Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

20 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Білімділігі: Оқушылардың 2 - ші сыныпта мәтін жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға, мәтін құрауға үйрету.
Электронды оқулықтардан тапсырмалар орындау.
Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой-өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелігі: Жақсы мінез - құлыққа, еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу.
Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру. Топтық сабақ.
Әдісі: Дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ой шабуылы, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер, тірек сызбалары электронды оқулық тапсырмалары.
Тест.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Ана тілі.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
1. Қымыз – шипалы сусын. Біздің мектепте үлкен мұражай бар. Балалар ертегі көрді.
Бұл мәтін бе?
Тақырып қоюға болама?

2. Саққұлақ жақсы ит. Ол мал күзетеді. Бір күні қораға қасқыр шапты. Саққұлақ оған тап берді. Қасқыр қорқып қаша жөнелді.
- Бұл мәтін
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
- Сөйлемдер бір - бірімен өз ара мағына жағынан байланысып тұр. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтіннің негізгі ойы не?
Ит адамның досы, көмекші серігі.

3. Олай болса бүгінгі өтетініміз: Мәтін.
Мәтін
Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау
Не істеді? Қандай? Неліктен?
Не болды? Неге?
Қалай болды?

«Балдырған» журналынан мәтіндер алынып, оқып түрлері ажыратылады.
1. Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Қазақстанның үлкен қаласы. Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «Алманың атасы» деп аталады. (әңгімелеу).
2. Күз белгісін алдымен ақ қайың сезеді. Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды. (пайымдау).
3. Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік. Ол астық тұқымдастарға жатады. Оның сабағы түп - түзу, жіңішке. Масағы төрт қырлы немесе алты қырлы.
(сипаттау).
Мәтіннің тағы қандай бөліктері болады?
1. Басы.
2. Негізгі бөлім.
3. Соңы.

Оқулықпен жұмыс.
Сынып 4 топқа бөлінеді.
1 - топ. «Айгөлек»
2 - топ. «Балдырған»
3 - топ. «Мөлдір бұлақ»
4 - топ. «Тіл ашар»

1 - топ. «Айгөлек»
2 - жаттығу. Мәтінді оқып, ат қою. Мәтіннен негізгі ойды табу.

Егіс даласында
Бірде Науан әжесін еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
- Мынау өсіп тұрғандар не?- деп сұрады.
- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп жауап берді әжесі.
- Нан болса, таба наны қайда?
- Таба нан да осы дәннің ішінде.
- Ақ тоқаш ше?
- Тоқаш та осы дәннің ішінде.
- Бауырсақ ше?
- Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр, Науанжан.
- Әже кіп-кішкентай дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр?- деп Науан таңғалды.
- «Ас атасы – нан, нан атасы – дән» деген, Науанжан, осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде – деді әжесі.
Мәтінге ат қойылды. «Егіс даласында». Негізгі ойды беретін атау.
«Ас атасы – нан, нан атасы – дән»

2 - топ. «Балдырған»
3 - жаттығу. Мәтіннің тыныс белгісін қойып жазу.
Біздің көл
Ауыл шетінде көл бар. Жазда балалар оның бір жағасынан екінші жағасына жүзіп өтеді. Күзде көл суы суи бастайды. Көл жағалауындағы шөптер сарғаяды. Ағаштар мен бұтақтардың жапырақтары түседі. Қысқы аязда көл мұз боп қатады.

3 - топ. «Мөлдір бұлақ»
Сурет бойынша ертегі құрастыру.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетіпті.
- Ей түлкі батыр не қылып тұрсың?- депті ешкі.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда ыстықтап, сусап өліп едім.
Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп - тұнық суы бар екен,- депті түлкі.
Ешкі су ішіп салқындайын деп апанға қарғып түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің мүйізінен аяғын тіреп сыртқа шығып кетіпті. Ешкі маңырап, апанда қала беріпті.

