Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есеп. Салыстыру

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1. Есеп шығару, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту.
2. Есептерді жазуға және салыстыруға. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруды қолдану біліктілігін дамыту.
3. Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.
Көрнекілігі: Тапсырма жазылған слайдтар
Сабақ түрі: қайталау
Сабаққа әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындау, түгендеу
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын.
2. «Мен ұнататын түс»
Сол түстер бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу
«Қызылдар, жасылдар, сарылар»тобы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Сен мұны білесің»
№ 4, 128 - бет
«Ойлан, тап»
1. Аптада неше күн бар? (7 күн)
2. Бүгін аптаның нешінші күні? (Бейсенбі, төртінші күні)
3. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
4. Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
5. Қосу амалының қасиетін айт. (ауыстырымдылық қасиеті)
6. Географиялық фигураларды ата.
(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, кесінді, сәуле)
7. 5 санының көршілерін атап бер. (4, 6)
8. 6 санының құрамын айтып бер. (5+1, 4+2, 3+3)
9. Санды немен белгілейміз? (цифрмен)
10. Мына сандарды өсу ретімен орналастыр
4, 1, 3, 2, 4 - П, 1 - Е, 3 - Е, 2 - С. Сонда қандай сөз шықты? (Есеп)
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Есеп. Салыстыру
Есептің шартты белгілерін рет - ретімен орналастырыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Ізденемін, ойланамын»
№1. Оқы. Есептерді салыстыр. Оларды шығар.
А) Ойыншық жасау үшін Дәурен 10 см қызыл және 5см жасыл жолақша қиып алды. Қызыл жолақша жасыл жолақшадан неше сантиметр ұзын?
Қызыл жолақша - 10 см? ұзын
Жасыл жолақша - 5см
Ш: 10см - 5см=5см
Ж: қызыл жолақша 5см ұзын
Есеп не туралы.
Не белгілі, не белгісіз?
Ә) Абзал 5см қызыл және 5см жасыл жолақша қиып алды да, ойыншық қайықтың бүйіріне желімдеді. Абзал барлығы неше сантиметр жолақша желімдеді?
Қызыл жолақша - 5см
Жасыл жолақша - 5см
Ш: 5см +5см=10см
Ж: барлығы 10 см
Есептерді салыстыру
Ұқсастығы: 1Мазмұны: екеуі де жолақшалар жайлы, екеуі де есеп,
Айырмашылығы: 1 – есепте неше сантимерт ұзын екендігі, 2 - сінде барлығы неше сантиметр жолақша екендігі сұралған.
«Мұны сен істей аласың, сенің қабілетің бар»

Айырмаларды ата.
Оларды мәндерінің өсу ретімен жаз.
4 - 4=0 ---------------- 5 - 5=0 ---------- 6 - 6=0
4 - 3=1 ---------------- 5 - 4=1 ---------- 6 - 5=1
4 - 2=2 ---------------- 5 - 3=2 ---------- 6 - 4=2
4 - 1=3 ---------------- 5 - 2=3 ---------- 6 - 3=3
4 - 0=4 ---------------- 5 - 1=4 ----------- 6 - 2=4
--------------------------5 - 0=5 ----------- 6 - 1=5
--------------------------6 - 0=6
«Тездет, бірақ қателеспе»
1. Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым
Екі дәптер, бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы да алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды,
Қолда бәрі? (6)
2. Табақта 6 өрік
Қолымда 2 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (8)
3. Тал басында тізіліп
10 жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (4)
4. Аулада 3қаз, 2тауық жүр. Барлығының аяқтарының саны нешеу? (10)
5. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Барлығы неше мысық отыр? (4)
6. Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орналасқан.
Шаршы қай жерде? (ортасында)

Сергіту сәті

«Бұл сендерге өте қажет»
1 - ден 5 - ке дейін екі тілде санау
1, 2, 3, 4, 5 - 1, 2, 3, 4 - 1, 2, 3 - 1, 2, 3 - 1, 2 - 1
«Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін»
№3
5, 4 және 9 сандарымен тура теңдіктер құр.
8, 3, 5
7, 2, 5
5+4=9 ------------- 5+3=8 ----------- 5+2=7
4+5=9 ------------- 3+5=8 ----------- 2+5=7
9 - 4=5 ------------ 8 - 3=5 ----------- 7 - 2=5
9 - 5=4 ------------ 8 - 5=3 ----------- 7 - 5=2
«Есіңе сақта»
Шығармашылық тапсырма:
Әр суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

«Сендер мақсатқа жеттіңдер»
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау
«Қорықпа, бұл сенің қолыңнан келеді»
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Оқушылардың есептерді теңдеу құру арқылы шығару тәсілдері жөнінде білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын жетілдіру;
5 - ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру. 1. Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау.
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау. Ой - өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту. Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
7+2 түріндегі  есептеу.
7+2 түріндегі есептеу.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна Тақырыбы: 7+2 түріндегі есептеу. Мақсаты: 7+2 қосу кестесін және жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Міндеттері: Оқушылардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×