Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандарды салыстыру

18 мам 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
«Сандарды салыстыру»
Оқушыларға сандарды салыстыруға үйрету артық, кем «» таңбаларымен жұмыстарын нығайту; артық және кем таңбаларымен «» жұмыс істеуге баулу екі жиынтықты теңестіре білу.
Міндеттері:
Таңбаларды, терминдерді орынды пайдалану және бір таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру біліктерін қалыптастыру.
Салыстыра отыра дұрыс сөйлеу мәдениетін сақтау
Ұзындықтарды өлшеп, салыстыру
Заттарды әр түрлі белгілеріне қарап салыстыра білу
Салыстыру нәтижелерін білдіретін терминдерді орынды қолдана білу
Сабақтың түрі:білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағы

Сабақта қолданылатын әдістер:
Сұрақ - жауап, ережемен жұмыс, логикалық тапсырмалар, есеп шығару
Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор, оқулық, дәптер, поезд
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, бейнелеу, музыка, дүниетану
Сабақтың барысы:

4- слайд
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
- Рахмет балалар отырыңдар! Сонымен, балалар бүгін біздің сабағымызда қонақтар келіп отыр. Бүгін сабақ ерекше.Сендермен бірге Алишер мен Алма поезға отырып саяхаттауға шыққалы тұр. Бүгін сабақта Біз сендермен «Сандардың әлеміне» саяхатқа поезбен жүргелі тұрмыз. Жолдағы әр бекетте Бізге тапсырмалар әзірленген.Дұрыс шығарып отырсақ әрі қарай жылжи береміз.Шығармасақ, тапсырманы орындай алмасақ жолымызда бөгет күтіп тұрады.Сабақта есеп орындай отырып, оларды салыстыруға үйренеміз. Сабақтың тақырыбы «Сандарды салыстыру».Артық және кем таңбалары.

7- слайд
Алғашқы кездесетін бекетіміз «Есеп».Тапсырманы тиянақты және дұрыс есептеп шығарамыз.Сонымен, сәт сапар балалар.
- Өте жақсы сонымен балалар әрі қарай жылжиық.
8 – слайд - 18 слайдпен жұмыс
Келіп жеткен бекетіміз «Заттармен жұмыс». Алинұр мен Алма сендердің шапшаңдықтарыңа таң қалып отыр.Осы бекеттердегі тапсырмаларды әрі қарай шапшаң орындап жылжи берейік алдыда әрі талай қызықтар толып жатыр.
- Тапсырманы тиянақты оқып, орындайық.
- Дұрыс тапсырмалар жақсы орындалды.
Поезд әрі қарай өзінің кестесі бойынша жылжыды.

19- слайд
Балалар бұл сандарды қалай атаймыз. Бір таңбалы немесе екі таңбалы сандар.
- Әрине бір таңбалы сандар, Ал неге біз оны олай атаймыз?
- Екі таңбалы сандарды деп, қандай сандарды атаймыз.
- Өте тамаша Алинұр және Алмамен бірге жолымызды жалғастырайық.

20- слайд
- Бұл бекет « есте сақтау » дейміз, берілген кеңесті ұмытпауға тырысамыз.
Есіңде сақта: Нөлге жақын сандар кем болса, артық нөлден жоғары сандар болады.
21- слайд
Ал мына бекетте қызықты тапсырмаларды орындамай, әрі қарай жылжи алмаймыз.
Жазуларға қара. Артық кем сөздерін таңбалармен ауыстырып қой «»
22- слайд
4 санынан үлкен сандарды жазып көрсет
23- слайд

24- слайд СЕРГІТУ СӘТІ
Ой ал бұл бекетте қандай тамаша әуен орындалып жатыр. Поезд өзі тоқтауға мәжбүр болды.
- Жануарлармен бірге билеп, көңіл көтерейік.
- Ой рахмет бір - бірімізге шапалақтап құрмет көрсетейік.

Оқулықпен жұмыс.
- Оқулықтағы тапсырмаларды тиянақтап орындайық балалар.Поездің тұратын уақыта 12 минут. Үлгереміз бе балалар Өте тамаша.
(оқулықтағы тапсырмаларды орындап, тақтамен жұмыс жүргізіледі)
25- 30 слайдтардағы тапсырмалар қорытындылау.
- Міне балақайлар біз өзіміздің бекетке айналып жеттік.Бекетіміз № 25 орта мектеп.
- Сабақта саяхаттау ұнады ма?
- Бұл сабақта біз нені біліп, үйрендік?

- Тамаша Алинұр мен Алма біздің саяхатымызда өздеріне деген көп білімдер жинап алды. Сендерге деген ризашылықтары мол. Келесі сабақтарда тағы да осындай қызықты, шапшаң, білімдерін жарқырап тұрсын деген тілекпен қоштасады.
10 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Саудаға қатысты есептер
Саудаға қатысты есептер
сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу.
Салыстыру
Салыстыру
Балаларға сандарды салыстыруға үйрету, таңбаларымен таныстыру және шартты өлшем бойынша заттардың биіктігі мен ұзындығын, түсін, пішіні бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Артық, кем, тең
Артық, кем, тең
Бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады; Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×