Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды 6 - ға көбейту және бөлу

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пысықтау сабағы (3 сынып)
Сабақтың мақсаты: Санды 6 - ға көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау. Практикалық
тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын түрлері.
Көрнекілігі: тірек сызықтар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару.
2. Психологиялық дайындық.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен қарайық.
- Балалар, біз бүгін 6 - ға көбейту және бөлу туралы алған білімімізді тиянақтаймыз.
Ол үшін «Қысқы орманға саяхат» сабағын өтеміз.
Қыс айларын атаңдаршы?
- желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Орманда қандай аңдар мен үй жануарлары қалыпты, қысқы дайындығы қандай екен байқайық.
Орман дағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық
- Қане орманда не бар екен?
Аю бар екен. Аю тәттілерді көп жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп,
ұйқыға дайындалады.

Үй тапсырмасы: 2 – тапсырма.
- Қане, балалар құлпынайын теріп жіберейік
а) Сатушы 6 сатып алушыға 8кг алмадан өлшеді. Сатушы барлығы қанша килограмм
алма өлшеді?
Шешуі: 6х 8=48
Жауабы: Сатушы барлығы 48кг алма өлшеді.
в) Бірнеше тәрелкеге 42 алмұрт тең бөлініп салынды, әр тәрелкеде 6 алмұрттан болды.
қанша тәрелке қажет?
Шешуі: 42: 6 =7
Жауабы: 7 тәрелке қажет.
с) 54 кг кәмпит 6 қорапқа тең бөлініп салынды. Әр қорапта қанша килограмм
кәмпиттен болды?
Күннің жадысын жазамыз.

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады
Бұл не?
(Мысық)
Ия, балалар мысық та жүр екен.
Мысық былай дейді. Қыс келді. Мені үйлеріңе ала кетіңдерші дейді.
Ол үшін мысықтың тапсырмасын орындап жіберейік. Кім дұрыс шығарса сол оқушы мысықты алады.
Мысықтың тапсырмасы: 1 - тапсырма (ауызша есептеп шығару.)

Өзінше ноян,
Қорқақ не?...
(Қоян)
Сәбіз жегім келіп тұр дейді. Қоянға сәбіз жинап берейік.
Кім сәбіз жинасады?
Төрт сәбіздегі № 2
Баған түрінде есептеп және дұрыстығын тексер.
№1 (сәбіз) 359+ 67=426
№2 (сәбіз) 56 + 485 =541
№3 (сәбіз) 561 – 209 =352
№4 (сәбіз) 888 - 619 = 269
Қоян сендерге рахметін айтуда, енді сендерге үйге тапсырма берейін дейді.
Үйге тапсырма: 4 - тапсырма(108бет)

- Балалар, ит сендерге «Кім жылдам»ойынын ойнайық дейді.
№3. Өз бетімен жұмыс. Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыру.
х =: =

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

Өзі қу
Жүрген жері айқай ду.
(Бұл не?)
(Түлкі)

Түлкі түсті қақпанға
Жортып келе жатқанда.
Қақпанынан босатайық, босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
Балықтар суреті.
«Есе артық, есе кем» деген тіркесті пайдаланып, сурет бойынша бір, екі амалмен шығатын есептер құрастыру.
7 - тапсырма.
«Топтастыру стратегиясын»жүргізу.
Әр топтан кез келген сандарды алып, үш таңбалы сандар құрастыру. Оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу.
Жазған санда неше ондық бар? Жүздіктері қанша? Бірліктері қанша?
700+80+8= 780 0 - бірлігі бар, 8 - ондығы бар, 5 - жүздігі бар.
500+20+ 1= 521 1 - бірлігі бар, 2 - ондығы бар, 5 - жүздігі бар.
Түлкі сендерге рахмет айтуда.

№6
Туғаннан жаңғақ жеп жетілген
Бұтақтан - бұтаққа секірген.
Бұл не?
(Тиін)
Тиін қысқы саңрауқұлақтарды кептіріп жинап жүр.
Біздерде тиінге өз көмегімізден аянып қалмайық.
Логикалық есеп.
Тігінен де, көлденеңінен де қосқанда 9 шығатындай, бос орынға 1, 2, 3, 4, 5 сандарын қой.
Сұрақ белгісінің орнында қай сан тұрады?

Бағалау:
Үй тапсырмасын беру:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
5 - ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру. 1. Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау.
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау. Ой - өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Домаева Шахизада Абдикаримовна
2-ге  көбейту
2-ге көбейту
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×