Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарақожаұлы Қорқыт ата

03 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
АНА ТІЛІ (4 сынып)
Қарақожаұлы Қорқыт ата.

Сабақтың мақсаты:
1. 8 - 9 ғ. өмір сүрген ұлы күйші, қобызшы Қорқыт ата жайлы аңыз әңгімені түсіндіру, Қорқыт, оның өмірі, күйлері жайлы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тілдік қорын, мәнерлеп оқу дағдыларын, ой өрістерін дамыту.
3. Оқушыларды күй өнерін түсініп, қадірлеуге, тарихымыздың сырын түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қобыз - музыкалық аспабы, слайдтар, күй аспаптары жайлы буклет, Қорқыт атаның портреті.
Пәнаралық байланыс: Музыка.
Сабақтың әдісі: проблемалық баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
2. Өткен сабақты пысықтау, бекіту.
Сабағымызды үйге берілген тапсырманы пысықтаудан бастайық.
1. Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?.
2. Аңыз дегеніміз не? Қандай аңыз әңгіме білесіңдер?
3. Әл - Фараби туралы не білеміз?

1 - слайд. Үй тапсырмасы: " Өнерлі жігіт" ( 1 балаға мазмұндату)
2 - 6 слайдтар арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
7 - слайд. Үй тапсырмасын бекіту. Әл - Фараби кім?.
8 - слайд. Әл - Фараби туралы қосымша не білеміз? "( Шығармашылық тапсырма. Зерттеп келу)

3. Жаңа сабақ. Үй тапсырмасын жақсы меңгеріпсіңдер. Енді бір сәт музыка тыңдасақ. ( Қобызбен орындалатын күй тыңдату)
- Ненің үні?. ( Қобыздың). Қобызды көрсету.
- Қобыз тартатын адамды кім дейді?. ( Қобызшы)
Ендеше, балалар біз бүгін сендермен тағы бір ұлы атамыз, күйші, қобызшы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімемен танысамыз.

9 - слайд. Қорқыт ата Қарақожаұлы.
- Ерте заманда адамдардың болашағын болжап айта алатын бір данышпан өмір сүріпті. Оның аты Қорқыт екен. Балалар, Қорқыт атаның өмірге келуінің өзі бір тарих. Анасы құлан етіне жерік болып, үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқытты дүниеге әкеліпті. Сол күні күн күркіреп, дауыл соғып, дүниенің астаң-кестеңі шығады.
Қорқыт туған кезде қара аспанды су алған,
Қара жерді құм алған, ол туарда ел қорқып,
Туылған соң қуанған! - деген ел арасында сөздер айтылған. " Бұл бала бізді қорқытып дүниеге келген бала болды. Есімі - Қорқыт болсын " - деп, азан шақырып, ат қойыпты. Қорқыт туылған соң күн де қабағын ашып, сәуле шашыпты.

Ой қозғау: - Осы сөздерден нені аңғаруға болады?. ( Ол тегін адам емес, әулие адам)

Мұғалім: - Бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие аян беріпті.
Әулие: Уа, Қорқыт сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атаның жілігіндей, шанағы қара бақырдай, көні аруананың терісіне, тиегі ортекенің мүйізінен, ішегі бес айғырдың құйрығынан болсын, аспабыңды қобыз деп атарсың!
Қорқыт түсінен оянып, аспап жасауға кіріседі. Әулиенің барлық шарттарын орындайды. Аспапты қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе қобыз сарнап қоя беріпті.
Ұшқан құс, жүрген аң, ескен самал бәрі тоқтай қалып қобыз үнін тыңдайды. Міне, Қорқыт ата тартқан күйдің бір қайырымы осылай басталған деседі.
1 абзацты мұғалім түсіндіреді. 2 - абзацтан бастап тізбектей оқыту.

Мұғалім: Әңгіме түсінікті ме?. Қорқыт атаны ойландырған сұрақтар сендерді де ойландыра ма?
- Қорқыт ата қандай адам болған? (көріпкел, болашақты болжай алатын, көп білетін адам болған)
Ой қозғау: Сендерге әсер еткен жерлері.( түс көру туралы)
- Қорқыт өліммен қалай күреседі? Ажалдан құтылудың жолын неден іздеді?
- Қорқыт атаның күйлерінің құдіреттілігін көрсететін тұсты тауып оқиық.
10 - слайд. Дәптермен жұмыс.

Сабақты пысықтау. 11 - 14 слайдтар арқылы.
1. Қорқытты қандай сауал көп ойландырады?
2. Қорқыт түсінде не көреді?
3. Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?
4. Аңыз бойынша Қорқыт атаның өмірі қалай аяқталады?
15 - слайд. Қосымша мағлұмат.
Қорқыт ата өлсе де оның күйлері өлген жоқ.
Ізденушілік тапсырма. Алдын ала берілген тапсырма бойынша Қорқыт атаның күйлерінің шығу тарихын біліп келу.
"Аққу" күйі. Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. Ол тартқанда су ағысын тоқтатып, жел тынып, табиғат ұйып тыңдапты. Бірде көкте ұшып бара жатқан бір топ аққу айнала ұшып, қанат бүгіпті. Мұңлы күйдің даусына сұңқылдасып, Қорқытпен бірге мұңайған екен. Сөйтіп "Аққу" күйі туындаған.
"Әуіпбай" күйі. Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті. Күндіз - түні ажалды аластатып, баласы мен зайыбына көңіл бөле алмапты. Баласы мен зайыбы Сырдың бойына келіп, Қорқыттың тілеуін тілеп жүріпті. Бала есейе келе қобыз тартып отырған әкесіне талпынуды шығарыпты. Қолын созып, ұмтылып, түрлі қылықтар шығара бастайды. Іші жылып, баласын бауырына басып, мауқын баса алмай мұңаяды. Баласына бар жұбатқан сөзі "Әуіпбай - Әуіпбай" - дей беріпті.
Күйлерін дәптерге жазып алу.
Мұғалім: - Балалар, көрдіңдер ме, Қорқыт жас та болса киелі аспапты өмірге әкелді. Қасиетті қобыз үні адамның көңіл күйінен орын таба білетін, үні қоңыр, құлаққа жағымды әсері бар, әсерлі аспап.

Сабақты қорыту. 16 - 17 слайдтар.
Қорқыт Қарақожаұлының қазіргі мазары мен көне мазарын көрсетіп, түсінік беру. - Сонымен, Қорқыт ата кім?.
Аймақтық компонент. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасаудың шебері, жерлесіміз Жолаушы Тұрдығұлов жайлы буклет көрсетіп, түсіндіру, аспаптарын көрсету.

Үйге тапсырма: 18 - слайд. Әңгімені түсініп оқып, әңгімеде кездесетін жер - су аттарын дәптерге көшіріп жазу.
9 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қобыз атасы – Қорқыт
Қобыз атасы – Қорқыт
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Киелі аспап - қобыз!
Киелі аспап - қобыз!
Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Дерсехан Бұқашжан туралы жыр
Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×