Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елді асыраған - құмаршық

29 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Атырау облысы, Индер ауданы,
Елтай ауылы, М. Сиранов орта мектебінің мұғалімі
Фарида Темірболатова, Айдана Нұржанова

Тақырыбы: Елді асыраған - «Құмаршық»
Мақсаты: Оқушыларға құмаршық өсімдігі туралы жалпы мағлұмат беру және Ұлы Отан соғыс жылдарында құмаршық өсімдігінен ұн жасап, нан пісіргенін, май алып, тағамдық та малазықтықта маңызы зор екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақтадағы ауыл бейнесі, және т. б.
Түрі: сахналық қойылым.

Жүру барысы:
Соғыстың кезі. Азаматары соғысқа аттанып, елде қалған кемпір мен шал, бала - шаға.
Шал: Ей, кемпір балаларды шақыр, бәріміз күнделікті жұмысымызды бастайық. Соғыста жүргендер қайбір жетісіп жүр дейсің. Кеше ауылдағы басқарма шақырып, біздің шаңыраққа 50пар шұлық пен қолғап тоқуды тапсырды. Соны үлгеруіміз керек, майданға жібереміз деген.
Кемпір: Милена сен шапшаңдап жүн түт, ал Шырай, Аружан екеуің бесинемен нәски, Айгерім мен Гүлбаршын сен екеуің қолғап тоқыңдар, мен жіп иірейін.
Келін: Ене бүгінгі кешкі асқа не дайындайын? Үйде ештеңе жоқ. Шынболат екеуміз сауып алып келген қойдың сүті мен ірімшігі бар, оларды да майданға жіберуге дайындап қойғанбыз.
Кемпір: Ана бұрыштағы кішкентай дорбада құмаршық бар содан нан пісіріп көрсейші.
Шал: - Кемпір құмаршық та таусылған болар, біз Данияр балам екеуміз «Досай» құмынан барып құмаршық қағып келейік екі түйемен кетеміз ғой.
Алпамыс: Ата, әже құмаршық деген не?
Кемпір: Гүлбаршын құмаршық туралы сендер айтып берсеңдерші, себебі дайындауға Алтынгүл екеуің бардыңдар ғой.
Гүлбаршын: Иә шеше. Бұл өсімдік қос жарнақтылар класы, Алаботалар тұқымдасы, құмаршық туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 - 100 см. Сабағы түп жағынан бастап тармақталып өседі. Жапырағы қандауыр пішінді әрі тікенекті болады. Тамыз - қазан айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі 3, 5 - 5, 5 мм дей түксіз үлпілдек қанатты дәнек. Тұқымы жұмыртқа тәрізді алқызыл түсті келеді.
Алпамыс: Сонда бұл қайда өсетін өсімдік?
Алтынгүл: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан аймағының Мойынқұм құмды алқабындағы еспе құмда өседі. Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында жиі кездеседі.
Гүлбаршын: Құмаршық – мал азығы. Сүрлемге салынады. Оның тұқымынан ұн жасап, нан пісіреді жай ботқа да жасайды. Тұқымынан май алынады, ол күнбағыс майынан бірде - бір кем емес. Құм көшкінін тоқтату үшін де есіп өсіреді.
Шал: Ауылды аштықтан құтқарып асырап отырған осы өсімдік қой шырақтарым.
Кемпір: Иә, күз болғанда құмаршық қағуға, айлап кететінбіз. Содан 2 қапқа бөліп жейтінбіз. Ерінбей еңбек етіп, қиыншылықты бірге жеңетінбіз.
Шал: Соғыс тезірек аяқталып, елде тыныштық болса екен.
5 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі.
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші - сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі: Хамзина Аймангуль
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Рейхстагқа ту тіккен - Рахымжан Қошқарбаев
Мақсаты: Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, ауылымыздан қатысқандар батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×