Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Даңғой өлеңі Есентай Ерботин

21 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.
Сабақтың мақсаты: Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру. «Даңғой» өлеңімен таныстыру.
Сөздік қорын, ой - өрісін, танымдылық қабілеттерін дамыту.
Патриоттық, адамгершілік тәрбие беру. Жаман әдеттер мен жат қылықтардан аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа мазмұнды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Күн шапағы, тест сигнал белгілері, «жұмыс түрлері», білім баспалдағы, видеопроектор.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

Психологиялық дайындық:
Мұғалім: Екі көз не үшін керек?
Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушылар: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Оқушылар: Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Сендер Отанымыздың жарқын болашағысыңдар!
Бүгін біздің ана тілі сабағымызда қонақтар бар. Сабаққа жақсы қатысуларыңды сұраймын.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Үй жұмысын тексеру. Сейтен мен Жәутікке мінездеме беру. «Жүгіртпе» әдісімен дәптерлерін қарап шығу. 2 оқушы оқиды, балалар салыстырады.
«Өкініш», «Ащы бал» әңгімелерін мазмұндау. Авторы туралы бірер сөз.
Өткен сабақты бекітуге арналған тест жұмысы. Оқушылар тест сигнал белгілерін көтеру арқылы жауап береді. Тест жұмысы экранда көрсетіледі.
1. «Өкініш», «Ащы бал» әңгімелерінің авторы кім?
А) Дулат Исабеков
Ә) Сағи Жиенбаев
Б) Әбділдә Тәжібаев
2. Малқарға кім көмектесті?
А) Әкесі
Ә) Әжесі
Б) Анасы
3. Малқар не үшін өкінді?
А) Өтірік айтқаны үшін
Ә) Ұрлығы үшін
Б) Ұқыпсыздығы үшін
4. Сейтеннің ісін қалай бағалайсың?
А) Әдепсіздік
Ә) Ерлік
Б) Нағыз достық
5. Ұрлық түбі -.....
А) Мақтаныш
Ә) Қорлық
Б) Ерлік
Жақсы, балалар. Осы әңгімелерден нені түйіндейміз? (Ұрлық, ұқыпсыздық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу керек).

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұмбақ. Шешуі: қияр.
Қиярдың суреті слайдта.
- Қияр қандай көкөніс?
- Қандай пайдасы бар?
- Қиярды қайда пайдаланады?
Қияр туралы оқушыларға жаңа мәліметтер беру. (Слайдта).
Қияр шөптекті, бақшада өсетін дақыл. Асқабақ тұқымдас көкөніс түрі. Қиярдың отызға жуық түрі бар. Жемісі қабақ, тағамға пайдаланады. Қияр 12* жылылықта егіледі. Жылу сүйгіш, топырақ жылынып, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі.

Балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.
Сабақтың мақсаты: Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік алу. «Даңғой» өлеңімен танысу. Ой өрісімізді кеңейту.
«Даңғой» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Тақтамен жұмыс.
Қарашаның жиырма тоғызы
Даңғой(мысал)
Есентай Ерботин
Автор туралы мәлімет беру.
Есентай Ерботин (1940 – 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланады. Содан бері «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін біз «Даңғой» деген мысалымен танысамыз.
Мысалды оқып беру. Түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. 3 қатардан 3 оқушы өлеңді оқиды.
Ал, енді даңғой дегенді толықтырайық. Даңғой мақтаншақтық, өзін өзі асыра бағалау, айналасын менсінбеу.
Мысал бойынша білім баспалдағын сызу.
Жарамсыз қалуы
Семіп қалуы
Шарықтау шегі
Мақтануы
Шиеленісуі
Қиярдың көзге еленбеуі
Дамуы
Басталуы

Сөздік жұмысы. Слайдта.

ІҮ. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс.
Мысалдағы нақыл сөздерді тауып оқыңдар.
Жарамаса кәдеге,
Құр жатқаннан не пайда?
Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда?
Мақтаншақтық жаман әдет. Құр мақтанғаннан іспен дәлелдеп көрсеткен жөн. «Сөзден сөз құра» ойыны.
Мақтаншақтық
Мақтаншақ --- ақша ------ қан -------- ақта
мақтану ------- ана --------- ата -------- ақтық
қатық ---------- ат ----------- қант ------- ақ
тымақ --------- шақа ------- шақ ------- мақта

Ү. Сабақты қорытындылау.
Психологиялық тренинг.
Балалар, мынау не?
Сары доп, жер, шар, күн.
Бүгінгі сабақ көңілді, қызықты, мазмұнды өтті. Сондықтан мен оны күнге теңесем қалай болар еді?
Тамаша! Керемет! Жақсы!
Күнге не жетпей тұр?
Сәулесі, шапағы.
Оны өздерің жасаңдар. Бүгінгі сабақта қандай жұмыс жасадық? Нені үйрендік?

ҮІ. Сабақты бағалау.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өту.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Мысалды түсініп оқу.
Мақтаншақтық туралы мақал - мәтел тауып келу.
28 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақшада. Даңғой
Бақшада. Даңғой
Оқу мақсаты: 2. 2. 8. 2. Ақын сезімін бере отырып, нақышына келітіріп оқу.
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйрету; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Даңғой шыбын
Даңғой шыбын
Тараз қаласы, № 11 6 сынып оқушысы Кекенов Бектұрсын
Түлкі мен тиін
Түлкі мен тиін
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Адилханова Жамила
Мысық пен тышқандар
Мысық пен тышқандар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауданбаева Лаззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×