Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңдар. Үй жануарлары. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Аңдар. Үй жануарлары. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін кеңейту, аңдар және үй жануарлары туралы айтып, әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, аңдардың, үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

ІІ. Өткенді қайталау:
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Жемістер жайлы әңгімелетемін.
Дауысты, дауыссыз дыбыс түрін пысықтатамын.
Сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.
Сұрақтар қоямын.
- Жемістерге нелер жатады?
- Жемістердің қандай түрлері бар?
Сергіту сәті
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушылардың өздері білетін аңдары мен үй жануарлары туралы әңгімелетемін.
Берілген суреттер арқылы аңдардың, үй жануарларының түрлерін таныстырамын.
Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды аңдар дейді. Олардың жүндері қалың болғандықтан, қыста тоңбайды. Табиғатта жабайы аңның түрі көп - ақ. Олардың ішінде пайдалысы да зияндысы да бар. Қасқыр мен түлкі - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы, сезімтал. Өздеріне керекті жемістерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу. Мұнда буынның дауысты дыбысқа байланыстылығына көңіл аударту.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Деген сұрақ қою арқылы жауаптары талданады.

Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Қасқыр, түлкі, жолбарыс, арыстан.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Мен зообақтан қасқыр көрдім. Түлкі қу аң.
Бие мен құлынның суреттеріне сәйкес сөйлемдер құрап, әңгімелеу.
Балаларға суреттерді көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Жекеленген сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасатамын.

Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Оқушыларға 9 - беттегі материалдарды пайдаланып сызу жұмыстарын жүргіземін.
Суреттердің атауларын сөз схемасына салдыртамын.
Жұмбақтар жасырамын.
Мынау оған керегі,
Балды жақсы көреді.
Қыс бойы жылы апанда,
Ұйықтау оның өнері.
(Аю)

ІҮ. Сабақты қорыту:
Үй жануарлары мен аңдар туралы әңгімелеп береді.
Сөйлемдер құратамын.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарға тоқталамын.

Ү. Үйге тапсырма:
Суреттермен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау - мадақтау:
8 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғалиева Ақнұр Түлкібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×