Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыныс генетикасы

26 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы
Мақсаты:
1. Оқушылардың жыныс генетикасы туралы білімдерін одан әрі дамытып, толық ақпарат беру.
2. Оқушылардың генетикалық есеп шығару дағдысын қалыптастырып дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге өз ойларын айта білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар өздеріне керекті білімді алу жолында әрекет етеді.
2. Ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнайды.
3. Интерактивті тақтаның барлық мүмкіндігін пайдалануды үйренеді.
4. Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады.
Сабақтың көрнекілігі: «Жыныс генетикасы» тақырыбында электрондық оқулық, «Томас Морганның зертханасы» электронды оқулық, Генетикалық есептер жинағы
Сабақтың типі: Білім және дағдыны қолдану.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: С Т О, салыстыру, талдау, ой қорыту.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
Б) Жоқ оқушылар белгіленеді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Блиц сұрақтары:
1. Гендердің әрекеттесуінің неше түрі бар?
2. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар?
3. Аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын не дейміз?
4. Бір геннің екінші генді басып, оның белгісін жойып жіберетін генді не дейміз?
5. Белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендер қандай?
6. Бірнеше геннен тұратын аллельдерді не дейміз?

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Қызығушылықты ояту
Барлық тірі ағзалар көбеюіне байланысты нешеге бөлінеді?
Жынысты дегенді қалай түсінесін?
Ал, «генетика» ұғымына байланысты не айтуға болады?

2. Мағынаны тану.
Бүгінгі тақырыпты ашып, зерттеу үшін, 3 - топтың оқушыларына нақты тапсырмалар беріледі.
І топ. Жынысты хромосомаға сипаттама
ІІ топ. Томас Морганның зерттеген тәжірибелері
ІІІ топ. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар.
Оқушыларға уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар іздене, өз бетімен жұмыс істейді, ой бөліседі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша талдап, қорғайды. Интерактивті тақтаны пайдаланады.
ІІ топ «Томас Морганның зертханасы» электронды оқулығын пайдаланады.
Мұғалім «Жыныс генетикасы» тақырыбында электрондық оқулықты пайдаланып, қосымша материалдармен толықтырады.

3 Толғаныс.
Генетикалық есептер шығару
І топқа Шешесі сау ХН ХН гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын Хh У от басының ұрпақтары қандай болмақ. Гемофилияны бақылайтын ген рецессивті Х хромосомада орналасқан.
ІІ топ Егер шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы ХН Хh, ал әкесі ауру болған жағдайда Хh У отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
ІІІ топ. Әкесі сау ХНУ шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы ХНХh болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?

ІҮ Қорытынды.
Барлық топ мүшелеріне тапсырма беріледі.
Ойланып, жауап беріңдер
Жыныспен тіркескен гендердің тұқым қуалауын білудің қандай практикалық маңызы бар?
Әр топ өз ойларын ортаға салады.

Ү Бағалау.
Әр топтың топ басшысына сөз беріледі. Олар бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің білім деңгейіне тоқталады.
Мұғалім бағалау парағына сүйене отырып, оқушылардың білімін бағалайды.
ҮІ Үйге тапсырма беру.
§45 Сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар
«Тұқым қуалайтын аурулар» тақырыбына қосымша мәлімет әкелу.
6 056
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Отбасын жоспарлау орталығына келгенде, ең бірінші, болашақ ата - ананың ана мінезі қаралады, яғни, олардың туған - туыстары туберкулезбен, басқа да тұқым қуалайтын, психикалық аурулармен ауырған - ауырмағаны тексеріледі. Ол үшін отбасын жоспарлау
Адам генетикасы
Адам генетикасы
Медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектеп. Биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Ағзалардың көбею түрлері. Мейоз. Жыныс жасушаларының дамуы
Ағзалардың көбею түрлері. Мейоз. Жыныс жасушаларының дамуы
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалык колледжінің мұғалімі Смаилова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×