Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алладиннің сиқырлы шамы

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Аладиннің сиқырлы шамы»
Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жылдық ертеңгілік

Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, жылан, Аладдин, жын, фея, Шехерезада, бармалей, 1 - қарақшы, 2 - қарақшы, айдаһар.
Музыка әуені ойнайды. Сахнаға Фея шығады.
Фея:
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық маскарад,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!
(Шығыс музыкасы ойнайды, қолында шамын ұстап Аладдин, Шехерезада, айдаһар кіреді)
Аладдин: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен кіммін?
Балалар: Аладдин.
Аладдин: Мен сендерге жалғыз келген жоқпын, өзіммен бірге достарымды ала келдім.
Шехерезада:
Менің атым - Шехерезада
Қиындыққа түскен балаға
Көмектесемін шақырғанда.
Айдаһар: Балалар, мен айдаһар жылы өтіп келемін, сендермен қоштасуға келдім. Келе жатқан жыл сендерге жақсылық, мол ырыс алып келсін!
Фея: Рахмет, айдаһар, сен біздің балалардың өнерлерін тамашала, төрлет.
Аладдин: Мерекелер бізде аз емес, бірақ ең тамашасы шырша тойы.
Шехерезада: Қанекей, балалар, ойын ойнайық, ойынның аты «Қателеспе». Қазір мен сендермен санаймын, бір дегенде бәріміз бір деп айтамыз, екі санына келгенде үндемей екі рет секіреміз, үш санын хормен айтамыз, төрт санына келгенде дауыстап айтпай төрт рет шапалақтаймыз, бес санын хормен айтамыз. Кәнекей, бастайық!
(Ойын ойналады)
Фея: Жарайсыңдар балалар! Ал енді шыршаны айналып ән айтайық.
(Балалар шыршаны айналып ән айтады)
Аладдин: Тамаша, сендер әлемде ең ақылды балалар деп еді, солай ма?
Балалар: Иә.
Аладдин: Шырша тойына бәрі дайын ба?
Айдаһар: Иә, Аладдин, қарашы балалардың жаңа жылдық костюмдері қандай әдемі.
Шехерезада: Бәрінің де көңіл - күйі көтеріңкі.
Аладдин: Айналада бәрі ұлпа қарлар сияқты жарқырап тұр, тек менің шамым тазаланбаған. Кішкене уқалап, тазалайын.
(шамды женімен уқалайды, музыка ойнайды, Жын шығады)
Жын:
Мен Жын - ежелгі ертегідеммін,
Бұл құпия емес,
Мен шамның ішінде 5000 жыл тұрамын.
Шамның иесі кім болса, сол менің әміршім.
Әміріңізге құлдықпын!
Аладдин: Сен кімсің?
Жын: Таныған жоқсын ба? Мен Жынмын, мына шамның құлымын. Сенің кез - келген әміріңді орындауға дайынмын!
Аладдин: Міне, ғажап! Мен шам сиқырлы екенін ұмытып кетіппін. Балалар, Жыннан не сұраймыз? ( балалар жауап береді)
Айдаһар: Ертегі сұрайық.
Шехерезада: Әрине сиқырлы.
Жын: Әміріңізге құлдықпын (үш рет қол соғады). Ертегіге түсу үшін, би билеу керекпіз бәріміз.
(Буги - буги биін билейді, би кезінде Аладдин, Шехерезада, Жын, айдаһар кетіп қалады, бидің соңында музыка тоқталады, айқай – шумен Бармалей және оның достары жүгіріп келеді)
Бармалей мен оның достары:
Біз мектепте оқымаймыз,
Әріпті де танымаймыз.
Кішкентай кезден адамдарды жек көреміз.
Әсіресе балаларды!
1 - қарақшы: Біз достықты жек көреміз.
2 - қарақшы: Істейтініміз жамандық.
Бармалей: Бәрі маған назар аударсын! Сиқырлы шам Аладдинда! Оның көмегімен ол көп ізгілік жасауы мүмкін!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 663
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жыл мерекесін сезінуге үйрету, киіпкерлерге қызығышылығын ояту, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Музыка ойнап тұрады.
Балаларға арналған жаңа жыл кеші (Сценарий)
Балаларға арналған жаңа жыл кеші (Сценарий)
Балаларға арналған жаңа жыл кеші (Сценарий)
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×