Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не деу керек? Буын

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мәні: Оқушыларға буын және сөзді буынға бөлу туралы білім беру.
ә) Дамытушылық мәні: Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой - өрістерін, тілдерін дамыту.
б) Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сауатты, мәнерлеп оқу мен көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қималар, ойыншықтар, қима бауырсақтар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1 - 2 - 3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1/ «Көрші атам» өлеңін жатқа айту.
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?
1 - мұғаліммен
2 - үлкен атамен
3 - досымен /ер балалар бір - бірімен, қыз баламен/
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
- Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдыны қояды.
Бауырсақ домалап қашып кетеді. Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жегісі келеді.
- Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді.
1. «Ой қозғау»
1. Табада бар, -------------- 3. Қылда бар,
Танада жоқ. ----------------- Жүнде жоқ
Сабада бар, ----------------- Жылда бар,
Санада жоқ. (Б) ------------ Күнде жоқ /Ы/
2. Дабылда жоқ, ----------- 4. Нарда бар,
Дауылда бар. --------------- Қарда жоқ
Далада жоқ, ----------------- Нанда бар,
Ауылда бар. (У) ------------- Майда жоқ /Н/

Жаңа сабақтың тақырыбы: БУЫН деген сөз шықты.
Ережені түсіндіру.
Балалар буын деген сөзді бұрын естідіңдер ма?
- Әліппеде дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенімізде сөздерді буынға бөліп үйрендік. Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты?
Ереже. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Сурет бойынша сөздерді буынға бөліп үйренейік: Күн, ай. кі - тап, ба - ла - лар, ба - ла - пан, ал - ма.
- Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардың оны әрі қарай шығарып салайық.
- Бауырсақ әрі қарай домалап кетті. Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді.
- Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз бе?
Ендеше тапсырманы орындайық.

Дәптермен жұмыс
58 - жаттығу
1. Сөздерді буынға бөліп жаз
2. Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен
Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық.
- Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады?
- Аю шығады.
Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе?
Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.
59 - жаттығу

Аюдың тапсырмасы.
1. Мақал - мәтелдерді оқыңдар.
2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар.
Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір сергіп алайық.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Кішіпейілдік - кісілік белгісі /сурет бойынша жұмыс/
«Жалғасын тап»ойыны

«Не істеуге болмайды?»
- үлкендердің алдын.................../кесіп өтуге/
-- кішкене баланы....................../жылатуға /
- құстарды................................/атуға/
- сабақтан................................./кешігуге/
- сыныпта................................../айқайлауға/
«Не істеу керек?»
- үлкен кісіні........................./сыйлау керек/
- үлкеннің тілін..................../тыңдау керек/
- үлкендерге........................../жол беру керек/
- кішілерді............................./қорғау керек/
- оқу құралдарын............................/ұқыпты ұстау керек/
- Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады.
Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін.
- Өлеңді авторымен таныстыру.
- Не деу керек?
Ә. Дүйсенбиев - өмірімен таныстыру.

Мұғалім: Ә. Дүйсенбиев - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Ол «Балдырған», «Жалын»журналдарының хатшысы болып жұмыс істеген. Балаларға арнап көптеген Гүлзар, Парадта, Не деу керек?, Қызғалдақ, т. б еңбектер жазған.
Түлкінің тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру..
1. Рахмет 2. Кешіріңіз
3. Рұқсат па? 4. Енді қайталамаймын
Қорытынды бөлім:
- Балалар, бізге қонаққа келген аңдарға сыйлық сыйлайық.
Қоянға - сәбіз
Қасқырға - сүйек
Аюға - бал
Түлкіге - балық
Әрбір сыйлық артында жасырынған сұрақтарға жауап беру.
Сәбіз - Балалар сөзінде неше буын бар?
Балық: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
Сүйек - Бейбітшілік сөзін буынға бөл. Дауысты дыбыстарды ата.
Бал:- Сөз буынға қалай бөлінеді. Ережені қайтала.

Үй тапсырмасы:
Өлеңді мәнерлеп оқу, мақалды жаттау
Бағалау.
Сабақ барысында әр бөлімде жауап берген оқушы қорапшадан бауырсақ жинау арқылы өз - өздерін бағалайды.
12 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Тымақ
Тымақ
Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдабергенова Жаннат Алдабергеновна
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Буын. Не деу керек?
Буын. Не деу керек?
Шымкет қаласы, №78 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шынғысбаева Базаркүл
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Әлиева Гүлсім Кеңесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×