Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасбақаның шөбі

29 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тасбақаның шөбі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Әбіш Кекілбайдың әңгімесімен таныстыру. Тақырыптың мағынасын ашу, әңгімені талдау, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейту.
2. Ойлануға, өз пікірін айта білуге, өзіндік ізденістерге жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.
3. Ұжымдық жұмыс жасай білуге, бірін - бірі сыйлауға, тыңдауға, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және табиғатты сүйіп, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ
Көрнекіліктер: Автор портреті, тасбақа суреті, сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды сабаққа даярлау. Психологиялық даярлық
- Балалар, қазақ халқының ұлы жазушысы кім деп ойлайсыңдар?
- Абай Құнанбаев.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, Абайдан асқан дана, Абайдан ұлы қазақ халқында жазушы жоқ.
Ендеше мен бүгінгі сабағымды ұлы ақын Абай аталарыңның отыз бірінші қара сөзімен бастағым келіп отыр.

Отыз бірінші сөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек;
үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, көңілге бекіту керек;
төртінші - ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек. Егер кез бола қалса, салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, Я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

2. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ « Ұшып келем» өлеңін бір шумақтан жатқа айту.
Сұрақтар беру:
1. Өлең кім туралы жазылған?
2. Ұшып жүрген ұшқыш неге қызығады?
3. Ұшқыштың туған жерге деген ыстық сезімін қай сөздерден байқауға болады?
4. Туған ел туралы мақал - мәтелдер айту

Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған!

3. Жаңа сабақ
4. Сөзжұмбақ «Табиғат»

1. Тұмсығы қашау,
Кәсібі – ұя жасау
Ағаштарды қорғап,
Зиянкестерді асау.( Тоқылдақ)

2. Шілтиген сирағын,
Тұмсығын қадайтын.
Бетіңе, мойныңа,
Қонып ап талайтын.
Ертелі кеш мазалап,
Ұшып қонған тажал - ақ ( Маса)

3. Әр жерде бар мекені, Өзінен зорды да, көтеріп алып кетеді. (Құмырсқа)

4. Шегіртке емес секіреді,
Бақылдайды, лепіреді.
Шу көтерген көлде,
Балық емес бұл не? ( Көлбақа)

5. Көктемде ерте келетін,
Үйімізге енетін.
Саздан соғып ұя істеп
Балапанға беретін
Бұл қай құс еді, балалар?
Өзіміз жақсы көретін. (Қарлығаш)

6. Түрі түсі иттен аумайды
Бірақ үй маңын аулайды (Қасқыр)

7. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан аулайды
Көзі шамға ұқсайды (Жапалақ)

Тақырыпты ашу «Тасбақаның шөбі»

Авторға тоқталу.
Әбіш Кекілбай 1939ж Батыс Қазақстан облысында туылған. Парламент депутаты, белгілі жазушы

5. Ой қозғау
ТАСБАҚА туралы не білеміз?
Жай жүреді, құрылықта мекендейді, төрт аяқты, жәндік, қосмекенді,

6. Мағынаны тану. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Түртіп алу жүйесі
Сөздікпен жұмыс жүргізу
Кібіртік - тоқтап сүрініп жүреді
Мимырт - жай жүреді
Сала құлаш- ұзын
Шыбыртқы- шыбық тәрізді таяқ

7. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға тізбектей оқыту
8. Сұхбаттасу
Оқиға қай кезде болған? Неге мәтін «тасбақаның шөбі» деп аталды?
Әңгімедегі Қарабала туралы не айтуға болады?
Осы әңгімеден ойыңа маңызды не сақталып қалды?
Егер сен осы әңгімені жазсаң нені өзгертер едің?

9. Топпен жұмыс. Кубизм әдісін пайдалану

1 - топ. Салыстыру.
Өтілген сабақтардан, қосымша әдебиеттерден оқыған - білгендерің бойынша теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстыру. Айырмашылығын атау.

2 – топ. Зерттеу Тасбақа жайлы деректер айту
3 – топ. Ойды байланыстыру. Жан - жануарларға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдарды білесіңдер?

Сабақты қорыту. 5 - жолды өлең құрастыру
1. Не? Тасбақа
2. Қандай? Сауытты, шегір көзді
3. Не істейді? Тұқшаңдайды, қорғанады, тіршілік етеді
4. Сөйлем. Бақыт арқалаған дала тасбақасы.
5. Мағ. сөз Қосмекенді

Оқушылардан бағалау парақшасын алу.
Үйге тапсырма: Мазмұнын айту. Тасбақа туралы деректер қарастыру.
6 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Гүлбану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×