Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұзындықты өлшеу. Метр

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
МАТЕМАТИКА 2 - сынып
Тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Метр. (м )
Мақсаты: 1) күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр» және «сантиметр»- дің ара қатынасын түсінуге жағдай жасау. Сынық сызықпен танысу, геометриялық фигураларды дұрыс атай білу.
2) бір амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу дағдыларын пысықтау,
3) алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге құштарлығын ояту.
Көрнекілік: см лента, сызғыш, кесте, мата дүкені бейнеленген слайд, интертақта, күшік пен
Қоянның суреттері.
Қолданылатын технология: дамыта оқыту.
Әдісі: ізденісті - проблемалық, сарамандық жұмыс, топаралық жарыс.
Түрі: жаңа білім игеру сабағы.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағдай жасау.
Интертақтадағы суретке назар аудару. - Балалар, біз не көріп тұрмыз? (Күнді)
- Дұрыс, ол бұлт арасынан шыққысы келіп тұр. Бұлтта жаңбырдың суы бар. Ол жауып болғанда күннің көзі ашылады. Кәне жаңбырды жауғызып, күнді құтқарайық..
3 саусақ, алақан, жоғарыда,
Партада тықылдату, алақанмен партаға соғу, аяқпен топырлау, шапалақтау, 3 саусақпен шапалақтау. Қолды жоғары созайық, күннің көзін ашайық.

ІІ. Жаңа сабақ.
1) Сарамандық жұмыс.
Кесінділерді өлшу (Барлық балаға ДМ жолақшаларын үлестіру)
А) Оқулықтың 8 бетіндегі екі кесіндіні өлшейік.

Осы екі кесіндінің ұзындықтарын қосыңдар
1дм+1 см =1дм1см
Ә) І топқа - Кітаптың мұқабасын өлшеу, дм - ге айналдыру.
- Адамдар әр жерде нені өлшеп жүр? Қандай заттардың ұзындығын өлшеп жатады?
(жауаптарын тыңдау)
В) ІІ - топқа - Тақтаны өлшеу. Сантиметрмен өлшеген тиімді ме?
- Әлде дециметрмен өлшеген тиімді ме?
- 1 м - де неше дм бар, см ше?
- Ұзындықты метрмен де өлшейді.
1м =10дм = 100см
2) Кестемен жұмыс. Слайд
Хормен оқу. жаттау
Есіңе сақта!
1дм = 10см
1м= 10дм
1м = 100см

ІІІ. Сергіту сәті. 1, 2, 3
Демаламыз жинап күш
Бестік баға аламыз
Қуанып үйге қайтамыз.
ІҮ. Интертақтадағы фигураларды атау.
- Аққоянға фигуралардың атын айтып беріңдер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Метр – ұзындықтың өлшем бірлігі
Метр – ұзындықтың өлшем бірлігі
күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр»
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)
Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі - миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету; шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×