Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты мен міндеттері: Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, жануарлар дүниесін қорғау туралы түсінік беру.
1. Білімділік: жануарлардың көптүрлілігі, мекен ортасы туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған ұғымдарын сабақтастырып жазып айтуға үйрету.
2. Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: схемалар, жануарлар суреттері
Әдіс - тәсілдер: топтық, талдау бақылау, әңгімелеу, ойын, сатылай кешенді талдау.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, өзін таныстыру. Интер тақтадан видео көрсету.
Өз сыныбымен таныстыру. Олардың беріп жіберген сәлемдемелерімен танысу.

ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Сабаққа жақсы қатысып,
«5»- ке қолды жеткізу
Әр топтың алдында менің сыныбым берген сәлемдемесі бар, сыртында әр топтың аты жазылған.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топ: Адамдар тобы
2 топ: Жануарлар тобы
3 топ: Өсімдіктер тобы
Әр топтың өзіме көмекші таңдап алғым келіп отыр, ең жақсы оқитын оқушы болу керек.
Олар тілші, әдебиетші, биолог болады, бізге тапсырмалар береді.
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Биолог: Өткенді қайталау:
Суреттегі жануарларда ата
Ол жануарлар туралы не білесің?
Сүтқоректі жануарлар деп неліктен айтады?

Өте жақсы, енді кезекті тілшінің тапсырмасына назар аударайық.
Тілші: Балалар, қазір сендермен «Тез, әрі нақты жауап бер» ойынын ойнаймыз.
1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
2. Өсімдіктердің алуан түрлілігін, ерекшелігін қалай білеміз?
3. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата?
4. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
5. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
6. Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата?
7. Өсімдік әлемі адамның қамқорлығына не үшін мұқтаж?
8. Өсімдіктер елімізде қалай қорғалады?
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Әдебиетші:
Сөзжұмбақ диктант жаздыру.
1. Жануар сөзін көпше түрде жазып, (- дың жалғауын қосып айтқандағы сөзді жаз. 1 - т
2. Орны ауысқан әріптерді орналастырып жаз: табиғаттығы – абитағатығыт 1 - т
3. Мына әріптер мен дыбыстардан сөз құра: және - е, н, ж, ә. 2 - т
4. 2 а, 1д, 1м әріптерінен сөз құра: адам 2 - т
5. Артық әріптерді алып тастағандағы сөзді жаз: өміріндегі - көміртіндезегі 3 - т
6. Ол машинада болады, сол сөзге – і қосымшасын қосып оқы. 3 - т
Қандай сөздер құрадық оқып көрелікші, сонда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

3. Ой шақыру.
Мына байланысты анықта:

Жануар------өсімдік --------адам
Жануарлар бір - бірімен қандай байланыста

Сергіту сәті: Әуен жүреді.
Әдебиетші:
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сатпаймыз.
Қол көтерсем солтүстік
Топ - топ бассам оңтүстік
Қолды созсам жан - жаққа
Көрсетеді бағытты
Батыс пенен Шығысты
Иіліп сәлем берейік,
Экватор белде деп
Белді бұрай қозғасақ,
Сағат тілі Батысқа
Жер айналар Шығысқа.
4. Кітаппен жұмыс.
Енді бәріміз кітапқа қарап мәтінді жалғастыра оқиық.
Талдау, түсіну, талқылау.
Тілші: Оқылған мәтін бойынша сұрақтар беремін, сол сұрақтарға нақты жауап беріңдер.
1. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы әңгімелеңдер.
2. Не себепті кей жануарларды санитарлар деп атайды?
3. Қандай жануарларды адам досы деп санайды? Неге?
5. Жаңа білімді бекіту:
Биолог: Енді бүгінгі сабақта қаралған мәселелер бойынша оқушылар қандай білім алды, соны тексеріп көрейік.

6. Сатылай кешенді талдау:
Жануардың аты
Жануарлар тобы
Қай жерде мекендейді?
Немен қореқтенеді?
Пайдасы
Зияны
Өз пікірің

7. Экологиялық есептер:
1. Бір илеудің құмырсқалары 1тәулікте 20 мың зиянкес жәндіктерді құртады. Ал үш тәулікте қанша зиянкестерді құртады? (60 мың)
2. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)
3. 1 Бұлан қыс уақытында тәулігіне 12кг шөп жейді екен. 2 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек? (24кг)
4. Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50см. Осындай 3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша болады?(150 см)
5. Ақ аюдың дене тұрқы 3м, салмағы 1000кг дейін жетеді. Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?(2000кг)
6. Тоқалтістер аязды күндері ұйықтайды. Сондықтан олар қоректі көп жинайды. Кейбір індерде 4кг дейін дән жиналады. Осындай 3 інде неше кг дән болады? (12кг)
8. Сабақты қорыту:
Әдебиетші: Өздеріңе ұнайтын жануар туралы әңгімеле:

Тілші: Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Биолог: 1. Қандай тақырыппен таныстық, қай жұмыс сіздерге ұнады?
9. Бағалау: кестені өздері толтырып ұпай санын санау, бағалау.
5 баға - 7 - 9 ұпай
4 баға - 4 - 6 ұпай
3 баға - 2 - 3 ұпай

Сонымен 3 топ бірлесе жұмыс жасадық, ортаға келіп, біріміз бірімізсіз өмір сүре алмаймыз, бір бірімізге керек екенімізді білдіріп қолымызды ұстап топ атымызды айтып; « Әрқашан дос біргеміз» деп хормен айту.
10. Үйге тапсырма:
145 - 147 бет түсініп оқу, 1, 2 тапсырманы орындап келу.
8 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жангировна
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×