу.
1. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу(ауызша)
Суретпен жұмыс
- Не көріп отырсыңдар? Бұл суреттер бойынша не айтуға болады?
- Оқушылар не істеді?
- Бала не істеді?(етістіктерді табу)
Сөйлемді оқу
Әнуар балықтарға жем шашты.(етістік табу)
- Бұл суреттер бойынша құраған әңгімемізге қандай ат қоюға болады?
- Балалар не істеді?
- Кімнің үйінде аквариум бар? Тотықұс бар? Оларға қандай көмек көрсетесің?
- Жақында біздің мектебіміз де «Табиғатпен үндес»сайысына түсіп, 1 - ші орынды иеленді. Оған да біздер үлес қосқан болатынбыз. Қандай үлес қостық еске түсірейікші.
- Қамқорлық жасау, көмек көрсету, жәшік жасау бір сөзбен қалай айтамыз?
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
2 - жаттығу
Жұмбақты оқу, шешуін табу, етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою, сөйлемді етістіксіз айтып көру.
- Етістік не үшін керек екен?
Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны да әсем иілген.
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды. (Аққу)
Сұрақтар
- Аққу деген не?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Тағы қандай құстарды білесіңдер?
- Олардың пайдасы қандай?
- Аққу туралы, жалпы құс туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
3 - жаттығу(ауызша тақтада орындау)
Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жазу
Зат есім --------- Етістік
Ата --------------- ойнады
іні ---------------- жинады
балық ---------- қуды
түйе ------------- жарысты
шортан --------- айтты
- Балалар, бұл сөздердің ішінде туыстықты білдіретін сөздер бар ма? Қайсылар?
- Тағы қандай туыстықты білдіретін сөздерді білесіңдер?
- Туыстыққа байланысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
4 - жаттығу(өзіндік жұмыс)
Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.
Сөздеріне сөйлем құрастыру. Оқушыларға оқыту, етістіктерді табу.
Санды мақалдарды оқу
Білекті 1 ді жығады,
Білімді 1000 ды жығады.

1 лігі жоқ ел тозады,
1 лігі күшті ел озады.

6 ау ала болса ауыздағы кетеді,
4 еу түгел болса төбедегі келеді


Мағынасын түсіндіру,. етістіктерді табу.
5 - жаттығу
Суретпен жұмыс
Малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жазу.
Жылқы құлындайды. Түйе боталайды. Сиыр бұзаулайды. Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.
- Бұл айтылғандар неге жатады?
- Төрт түлік туралы не білеміз?
- Олардың пайдасы қандай?
- Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деген. Олар туралы не білесіңдер?
- Ал енді балалар, олар қалай дыбыстайды екен? Оны келесі жаттығудан білеміз.
6 - жаттығу(ауызша)
Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Бие кісінейді --------------------- Ит үреді
Түйе боздайды ------------------ Тауық қыт-қыттайды
Қой маңырайды ---------------- Мысық мияулайды
Сиыр мөңірейді ----------------- Шошқа қорсылдайды
Ешкі бақырады ------------------ Есек ақырады

Етістіктерді табу, сұрақ қою.

Карточкамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар
1. Бақырды, мөңіреп тұр сөздеріне сатылай кешенді талдау жасату.
2. Нашар оқушылармен карточкамен жұмыс жүргізу.

- Балалар, бұл жануарлар қандай жануарларға жатады?
- Жануарлардың қай тобына жатады?
- Жануарлар қандай табиғатқа жатады?
- Тірі табиғатқа тағы қайсылар жатады?
- Балалар, табиғат деген не өзі?
(Оқушылардың жауабын тыңдау)
- Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
- Олай болса, тақтаға назар аударайық.
Табиғатқа байланысты сурет бойынша 1 - ші қатарға әңгіме құрату, 2 - ші қатарға мақал - мәтел құрату, 3 - ші қатарға өлең құрату. Етістіктерді тапқызу
- Жарайсыңдар. Сонымен табиғатты не істеуіміз керек екен?
- Табиғатты аялау бүкіл адамзаттың міндеті. Табиғат байлықтарын қорғау азаматтық борыш екен. Оған сендер де үлес қоса аласыңдар. Қандай үлес қоса аламыз деп ойлайсыңдар?

IV. Сабақты қорыту
- Балалар бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқардық?
- Қай сөз табы жайында сөз қозғадық?
- Бүгінгі сабақтан қандай тәрбие алдық деп ойлайсыңдар?
Жарайсыңдар, олай болса еңбектерің бағаланады
Үй жұмысы. Түліктердің пайдасы жайында қысқаша әңгіме жазу
5 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Зат есім
Зат есім
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Қызғалдақ
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×