Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мозаика. Саңырауқұлақ

15 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы 1
Пән – еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Мозаика құрастыруды үйренеміз: «Саңырауқұлақ»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
б) дамытушылық: қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру.
Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, интерактивті әдістер, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек, ойын құралдары, ереже, слайд, т. б.
Техникалық құралдары: мультимедиалық құрал, ноутбук.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қоршаған орта, бейнелеу өнері, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық:
Сәлеметсіз бе?! Есенсіз бе?! Амансыз ба?! Біздің сыныбымызға қош келіпсіз!
ә) Мұғалім: балалар, қазір болатын сабағымыз - еңбекке баулу. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Сабағымыз бүгін ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды «Үндеме, бірақ қайтала» деген ойынмен бастайық.
Мақсаты: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шарты: мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орында отырып құралдарын көрсетуі тиіс.
II. Жалпы білімді тексеру

а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтары:
1. Қағаз дегеніміз не?
2. Қағаздың қасиеттерін ата.
3. Қағаздың түрлерін ата.
ә) «Жануарды таны» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.
Жасаған көбелектері туралы сұрау.
б) Сергіту сәті.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық

а) Қызығушылығын ояту: «Кім тез табады?»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шарты: суретте берілген көбелектерді санау, ерекше көбелекті табу.
ә) Ой қозғау: саңырауқұлақ туралы не білеміз?
б) Ақпараттық мәлімет.
IV. Жаңа білімді түсіндіру

а) Мозаика құрастыру туралы айту.
ә) Слайдпен жұмыс.
б) Мұғалімнің көрсетуі.
V. Жаңа білімді бекіту

а) Қауіпсіздік ережелері:
Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
ә) Практикалық жұмыс.
1 - топ: қайшымен қию арқылы мозаика құрастыру.
2 - топ: қылқаламмен үзу арқылы мозаика құрастыру.
3 - топ: қағазды майдалап жырту арқылы мозаика құрастыру.
б) Сергіту сәті.
в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.
VI. Жаңа білімді қорыту.

а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.
VII. Бағалау

Оқушыларды мадақтау, нұсқаулар айту.
13 369
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Саңырауқұлақтар әлемі
Саңырауқұлақтар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия технология пәні мұғалімі Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Мозаика құрастыру «Саңырауқұлақ»
Мозаика құрастыру «Саңырауқұлақ»
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×