Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын.Тасымал

03 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Арнаулы түзеу мектебінің 2 сыныбында өткізілген ашық сабақ жоспары.
Қазақ тілі. 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың буын және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың білімді бекітуіне ықпал ету.
2. Түзеу: Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.
3. Тәрбиелік: Жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: компьютер, слайд « Буратиноға көмектес», дайын буындар, карташалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Бір - бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені еске түсіру. « Сөздер буындардан құралады.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады».
/ауызша мысалдар/
Ойын «Аспаннан буын жауғанда»
/буындарды орнына қою/
Тақтаға кезектесіп шығып жазады.
Ба, ла, пар, та, тақ, та, кі, тап. / буындарынан сөз құрау/.
4. Дәптермен жұмыс.
Бала, парта, тақта, кітап сөздерін дәптерге жазып дауысты дыбыстың астын қызыл қарындашпен сызу.
5. Сөздерді буынға бөліп оқу. Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау
Гүл, еден, мұз, асық, қобыз, сырнай, бағбан, әнші, балапан, домбыра.
Тапсырмаларды оқушыларға тізбектеп оқыту. Олардың қателерін дер кезінде түзету.
6. Сергіту сәті.
Қоюланып тағы бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып
Бұға қалды көбелек
7. Тасымалдау жолын көрсет.
Балалар, тасымалдау туралы не айтасыңдар?
Егер сөз жолға сыймаса оны буынға бөліп келесі жолға тасымалдаймыз.
Бар - ды, ө - зен, кел - ді, О - тан. Тасымалданбайтын сөзді көрсет
8. Слайд – шоу. «Буратиноға көмектес.»
Әрбір оқушыға жеке - жеке тапсырма беру.
9. Логикалық ойын « Бес мысықты тауып шық»
10. Үлестірмелі карташа. Түсіп қалған әріптерді тауып жазып, сөздерді дұрыс буынға бөл.
11. Сабақты қорытындылау.
12. Үйге тапсырма беру.
10 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Қазақ тілінде сөздердің басында ортасында келетінін меңгереді.
Ауылда. Н. Қадырбаев
Ауылда. Н. Қадырбаев
№ 34 « Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші: Жармағанбетова Г. Қ.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×