4 - топ. «Тіл ашар»
Өлеңді оқып, көмекке келген сөздерді жапырақтарға жазып дана ағашына ілу керек.
Жүгерідей аппақ,
Ұстап көрсең қатты - ақ.
Су боп еріп кетеді,
Қойсаң тығып сақтап,
Сатыр - сұтыр етеді,
Шекеңе тисе өтеді.
Ауызға салсаң лезде
Кәмпиттей еріп кетеді.
Төбемізден төнеді,
Төбемізде төгеді.
Табиғаттың маржаны
Тіпті неткен көп еді
Табанымды жаралап,
Тердім жарды жағалап.
Тізер едім моншақ қып,
Еритіні жаман - ақ!
Дана ағашына ілінген сөздер:
1. Маржаны.
2. Су.
3. Аппақ.
4. Жүгерідей.
5. Қатты - ақ.
6. Сатыр - сұтыр.
7. Кәмпиттей.
8. Моншақ.
5. «Сиқыршы сандық» ойыны арқылы сурет бойынша мәтін құрастырып, Айгөлек журналына жібердік.
1 - топ. «Айгөлек»
Жаз мезгілі. Балалар ойын алаңына келді. Олар екі топқа бөлініп футбол ойнады. Жарас бастаған топ жеңіске жетті. Ойын өте қызықты болды. (әңгімелеу).

2 - топ. «Балдырған»
Өсімдік тірі табиғат. Өйткені ол өнеді, өледі. Айман бөлмесіне гүл өсірді. Гүл әдемілік үшін ғана емес, таза ауасын береді. (пайымдау).

3 - топ. «Мөлдір бұлақ»
Піл үлкен, биік жануар. Тұмсығы ұзын, құлағы үлкен, табаны жалпақ. Терісі қалың. Оған жүк артады, әрі адамдар көлік қылып мінеді. Салмағы ауыр.

4 - топ. «Тіл ашар»
Сиыр
Сиыр үй жануары. Оның еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, май алынады. Сүтті ұйытып, құрт, ірімшік жасайды. Сиырдың тұратын жері таза, құрғақ болады. Уақытында жемін, шөбін, суын беріп тұру керек. Сонда ғана оның сүті мол болады.
Электронды оқулықтан мынадай тапсырмалар орындаттым.

6. Электронды оқулықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты жұмбақтар шешілді.
1. Өзі түзу, ізі қисық бір аттың, өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
(қалам мен жазу)
2. Көлдің ортасынан не табасың?
Жердің ортасынан не табасың?
(Ө және Е әріптері)
3. Құдықтың ортасында не бар?
Құрықтың ортасында не бар?
(Д және Р әріптері)
4. Балықта бар да, нан да жоқ,
Халықта бар да, ханда жоқ. (Л әрпі)

7. Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: 24 - жаттығу.
Керік сөзіне мәтін құрастыру.
8. Қорытындылау.
Тест жұмыстары арқылы қорытындыланады.
1. Мәтіннің қандай түрлері болады?
а) Әңгімелеу, сипаттау, көркемдеу.
б) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. +
в) Пайымдау, дәлелдеу, түсіндіру.
2. Бірыңғай жіңішке айтылатын сөзді тап:
а) жапырақ.
б) инелік +
в) құлыншақ.
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата:
а) б, в, г, ғ, д, ж, з. +
б) р, л, и, у, м, н, ң.
в) п, ф, к, қ, т, с, ш.
4. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле:
а) зейнеткер
б) зейнеткерім
в) зейнеткерлер +
5. Құттықтау мәтінін таңда:
а) Біз демалуға орманға бардық.
б) Денсаулық, бақыт тілеймін. +
в) Біздің халқымыз бақытты.
31 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің түрлері
Екінші сыныпта алған мағлұматтарына сүйене отырып, мәтін туралы ұғымдарын кеңейте түсу, мәтін түрлерін ажыратуға, пікір айтуға, өз ойын дәлелдей алуға дағдыландыру, қорытынды жасай алуға үйрету.
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×