Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5-ке көбейту және бөлу кестесі

20 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ: математика
Тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 5-ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың ой-өрісін, еске сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
ТӘРБИЕЛІК: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
- математика сабағына қажетті оқу – құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау:
4 санының көбейту кестесін жатқа айту
100 беттегі №9 есеп
Миға шабуыл:
• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?(2 кг)
• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?(4)
• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды(1)

ІІІ. Өткенді пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңді білу үшін сұрақтар қоямын.
1-сұрақ:-Заттардың құнын табу үшін не істейміз?
(1 заттың бағасын заттардың санына көбейту керек)
2-сұрақ:-Заттың бағасын табу үшін не істейміз?
(құнын заттардың санына бөлеміз)
3-сұрақ:-Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау қажет?
(құнын бір заттың бағасына бөлу керек)
№1 есеп
Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
(қосу амалы арқылы табылған)
Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз 5-ті өз-өзіне 5 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 5-ке көбейту кестесі, ал оң жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)
3) – Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
(5-ті 5-ке көбейту үшін 5-ті 5 рет қосамыз, ал 5-ті 6-ға көбейту үшін 5-ті 5-ке 6 рет қосамыз)
5•5=5+5+5+5+5
5•6=5+5+5+5+5+5
5•7=5+5+5+5+5+5+5
5•8=5+5+5+5+5+5+5+5
5•9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6•5=5•6
7•5=5•7
8•5=5•8
9•5=5•9
- Не байқадыңдар? (көбейткіштердің орындары ауысқан)
- Қандай ережені білеміз, еске түсірейік. (көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді) №3 тапсырмада 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған. (дәптерге жазылады)
5•5=25 6•5=30
5•6=30 7•5=35
5•7=35 8•5=40
5•8=40 9•5=45
5•9=45

№4. 1) Ауызша.
Бөлуге кері амал - көбейту.(көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
25: 5=5, себебі 5•5=25
30: 5=6, себебі 6•5=30
35: 5=7, себебі 7•5=35
40: 5=8, себебі 8•5=40
45: 5=9, себебі 9•5=45
№5, 6 есептер кітаппен жұмыс
«Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»
- Абай атымыздың сөзін есепке алып, біз сендермен үй құрастырып көрейік. Үй құрастыру үшін бізге кімдер керек?
- Дұрыс, бізге экономист, сәулетші, құрылысшы, шатыр салушы, сылақшы, әрлеуші, бағбаншы керек. Енді олардың әрқайсысының тапсырмалары бар екен.
- Ал енді осы сызбаға сүйеніп оқулықтағы
Әрлеуші. № 7 есепті шығарайық.
М-5 (кг)? (кг)
Қ – 7
Ш: 5 * 7 = 35
Ж: Массасы 35 кг.
Шатыр салушы. Тақтамен жұмыс. №8
656-98=558
306+87=393
300: 100=3
(34+636)- 920=70
720 -(384+216)=120
90•10 – 756=144
40•7-40•5=80
70•3+70•2=350
80•3+30•2=300
Сәулетші №9..
4•в в=1, 2, 5, 8, 9, 0
4•1=4
4•2=8
4•5=20
4•8=32
4•9=36
4•0=0

Сергіту сәті. Ойын «Сарай құрастыру»
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді...
Құрылысшы. №10.
- Не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Неше амалмен шығарамыз?
1) Т. д. – 6(о)
Т. к. – 4(о)
Әрқ. – 2 м
Шұңқыр -?
Ш: (6+4)•2=20
Ж: 20 шұңқыр қазылды.
2) Ж. – 5 қ. әрқ.- 10(г)
К. – 42
Ш: 5•10+42=92
Ж: 92 гүл өсіп тұрды.
Бағбаншы. №11. Қалдықпен бөлу.
6: 5=1(қ. 1)
7: 5=1(қ. 2)
8: 5=1(қ. 3)
9: 5=1(қ. 4)
11: 5=2(қ. 1)
12: 5=2(қ. 2)
Сылақшы №12. Ауызша.
- Қандай фигуралар қиылысады?
тік төртбұрыш пен бұрыш
шеңбер мен қисық сызық
шаршы мен тік төртбұрыш
Жазады:
1қ. =1см
Р=?
Р=1см+ 1 см+1 см+1см = 4см
Р= 1см • 4=4см
Үйге тапсырма:
Үйге тапсырма. № 13, 14 102-бет, көбейту кестесін қайталау.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлу туралы есептерді өз бетінше шығару іскерліктерін қалыптасады.
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Есептер шығару
Есептер шығару
Атырау қаласы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
Қостанай облысы, Рудный қаласы "№15 орта мектебі" ММ Қарымсақова Жаңыл Серікбайқызы
7-ге көбейту және бөлу кестесі
7-ге көбейту және бөлу кестесі
7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 саны туралы ұғым беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×