Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасымал «Өз Астанам – өз Ордам»

04 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тасымал. «Өз Астанам – өз Ордам».
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тасымал жайында түсінік қалыптастыру, сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға, сөздердің буынға бөлінетін бөлігінен тасымалдауға болатынын, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тіл мәнерін ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, туған елін, жерін, сүюге тәрбиелеу. Туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, ой - қозғау, баяндау, логикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Астана қаласының суреті, бейнетаспа карта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
– Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Ана тілі сөз өнері,
Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық,
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым қып,
Тығылмайық қуысқа,
Ойымызды айтайық
Білімімізді байқайық.

І. Бағдарлау мотивациялық кезең
«Бәйге» ойыны. Ойын мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Жуан дауыстыларды ата!
4. Жіңішке дауыстыларды ата!
5. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
6. Буын дегеніміз не?
7. Еліміздің рәміздерін ата.
8. Әнұранның авторлары кім?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсін кім сипаттап береді?
10. ҚР - ның Елтаңбасын кім сипаттап береді?
11. Ақын Өтепберген Ақыпбекұлының Әнұран өлеңін мәнерлеп оқыту.
Жаңа сабақ

Оқушыларға поьезд билеттері таратылады. Билеттің қай қалаға сатылғанын білу үшін, балаларға жұмбақтарды шешу тапсырылады.
Түнде жерге жарық береді,
Ал күндіз жоғалып кетеді.
(Ай)
Сырт - сырт етеді,
Құлағыңнан өтеді.
(Сағат)
Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді.
(Тасбақа)
Қолыма иіріп атқаным не?
(Асық)
Күнде жейміз,
Тәтті дейміз.
Қадір тұтып
Құрметтейміз.
(Нан)
Өзі қызыл, өзі тәтті
Татқан жанды таңырқатты.
(Алма)
Жұмбақ жауаптарының алғашқы әріптерін қосып оқығанда, Қазақстан Республикасы астанасының аты шығатынына оқушылардың назары аударылады.
Елордамыз Астананың әсемдігі бейнетаспадан, суреттерден көрсетіледі.

ІІ. Орындаушылық кезең
89 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өз Астанам – өз ордам.
1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Астана қаласының рәмізі.
Бәйтерек – біздің мемлекетіміздің рәмізі. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында өте әсем ғимарат «Астана – Бәйтерек» аспанға шарықтай ұмсынуда. Бәйтеректі бейнелейтін монументтің биіктігі 97 метрге жетеді. Оның ұшар басында күн нұрына бөленген жер шары орныққан. Ежелгі уақыттарда самұрық деген аңызға айналған құс болыпты деседі. Ол ұясын теректің ұшар басына салғандықтан, ешбір аң оған жете алмапты. Самұрық құс жыл сайын жалғыз алтын жұмыртқа салады екен. Оның балапандары өсе келе ерікті және тәкаппар қырандарға айналыпты. Міне, сондықтан қазақ үшін терек бақыт пен табысты, ал қыран – еркіндік пен тәуелсіздікті бейнелейді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқуы.
3. Өлеңді оқушылардың оқуы.
4. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.
– Өлеңде Астана туралы не айтылған?
– Астана жайлы не білесің?
– Егер Астана сөзін жазып келе жатқанда жолға сыймаса, қалай жазасың? Тасымалдап жазамыз.
– Қалай тасымалдаймыз?
– Буынға бөлінетін бөлігінен соң сызықша қойып келесі жолға жазамыз.
5. Ережемен таныстыру.
6. Сергіту сәті.
Аспанға қарап жарқыраған ай көрдік
Төменге қарап кең байтақ жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
90 - жаттығу. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазу.
Үлгі: Ас - та - на, Аста - на
бо - ла - шақ ------ бе - ре - ке -------- бос - тан - дық
бо - лашақ -------- бе - реке --------- бос - тандық
бола - шақ ------- бере - ке -------- бостан - дық
91 - жаттығу. Сөздердегі зат атауларын неше рет тасымалданатынына қарай екі бағанға бөліп жазу.
Түйе жолбарыс
Арыстан жарқанат

ІІІ. Рефлекциялық бағалау кезеңі.
1) «Жоғалған буын» ойыны.
Ас – _ _ _– нам. Оқу –_ _ – лар.
Бәй –_ _ – рек ел –_ _ _– ба.
Ке –_ _ – ге.
2) Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастыру.
1 ә, і, р, п ________
2 б, ы, у, н ________
3 т, с, м, а, л, а _________
4 д, б, ы, с, ы _________
3) Қорытындылау, бекіту. Сұрақтар арқылы.
1. Еліміздің астанасы?
2. Буын дегеніміз не?
3. ҚР рәміздеріне не жатады?
4. ҚР - ның президенті кім?
5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. «Астана» әнін орындау.
4) Үйге тапсырма.
«Өз Астанам – өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу. Ережелерді жаттау.
5) Бағалау.
15 559
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
Тасымал. Алматы
Тасымал. Алматы
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Зауре Бопиқызы
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Өз Астанам – өз ордам
Өз Астанам – өз ордам
Несіпбек Айтов Бастауыш сынып мұғалімі Ана тілі 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Өз Астанам – өз ордам
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Ана тілі 1 –класс Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×