Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шешенің балаларын сүюі

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 класс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу, оқулықта берілген өлеңіне жан - жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеуін дамыту, шығармашылыққа, өз ойларын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан - ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Қолданылатын әдіс - тәсіл: оқыту, сұрақ - жауап, талдау, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, М. Дулатовтың портреті, слайд - суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, Қазақстан тарихы
Топтық жұмыс түріне байланысты міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді, бір - бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап, салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» мәтінін оқып, мазмұнын айту (3 - 4 оқушы мазмұнын айтады)
«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру. (Мәтін мазмұнына сай сұрақтар)
1. Естелікті кім жазған? (Асқар Міржақыптың ағасы)
2. Мәтінге сүйеніп, Міржақыпты сипаттау
Сыртқы түр - әлпеті: Ерекшелігі:
Денесі тығыршықтай жұмыр Үздік оқуы, өжеттігі, ізденімпаздылығы.
Бойы аласалау
Киімі таза, жинақы
Қимылы шапшаң
3. М. Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян, қазақ» деп аталу себебі неде?
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
4. М. Дулатов нені армандаған?
5. Газет беттерінде жарияланып жүрген екі кісінің жазғандарын қатты ұнататын. Бұл
кісілердің бірі - Ахмет Байтұрсынов, екіншісі - белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов. Міржақыптың бар арманы осы екі ағасымен кездесу еді.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топтарға бөліп топпен отырғызу.

1 - кезең. Қызығушылығын ояту.
Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан
Күнім, жаным дейтұғын,
Айтады кәні, кім атын? / Ана/
2 - кезең. Топтастыру стратегиясы.
- Сонымен, балалар, «Ана деген кім?» сұрағына қойылатын жауаптар тізбегін жазайық.
Ана кім?
- Қамқоршы
- Дос
- Ұстаз
- Жарық өмір сыйлаушы
- Жанашыр
- Ақылшы
- Мейірімді жан
- Пана
- Аяулы жан

3 - кезең. Мағынаны ажырату.
- Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбына байланысты М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
- Автор туралы мағлұмат беру.
Міржақып Дулатов кім?
- Қостанай өңірінен шыққан тұлға
- Жазушы
- Драматург
- Қазақ ақыны
- Ағартушы - педагог
- Алаш қозғалысының қайраткері
- ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі.
- Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын.
- Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген жинағы бар. Ақын өлеңдерінде халықты білімге,
оқуға, теңдік үшін күресуге шақырады. Балаларға арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер, өлеңдер жазған.
Соның бірі - «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.

4 - кезең. Мәтінмен жұмыс.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. /Мәтін оқылып жатқанда күй әуені ойналып тұрады, интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі/.
Өлең кім туралы? /бала үшін өмірдегі ардақты жан - ана туралы жазылған/
5 - кезең. Сөздік жұмыс. Көз жасын көлдету - қатты жылау.
6 - кезең. Өлеңді әр топ бір шумақтан оқып, мазмұнын ашу, талдау. Әр шумақты оқи отырып талдайды. Бұл өлеңде ақын ана баласы жақсы болса, қуанып, жалқау болса, уайымдайтындығы, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.
7 - кезең. Әдебиет теориясы. Арнау - бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайырыла арнай сөйлеу. Олар кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем болады. /сұрау арнау/

8 - кезең. Проблемалық сұрақтар. Пікіралысу.
1. Ақын өлеңді кімге арнаған?
2. Баласының қуанышына қуанатын, қайғысына күйетін кім?
3. Ана қай кезде көз жасын көлдетеді?
4. Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе?
5. Қарттар үйі болмас үшін не істеу керек?
9 - кезең. Сергіту.
10 - кезең. Топтық жұмыс.
1 - топ. Ана туралы мақал - мәтелдер айтады.
2 - топ. Менің анам мені еркелетеді.
11 - кезең. Ой қозғау (ұжымдық жұмыс).
Шығармашылық тапсырма.
______________ данасың «анашым)
______________ панасың (Біздерге)
________________ баласын (аялап)
_______________ анашым (өсірген)

12 - кезең. Ой толғаныс. Бес жолды өлең «Ана».
Зат есім (Ана)
Сын есім (мейірімді, сұлу, айдай)
Етістік (өсіреді, мәпелейді, еркелетеді)
Сөйлемдер (Ананы сыйлау керек.)
13 - кезең. Бекіту.
1. Авторы: М. Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған.
3. Идеясы - ананың бар арманы, өмірінің мәні - баласы, соның амандығы.
4. Арнау - сұрау арнау.
5. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - балаға ана қадірін түсіндіру, ананы сүюге,
қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
1 - кезең. «Аялы алақан» оқушылар аналарының сол қолдарын қағазға айналдыра сызып, қиып алып келеді. Алақан таңбасына анаға ең жылы лебіздерін жазады.
1 - кезең. «Ана» сөзінің кілтін табу.
А - дамның
Н - ағыз
А - сылы

16 - кезең. Қорытындылау.
Ана туралы толғанбаған жан кемде - кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтпаған. Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұтуды азаматтық міндетіміз деп ұғына отырып, «Анашым» өлеңін орындайық.
17 - кезең. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» /оқушының ойын тыңдау/
18 - кезең. Үйге тапсырма.
1) М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау.
2) «Менің аяулы анам» тақырыбына шағын шығарма жазу.
19 - кезең. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағы бойынша бір - бірін бағалайды.
13 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
Атырау облысы, Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, «В. П. Чкалов атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Гүлжанат Қабдыләшімқызы
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тусупбекова Сауле Айтбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×