Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев

04 тамыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Балаларға 150 - 152 жаттығу (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сөйлем туралы толық теориялық білім беру, оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту. Жамбыл атаның балаларға айтқан өсиетін түсіндіру. Сөйлем туралы түсініктерін молайту.
Дамытушылығы: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ойындар, шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Оқу құралдарын шығартып тиянақтау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Жырау» жаттау
3. Білімдерін жан - жақты тексеру
а) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
б) Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
в) Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөзді ата?
с) Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
д) Сөйлем дегеніміз не?

4. Жаңа сабақ
1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Жамбыл атамыз 100 жыл өмір сүрген. Оның көптеген кітаптары, өлең шумақтары бар. Ақын өзіне «Менің өмірім» деген өлең шығарған.

Қақаған қар аралас соғып боран
Ел үрей көк найзалы жау торыған
Байқара Жамбыл ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Әкесі Жапа ол кедей болған, ат үстінде мығым найзагер болған кісі екен. Анасы Ұлдан мінезі байсалды өзі өлең шығара білген. Әрі әдемі дауысты әнші. Жамбылдың ұстазы Сүйінбай ақын екен. Жамбыл 13 жасынан бастап ақын болуға бел байлаған. Өлеңге ақындыққа құмарлығы ерте оянған екен. Өлең, жырды жақсы көрген, жырау, жыршы болған. Көптеген әртүрлі тақырыпта жазған жырлары бар. Соның ішінде бүгінгі өтетініміз Жамбыл атамыздың “Балаларға” деген өлеңін оқимыз.

«Балаларға»
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.

Конаққа келді, міне, Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерер бүкір жотам.
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған,
Қуанып жастығына сендей ботам.
Жамбыл Жабаев
Өлеңнің мағынасын ашып, оқушыларға тізбектей оқытамыз.

Сергіту сәті:
Мектебім - айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.

Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп
Қалуға ұялмаймын.

Сынып жұмысы
1. Сөйлемдерді оқы.
Әрқашан болсын анам,
Болайын менде аман.
2. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылған, соңында қандай тыныс белгісі қойылған.
Тақтамен жұмыс.
Оқушыларды орнына отырғызып, тақтамен жұмыс жасаймыз. Әр оқушыны тақтаға шығарып тақтамен жұмысты талдаймыз.
151 - жаттығу.
1. Сөйлемді оқыңдар. Керекті жеріне нүкте қойып, оларды бас әріптен бастап жазыңдар.
Құралай терезені ашты үйге салқын ауа кірді үйдің ауасы тазарды Құралай сабақ оқыды
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру. Ереже сұрау. Дыбыстық талдау жасату.
Шығармашылық тапсырма.
Кім? Не? Қандай? Неше? Не қылды?
................................................................
Ойын. Жасырын сөз табу.
Оқушыларға жапырақтың астындағы жасырын сөзді табу. Ол үшін берілген сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтары:
1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлемнің байланысын қалай табамыз?
3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Тасымалдау әдісі

5. й, ң, у сөз ішінде буынға бөлінуі.
6. Екі дыбыстан құралатын әріп.

7. Өз алдына буын болатын әріп.
Дәптермен жұмыс:
Оқулықтағы 152 - жаттығуды орындату.
1. Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің кім, не туралы екенін айтыңдар.
Біз концертке бардық. Әншілер ән айтты. Концерт бізге ұнады.
2. Сөйлемдерді көшіріп соңына қандай тыныс белгісі қойылғанын айтыңдар.
Ойын. «Кім тапқыр»
1. Суретте жасырынған сөзді табу. Әр жапыраққа бір мақалдан айту. Білім, батыр, өнер туралы мақал айту. Жасырынған жапырақтағы үш туралы оқушылардан сұрау.
2. Бес нәрседен қашық бол, (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Бес нәрсеге асық бол (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Бекіту.
1. Жамбыл атаның қандай өнері болған?
2. Жамбыл ата балаларға қандай сөз айтты?
3. Жамбыл ата туралы не білесіңдер?
4. Сөйлем неден құралады?
5. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілер қойылады?

Сабақты қорытындылау.
1. Оқушылар біз бүгін сабақта кіммен таныстық?
2. Ол кім?
3. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Үйге тапсырма.
Оқушыларға үйден Жамбыл Жабаевтың «Балаларға» өлеңін жаттау.
165 беттегі 153 - жаттығуды орындап келу.
Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысқандарына, жауаптарына, белсенділігіне қарай бағалаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Өнер адамдары
Өнер адамдары
Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру; Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×